1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары


Жоспары: Мембраналық ас қорыту



бет16/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Жоспары:

  1. Мембраналық ас қорыту

  2. Асқорыту жолы,маңызы

  3. Сілекей бездері,қызыметі

  4. Өңеш оның қызыметі.

  5. Асқазан сөлінің бөлініп шығу механизмі.

  6. Асқорыту жолындағы сіңіру процесі.

  7. Майлар,көмірсулар,витаминдер және минерал компоненттерінің сіңуі.Сіңу теориясы.

  8. Тоқ  ішектің қызыметі.Тік ішек және дифкация акті.

Лекция мақсаты: Студенттерге мембраналық асқорыту,ас қорыту жолы,маңызы,сілекей бездері,өңеш,асқазан сөлінің бөлініп шығу механизмі мен мейоз,көмірсулар,витаминдерді сіңіруі.Тоқ және тік  ішектің қызыметтері жайлы түсінік беруАсқорту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған  қоректік заттардың күрделі қосылыстардың денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.Адам мен жануарларда ас қорыту ағзалары күрделі.Эвалюциялық даму даму жолынан өткен ,сол себепті тіршілік ортасының жағдайына,қоректік заттардың қасиеттері мен табиғатына байланысты асқорытудың бірнеше түрлері қалыптасқан.

Олар мыналар:

1.Торшалық асқорыту.

2.Торшадан тыс асқорыту.

3.Сыртта асқорыту.

4.Ұжымдық асқорыту.

  Мембраналық асқорыту торша мембранасының сыртқы беткейіне жатысқан немесе сол мембрана құрамына енетін ферменттердің әсерімен жүреді.Бұл ферменттер тек торша беткейімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер етеді,сондықтан асқорытудың бұл түрін жанаспалы немесе қабырғалық асқорыту деп атайды.

12.1.Адам мен жануарларда асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып,тік ішектен бітеді де,ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады.Ішкі жағынан асқорыту жолы кілегей қабықпен қапталып,онда асқорыту бездерінің өзектері ашылады.Ас қорыту жолына түскен қоректік заттар механикалық,химиялық және биологиялық өңдеуге ұшырайды.

 А)Механикалық өңдеу  шайнау атқарады(тіс-жақ)арқылы ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысында шайналып ұнтақталған қорек асқорыту жолының кейнгі бөлімдерінде ондағы ет қабығының жиырылуының әсерінен шайналыып,араласып,қопсып,жылжып отырады.

Б)Химиялық өңдеу асқорыту жолы сөлдерінің әсері мен атқарылады.Ішек-қарын жолы сөлдерінің құрамындағы сілтілер мен қышқылдар қоректі қорыту процесіне дайындайды,ал ферменттер олардың химиялық өзгерістерін тездетеді.

В)Биологиялық өңдеу.Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер фементтерінің әсері мен өтеді.Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдыңғы бөлімдерінде және ішектің кеңейген соңғы бөлімдерінде әсіресе бүйенде алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып(тұрақты жылылық,цопсетті ылғалдық,сілтілік не бейтарп орта, мол және үздіксіз келіп тұратын қоректік заттар),тез көбейіп өседі же, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі.

Сілекей ірі үш жұп сілекей бездері мен ауыз қуысының сілекейлі қабығында орналасқан көптеген майда бездер секреттерінің қосындысы.Сілекей бездері сірлі шырышты бездерге:таңдай,ұрт,тіл түбі бездері,сірлі бездерге-шыңшыт бездері мен ерін бездері жатады.Шырышты бездер тұтқыр ,шырышқа бай сілекей,сірлі бездер-сұйық,электролиттерге бай,құрамында белок пен ферменттері бар сілекей бөледі.Сілекей түссіз жеңіл көрінетін,иіссіз, Ұғімсіз, әлсіз сілттілік реакциялы,тығыздық 1,002-1,012 тұтқыр сұйық.Оның құрамында 99-99,4%су және 0,6-1%құрғақ зат болады.

 Сілекей организмде маңызды рөл атқарады.Ол ауызға түскен қоректі дымқылдап ,оны шайнауды оңайлатады,қорек құрамындағы заттарды ерітіп ,оның дәмдік сапасын анықтауға мүмкіндік береді.Ол денеден су мен минералды заттардың алмасуына қатысып ,қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті сақтауға  мүмкіндік береді,қарындағы қышқылдарды бейтараптайды.

Өңеш мес қарын сағасы мен жұмыршақтың шекарасына жалғасады,сондықтан мал жұтқан азық жентегі жұмыршаққа да,мес қарын сағасына да түседі.Жұмыршақтың түбінде өңеш қатпаршаққа дейн созыла орналасатын  ернеулері шала түйіскен түтікшеге айналады.Оны өңеш науасы деп атайды.Жас төл енесін емген кезде өңеш науасының ернеулері рефлекстік жолмен қабысып,түтікше пайда болады да,сүт қатпаршақ арнасымен бірден ұлтабарға өтеді.Сана малдарда өңеш науасының ернеулері толық қатайып түйіскелді де, жұтылған сұйық мес қарын мен жұмыршаққа құйылады.

Асқазан немесе қарын сөлі деп қарын бездері мен қарынның кілегей қабатының жабынды эпителийінің әрекеті нәтижесінде бөлінетін өнімдерді айтады.Қарын сөлі түссіз ,иіссіз, қышқыл реакциялы сұйық.Ашқарын жағдайында тек шырыш пен нифорус сөлі бөлінеді.Ал қарын түбінің сөлі тек тамақтану үстінде арнаулы қоздырғыш заттардың әсері мен  бөлінеді. Қарын бездерінің сөл бөлу қабілеті қорек сипатына бейімделіп өзгеріп отырады.Қарын бездерінің қызыметі күрделі рефлекс арқылы және нейрогумаралдық жолмен реттеледі.Бұл екі механизм әсерінің өте айқын байқалатыны соншалықты қарын сөлінің бөлінуінде екі кезең анық жіктеледі.

1-ші күрделі реттелетін кезең қабылдағыш қоректің ауыз қуысының сезімтал нерв ұштары мен түрлі талдағыштарға (анализаторларға) әсер етуінің салдарынан туындайды. Қарын сөлі түрлі шартты тітіркендіргіштер(иіс,бейне,дыбыс сигналдары)әсерінен де бөлінеді.Бұл процесс үлкен ми жарты шарларынағы ас қорыту орталығының ықпалымен жүреді.Демек сөл бөлуде шартсыз рефлекстерге шартты рефлекстер қабаттасады.Сол себепті сөл бөлудің 1-ші кезеңін күрделі рефлексттік кезең деп атайды.Түрлі шартты сигналдардың әсерінен бөлінген сөлді И.П.Павлов тәбеттіе сөл деп атаған.Сол бөлудің екінші кезеңі механикалық  және химиялық (асқорыту барысында пайда болады өнімдердің альбумозалар6 пептондар6әр түрлі сығынды заттардың,қарынның кілегей қабығында түзілетін гистомин,гострик сияқты заттардың)тітіркендіргіш әсерлерінен жүреді.Аталған химиялық заттар қарын бездеріне тікелей әсер етпей,сөлдің бөкінуін  нерв ұштарын тітіркендіру арқылы реттейді.Сол себепті сөл бөкудің бұл кезеңін нейрогуморальді кезең деп атайды. Карписөлінің бөлінуі гастрин,энтерогастрин және гистамиин күшейтеді,ал гастрон энтерогастрон-бәсеңдейді.Адам тәулігіне 1.5-2 литр қарын сөлін бөледі.Сору процесі қарынның 4 бөлімінде де орын алады,бірақ ол ұлтабармен салыстырғанда  алдынғы  қарында қарқынды  жүреді.Мес қарыннан су,этил спирті глюказа,сүт,янтарь,құмырсқа қышқылдары,амияк,несепнәр,амин қышқылдары, тимин, кальций, фосфар заттар сорылады.

Азықтың микробиологиялық өңдеуден пайда болған өнімдері тек мес қарында емес,қарынныңбасқа бөлімдерінде де сіңіріледі.Мысалы, қатпаршақта судың 36-34%,ұмқ 40-60%сорылады.Түйенің мес қарын жынының құрамында 83%сұйық зат болады.Бұл сұйықтың 98%-ын су құрайды.Ал, мес қарын сұйығы осмостық қысым деңгейі жағынан қанға ұқсас келеді.

А.Сіңіру деп әр түрлі заттардың торшалар қабаты мен торша аралық саңлаулар арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыі ететін физиологиялық процесті айтады.Сіңіру процесі дененің барлық ұлпаларында орын алады, дегенмен оны атқаруға құрылысы мен қызыметіне байланысты асқорыту жолының эпителиі жақсы бейімделген.

 Сіңіру процесін қамтамасыз етуде ,торша мембранасы мен торша аралық заттар маңызды рөл атқарады.Қазіргі кездегі деректерге сәикес қоректтік заттарды сіңіру процесі үш түрлі жолмен атқарылады су, амияк,түрлі дәрілер, бөгде заттар,физика заңдылықтары осмос, сүзілу(фильтрация6диффузия) негізінде сіңіріледі.Бұл құбұлысқа торша мембранасында мөлшері 4 ангстрем шамасында  майда жасушалардың болуы мүмкіндік береді.Қоректік заттардың біраз бөлігі  пиноцитоз құбылысы нәтижесінде сіңіріледі. Бұл жағдайда оларды жеке трошалар қарбып алып, одан әрі ішкі ортаға өткізеді. Бұл құбылыс әсіресе  жаңа туған жас  организмде кең орын алады. Қоректіе заттар  негізінен иондық, концентрациялық градиентке қарсы бағытта сіңіріледі.Демек бұл торша  мембрананың белсенді қызыметінің нәтижесінде, арнаулы тасымалдағыш заттардың қатысуымен атқарылатын ырықсыз сіңіру жолы.Сіңіру кезінде қоректік заттар  молекуласы бірнеше мембраналық ,торшаның цйтоплазмалық торының микротүтікшелері, осы торшаның камелларға қараған негіздік мембранасы және кашеллардың базалдық мембранасы.Мұндай ырықсыз тасымалдау жолымен табиғй субетраттар амин қышқылдары, моносахариттер, пурин және пиримидин негіздері сіңіреді.

Б.Ас қорту жолының түрлі бөлімінің сіңіру қабілеті әр түрлі. Ауыз қуысында сіңіру процесі айтарлықтай жүрмейді,мұнда тек кейбір дәрілер ғана сіңеді.Қарында да сіңіру процесі онша қарқынды долмайды.Бұл жерде негізінен су, кейбір минералды заттар,глюкоза,спирт сіңеді.Қоректік заттардың ыдырау өнімдері күйіс малының алдыңғы қарнында  қарқынды сіңіреді.Алдыңғы қарынның кілегейлі қабығы қан тамырлары мен жақсы жабдықталған, және оның беткейіндегі түрлер,ұялар, қарталар сіңіру беткейінің ауданын әлдеқайда ұлғайтады.Мес қарында ҰМҚ ,амияк,несепнәр,калий,хлор,фосфор иондары жақсы сіңіріледі. Қатпаршақта су мен ҰМҚ қарқынды сіңіріледі.Сіңіру процесі ұлтабар ұшында да онша қарқынды жүрмейді.Қоректік заттар негізінен аш және мықым ішекте сіңіріледі.Оған ішектің кілегейлі қабығының құрылым ерекшеліктері мен ашы ішекте денеге жеңіл сіңетін ыдырау өнімдерінің түзілуі мүмкіндік береді.

Майлар-глицерин мен май қышқылы, немесе май эмульсиясы түрінде сіңіріледі.Телцерин суда жақсы еритін болгандыктан,оңай сіңіріледі.Май қышқылдары суда ерімейді,сондықтан олардың сіңуі үшін, өт қышқылдары қажет.Орташа ұзындықты тізбектен құралған май қышқылдары(С12)өт қышқылдарының қатысуымен тікелей қанға сіңеді.Ұзын тізбекті май қышқылдары ,моно-диглицериттер,холестерин өт қышқылыменқосылыс түзген соң тасымалдаушылар әрекетінің арасында энителоциттерге өтеді.Бейтарап майлар да мембраналар арқылы эпителиоциттерге сіңеді.Бұл торшаларда үш глецериттер қайта түзіліп, май талшықтары менокретенді қабықпен қапталады да, хиломикрон түзіледі.Хиломикрон құрамында 87%үш глецериттер,7%Фосфаттар 1%белок,5%холестерин болады.Хиломикрондар лимфаға сіңеді.

  Көмірсулардың ыдырау өнімдері қанға глюкоза,фруктоза,галактоза түрінде сіңіріледі. Глюкоза мен фруктоза оңай фосфорланатын қасиеттеріне байланыстықанға шапшаң сіңеді.Аталған өнімдер ырықсыз(белсенді)тасымалдау нәтежиесінде, ал басқа моносахаридтер дифузия арқылы сіңеді.Күйіс малында көмірсулардың ыдырау өнімдері қарында ҰМҢ,ал аш ішекте моносахаридтер түрінде сіңеді.

 Ішектің әр бөлімінде қоректік заттардың сіңірілу қарқыны әр түрлі болады.Белоктар мен нуклеотиттер аш ішек пен мықым ішекте қортылып, сіңіріледі, көмірсулар, минералды заттар,дәрумен дәрілер ұлтабар ұшы мен аш ішектің алдыңғы бөлімдерінде, майлар аш ішектің ортаңғы бөлімдерінде қортылып, сіңіріледі. Өт қышқылының тұздары мен наттий иондары мықты ішекте сіңіріледі.

Тоқ ішекте сіңіру процесі аяқталады.Асқорыту жолының бұл бөлімінде су,ҰМҚ,моносахариттер, амин қышқылдары, амияк, несепнәр т.б. зат сіңіріледі. Күйіс малының тоқ ішегінде 20%белонти-6, көмірсулардың -10 және метиндердің 16% сіңіріледі. Ішек қабырғасындағы екі қабат талшықтары  ішектің күрделі қимылдарын қамтамасыз етеді.Ішек қышқылдары химустпа ас қорыту сөлдерімен араласуына, ішек бойымен жылжуына, біршама шайқалып майдалануына мүмкіндік береді.

 Ішекте қышқылдың бірнеше түрі кездеседі. Олар толқынды, тербелмелі,ырғақты сегменттеу және қарсы толқынды қимылдар(26-сурет)

а)Ішектің тербелмелі қимылдары сақина және бойлама ет қабаттарының жиырылуымен атқарылады.

б)Ырғақты сегменттену қимылы сақина еттердің жиырылып-босаңсуы нәтижесінде атқарылады.

в)Толқынды қимыл ішектің алдыңғы бөлігінің сақина еттерінің жиырылуымен басталады.Осы сәтте ішектің артқы бөлігінің еттері босаңсып кеңиді де, химус солай қарай сығылады.(Ішек қуысындағы осы қоймалжың зат химус д.а)Бұл толқынды қимыл белгілі бір ырғақпен қайталанып отырады.Ішек қимыл рефлекстің және  гуморальді жолмен реттелінеді. Ішек қимылы биологиялық белсенді заттың әсерімен де реттелінеді. Оны окситетсин, гастрин, серотонин,гистомин, престоглондиндер, хомин, энтерокримин күшейтеді,ал адреналин , норадреналин баяулатады. Ішек қимыылдарын белоктың ыдырау өнімдері,өт, сығынды заттар, тұздардың ерітінділері, қышқылдар мек сілтілер де күшейтеді.Аталған заттар ішектің кілегей қабатындағы рецепторлар арқылы рефлекстік, не гуморальді жолмен биологиялық белсенді заттардың бөлінуіне күшейту арқылы әсер етеді.

 Ас қорыту жолында қортылмаған  қорек қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, тығыздалып нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Осы нәәәәжіс массасын сыртқа шығаруды дефекация нәжіс бөлу д.а. Бұл процесс екі кезеңде өтеді:аференттік (нәжіс шығаруға мұқтаждық тудыру және эференттік (нәжіс шығару)кезеңдері.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет