1. Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, эмс спектрі Электромагниттiк сәуле спектрi



бет1/47
Дата11.12.2023
өлшемі6,59 Mb.
#137730
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

1.Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, ЭМС спектрі
1.Электромагниттiк сәуле спектрi. Көрiнетiн сәуле мен радиотолқындар, рентген ультракүлгiн, инфрақызыл және -сәулелерi-бұлар бiр-бiрiнен толқын ұзындығы (жиiлiгi) бойынша өзгеше электромагниттiк сәуле түрлерi. Толқын ұзындығының (жиiлiгiнiң) өсуi бойынша орналастырғанда бұлар электромагниттiк толқындардың толық спектрiн құрайды, сонда толқын ұзындығы нанометрдiң бөлiгiнен бастап бiрнеше км-ге дейiн өзгеретiн өте кең аралықты алып жатады (1.1-кесте).
1.1-кесте Электромагниттiк толқындар спектрi

Электромагниттiк
сәуле түрi

Толқын ұзындықтар диапазоны

-сәуле

10-2 нм

рентген

10-2 - 1 нм

ультракүлгiн

5 – 400 нм

көрiнетiн сәуле (жарық)

400-750 нм

инфрақызыл

760 нм-300 мкм

микротолқындар

300 мкм-300 мм

радиотолқындар

300 мм-ден бiрнеше км-ге дейiн

Электромагниттік сәуле шығарудың табиғатта ең көп тараған түрі жылулық сәуле шығару болып табылады.
Жылулық сәуле заттың ішкі энергиясы есебінен шығарылады.Сондықтан да, ол температурасы 0К-нен өзнеше кез келген температурадағы барлық денелерге тән.Сәуле шығарудың басқа түрлерінен жылулық шығарылған сәуленің өзнешелігі- ол сәуле шығаратын денелермен тепе-теңдікте бола алады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет