1. Егде жастағы халық санының, әлеуметтік және демографиялық теңсіздіктің өсуі



бет6/7
Дата01.09.2022
өлшемі29,14 Kb.
#38353
1   2   3   4   5   6   7
Білім берудегі робототехника. Робототехника күрделі технологиялық процестер мен операцияларды автоматтандыруға арналған роботтар мен робототехникалық жүйелерді құрастыруға бағытталған ғылым мен техниканың саласы ретінде экономика, машина жасау, денсаулық сақтау, әскери және адам қызметінің басқа да салаларындағы басым бағыттардың біріне айналуда. Білім берудегі робототехника – жүйелі ойлаудың берік негізін қалайтын құрал; инженерлік шығармашылықты дамыта отырып, информатика, математика, физика, сызу, технология, жаратылыстану ғылымдарының тығыз ықпалдастығы. Робототехника сабақтары болашаққа жақсы негіз қалап, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылығын оятады және инженерлік мамандықты мақсатты түрде таңдауға ықпал етеді.
Ойын арқылы оқыту. Балалар ойындарды жақсы көреді, сондықтан оқыту барысында олардың қызығушылықтарын есте ұстаған жөн. Оқулықтардан алған білімді ойын мәнмәтінінде бекітуге болады. Әртүрлі оқу бағыттары бойынша білім беру ойындарын құрастыруға болады. Ойын арқылы оқытудың көмегімен теориялық ережелерді көрнекі түрде көрсетуге, сонымен қатар балаларға тәжірибеде қолдануға көмектесуге болады.
Сыныпта оқытуда интербелсенді білім беру тәжірибелері жиі қолданылады: дебат, квест, ғылыми шоу және рөлдік ойындар. Геймификация ойын элементтері арқылы оқуды қызықты етуге бағытталса, «ойынға айналдыру» оқытуды модельдеудің бір түрі ретінде ойын жаттығулары түрінде құрастырады. Ойын арқылы оқыту ортасы оқушылардың қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруі маңызды.
Джонатан Кэсси өзінің «Өз сыныбыңыздың деңгейін жоғарылатыңыз» атты ғылыми зерттеу кітабында ойын арқылы оқытуды тиімді оқыту мен оқу тәсілі ретінде қолдаудың сегіз принципін ұсынған:
Ойын арқылы оқыту оқушылардың өз бетінше білім алуына мүмкіндік береді.
Ойын арқылы оқитын оқушылардың табандылығы басым болады.
Ойын арқылы оқытуда өз бетінше жұмыс міндетті болып табылады және барлық ойындарда дамытылып отырады.
Ойын арқылы оқыту әлеуметтік дағдыларды дамытады.
Ойын арқылы оқу оқушыларды өзін-өзі қамтамасыз ететін оқу қоғамдастығын құруға ынталандырады.
Ойын арқылы оқытудың демократиялық және меритократиялық сипаты арқылы тәуекелге қабілеттілік ынталандырылады.
Ойын арқылы оқыту тәсілі ойын табиғатын тиімді қолданумен байланысты.
Ағынға ілесу сезімі ойын арқылы оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет