1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі



бет63/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83
23.Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
Азамат соғысының алдында Кеңес үкіметінің құрылуының алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы басқару органдары жойылып, жаңа билік жүйесі құрыла бастады. Кеңес үкіметінің жағдайында 1918 жылы 11 мамырда РКФСР-дың Ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссариаты жанынан Қазақ бөлімі құрылды. Ал 1919 жылы 10.07. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ережені» қабылдады. Оның бірінші құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангельдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кіреді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып, Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Декрет бойынша, Қазревком өлкені басқаруда «жоғары әәкери азаматтық» орган болды. Оған Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары және Астрахан губерниясындағы қазақ жерлері қарады. Бірақ Ақмола мен Семей облыстары іс жүзінде 1921 жылдың 1-ші жартысына дейін Сібір ревкомының қол астында болды.
1920 жылы 17.08-да РКФСР Халық Комиссары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.
1920 жылдың 26.08. РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылдады. 1920 жылы 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдайды. Ол декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Сейітқали Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және Б.Радус-Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады. 1922 ж. 30 желтоқсанда КСРО-ның құрылуы туралы шартқа қол қойылды. Алғашында ол төрт республикадан – РКФСР, УКСР, БКСР, ЗКФСР (Грузия, Әзірбайжан, Армения) тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет