1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


 билет  1. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және



Pdf көрінісі
бет19/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
13 билет 

1. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және 

мемлекеттік қызметтері. 

2. 1980 жылдың екінші жартысындағы Қазақ КСР-нің әлеуметтік-

экономикалық және саяси жағдайы. 

3. Қазақстан Республикасы дамуындағы «Қазақстан - 2050» (2012ж.) 

стратегиясының мақсаттары мен артықшылықтары. 

 

1) А. Байтұрсынов - І-ші жалпықазақтың съездің қортындасында «Алаш» 

ұлттық саяси партиясы құрылды. Әлихан Бөкейханов қазақ халқының көсемі, 

партия басшысы болып сайланды. Бірақ қоғамда аласапыран ахуал 

қалыптастырған большевиктердің төңкерісі Ахмет Байтұрсынов және оның 

серіктерінің қазаққа дербес ұлттық автономия алып береміз деген әрекеттерін 

тұйыққа тіреді. Алаш қозғалысы білімсіз кедей-кемшіктің қалың тобырына 

арқа сүйеген жүгенсіз коммунистік қозғалысқа қарсы тұруға ол заманда 

қауқарсыз еді. Осыны түсінген және халқымен бірге болуды ойлаған Ахаң 

1919 жылдың наурызында Кеңестер өкіметі жағына өтті, алғашқы өлкеде 

құрылған Революциялық комитет құрамына енгізілді. Ахаңдай ірі тарихи 

тұлғаның беделі уақытша болса да большевиктерге де қажет болды. Ол екі 

жылдай Республика халық ағарту комиссары қызметінде болып, қазақты 

ағарту ісіне, осы саланы аяғынан тұрғызуға қыруар еңбек сіңірді. Қазақ 

халқының қоғамдық ой-санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар 

А.Байтұрсыновтың есімімен байланысты. Ол бейбіт ұлттық либерализмнен 

Октябрь революциясын және Совет өкіметін тануға дейінгі саяси даму 

кезеңдерінен өтті 

М.Дулатов - Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі. 

М.Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы 

қауым өкілдері сол қоғамның ең өзекті мәселесі отарлық езгіге қарсы ұлттың 

санасын оятып, оны қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық 

қызметтерімен де, қоғамдық-саяси қызметтерімен де алға шығып, қалың 

қазақ халқын соңдарына ілестіре білді. Қазақ халқының бойындағы ұлттық 

рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай 

күресті. Осы мақсатта «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттері арқылы орасан 

зор жұмыстар атқарды. Жастарды қоғам ісіне тартуда, олардың ой-

санасының жетілуіне қажетті мәдени-ағарту саласында жүргізген қызметтері 

ұшан-теңіз. 



М.Тынышбаев - Мұхамеджан Тынышбаев кәсiби қызметiнде Жетiсу жол 

құрылысы, Қызылорда, Алматы қалалары сәулет-ғимарат нысандарын 

жобалау және салу, Түркiстан-Сiбiр темiр жолын тұрғызу тәрізді ірі 

техникалық туындыларын қалдырып үлгерді. Әсіресе тұңғыш қазақ 

инженерінің атақты Түркiстан-Сiбiр темiр жолын салудағы еңбегi өлшеусiз 

[6]. Қазақстан көлік және коммуникация әлеуетін қалыптастыруда 

Мұхамеджан Тынышбаевтың көшбасшы екенін бүгінгі ұрпақ ұмытпағаны 

ләзім. Кеңес үкіметі Алаш зиялыларының іс-әрекеттерін жіті назарда ұстап, 

1937–1938 жылдары жаппай жазалауға ұшыратты. М.Тынышбаев 1930 

жылдың тамыз айының 3-жұлдызында кеңес билігі тарапынан саяси 

қуғындауға түсті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет