1. Ферменттерді бейорганикалық катализаторлармен салыстыра отырып,сипаттаңыз Ферменттер энзимдер


Иммобилизация әдістеріне, иммобилизденген ферменттерге, олардың қолдану аймақтарына сипаттама беріңіз



бет51/54
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11921
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
42. Иммобилизация әдістеріне, иммобилизденген ферменттерге, олардың қолдану аймақтарына сипаттама беріңіз

Иммобилизделген ферменттер кең көлемде амин қышқылы, витаминдер, қант, антибиотиктер және дәрілер сияқты аса тапшы азық- түліктің және жемшөптік заттар өндірісінде қолданыла бастады. Қазіргі кезде мұндай ферменттерді қолданатын кәсіпорындар жүздеген тонна өнім шығарады. Мұндай кәсіпорындарда ағаш ұнтағын, сабанды, мақта сабағын, өсімдік қалдықтарын глюкозаға айналдырады да, кейін одан жемшөптік белок немесе этил спиртін аладыСоңғы жылдары бұл бағытта ғалымдар алда. Олар ферменттер иммобилизденуінен қажетті ферментті синтездейтін микроорганизмдерді полимерлерге тұрақтандыруға кірісті. Иммобилизделген ферменттердің нативті ферменттермен салыстырғанда елеулі артықшылықтары бар. Мысалы олар реакциялық ортадан оңай бөлінеді. Бұл реакцияны кез келген уақытта тоқтатып, катализатормен ластанбаған өнімдерді алуға және фермент препаратын бір немесе бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді. Иммобилизация әдістерімен, сәйкес тасымалдаушыларын іріктеп алу ферменттердің арнайылығын көрсететін -РН, температурасына тәуелділігін, және денатурациялаушы әсерлерге тұрақтылығы сияқты қасиеттерін мақсатты түрде өзгертуге болады. Сонымен, Иммобилизденген фермент дегеніміз ерімейтін биокатализаторлар, оларда ферменттер химиялық немесе физикалық (адсорбция күшімен) түрде қандайда бір тасмалдағышпен байланысқан, матрицаға немесе микрокапсулаға бекітілген. Ферментті тасмалдағыштар немесе матрицалар мүлдем ерімейтін, химиялық және биологиялық тұрақтылығы мен ерекшеленетін, механикалық беріктігі жоғары болуы тиіс. Иммобилизделген ферменттерді алу үшін полимерлі тасымалдағыш негізіндегі табиғи (целлюлоза және оның туындылары) және жасанды (полистирол, полиакриламид, полиамид) полимерлер кеңінен қолданылады.Тасымалдағыш ретінде сонымен қатар саңылауы бар шыныны, сазды, силикагельді, мата, қағаз және т.б. материалдарды қолданады.Иммобилизация көп жағдайларда ферменттердің тұрақтылығына әкеп соғады. Реакторда иммобилизденген ферменттер бір апта немесе бір ай көлемінде (целлюлоза және оның туындылары) және жасанды (полистирол, полиакриламид, полиамид) полимерлер кеңінен қолданылады, демек бұл еритін формадағы ферменттерді қолданумен салыстырғанда экономика жағынан эффективтілігі жоғары болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет