1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру



бет31/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
14.2 Транзисторлар
Транзисторлар– басқарылатын резисторлардың ролін атқаратын аспаптар. Бұл аспаптар қуатты күшейтуге арналған. Қос n-p өтпелігі бар транзисторлар биполярлық деп аталады.
Биполярлық транзисторлар p-n-p (14.6 а суретті қара) және n-p-n (14.6 б суретті қара) өтпелікті транзисторларға бөлінеді.
Биполярлық транзисторлардың жұмысы заряд тасушылардың қос таңбасын пайданалуға негізделген. Биполярлық транзистордың ортаңғы аймағы база деп, ал, бір шеткі аймағы – эмиттер (Э), басқасы коллектор (К) деп аталады. База, эмиттер және коллектордан шықпалы қысқыштар шығарылады. Негізгі ток эмиттер және коллектор арқылы өтеді. База тоғы басқарушы ток ток болып саналады, ол токтың мәні негізгі токтан кіші болады 

а) б)
14.6-сурет
14.7 а) және 14.7 б суреттерде биполярлық транзистордың кірмелі  және шықпалы  сипаттамалары келтірілген. Транзисторлар кілт (ашық – жабық) немесе сызықтық режимдерінде жұмыс істейді.
Өрістік  транзистор деп арнадағы тоғы жаптырық пен құйылмаға берілген кернеудің электр өрісі арқылы басқарылатын шала өткізгішті аспапты айтады. Өрістік транзистордың ерекшелігі: канал тоғы тек бір зарядтың таңбасына байланысты (оң таңба –p-каналда және теріс таңба n-каналында), токтың басқаруы электр өріс пен жасалады. Кедергісі жаптырықтың потенциалына байланысты өзгеріп отыратын аймақты арна деп атайды, арнадан негізгі электр тасымалдаушыларды әкетіп отыратын электрод ағызба (А) деп аталады.

а) б)
14.7-сурет
Арнаға негізгі заряд тасымалдаушы беретін электрод құйылма (Қ) деп аталады, арнаның электр өткізгіш қимасын реттеуге арналған электрод жаптырық (Ж) деп аталады. Жаптырық пен құйылмаға берілетін кернеу p-n –өтпесіне кері бағытта болуы керек. Бұлайша жалғау арна мен жаптырық арасындағы екі өтпенің кедергісін, кернеуді реттей отырып, өзгертуге мүмкіндік береді. Жаптырықтың түріне қарай өрістік транзисторлар екі топқа бөлінеді: басқарушы p-n өтпелі  және изоляцияланған жаптырықтық.
14.8 суретте басқарушы p-n өтпелі  өрістік транзистордың құрылысы, шартты белгісі және шықпалы сипаттамалары келтірілген

14.8-сурет
15 дәріс. Бір фазалы және үш фазалы түзеткіштер 
Дәрістің мақсаты: бір фазалы және үш фазалы түзеткіштердің сұлбаларымен және сыйымдылықтық сүзгіштермен танысу
Әдетте электр тораптарымен айнымалы ток таратылады, ал электроника құрылғыларында энергия көзі ретінде тұрақты ток қолданылады. Тұрақты ток немесе кернеу қоректерінің құрамасына бір фазалы және үш фазалы түзеткіштер кіреді. Түзеткіштер айнымалы токты (кернеуді) тұрақты токқа (кернеуге), анықрағы бір бағытта солықтайтын шамаларға түрлендіреді. Кернеудің солықтауын азайту үшін түзеткіштің қысқыштарына параллель, сүзгі ретінде, конденсатор жалғанады, ал токтың солықтауын азайту үшін түзеткіштің қысқыштарына бірізді шарғы жалғанады. Бұл элементтер жатықтайтын сүзгі деп аталады. Егер жатықтайтын сүзгі ретінде конденсатор алынса, оның сиымдылығын мынау өрнекке сәйкесті табуға болады
(15.1)
Мұнда fнег.гармKс и Rқ –негізгі гармониканың жиілігі, кернеудің солықтау коэффициенті, қабылдағыштың кедергісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет