1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері»



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата18.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#118769
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ҚӘОӘ лекция



1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. 
Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. 
«Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. 
Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу 
құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын 
үйренуден жай білім беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- 
жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ 
арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен 
кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы 
оқушылардың рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге 
деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу 
үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне
адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. 
Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті 
оқытудың басты мақсаты- сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық 
өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- 
әдебиетті 
жан-жақты 
игерту, 
сол 
арқылы 
имандылыққа
инабаттыолыққа, 
парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен 
міндеттері: 
1.Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, 
өнер болғанда сөз өнері екндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру; 
2.Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере 
отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету; 
3.Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. 
Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету; 
4..Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, оны 
әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру; 
5.Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен 
мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру; 
6.Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі 
маңызы туралы білімдкерін қалыптастыру; 
Тәрбиелік жағынан: 
7.Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, 
ізгілікке- адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның 
әдебиеитіне деген қызығушылығына әсер ету. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті 
болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде 
мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе- мұғалімнің оқытуы, екінші 
мәселе- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасы әр түрлі оқу қызметтері, 
оқыту әдістеріне жатады. Сонымен, әдіс-тәсіл де оқытушы мен оқушы арасындағы 
жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет