1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



бет1/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

126ЖМ Назарқұл Еркебұлан

1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%
Физиология грек тілінен аударғанда- табиғат туралыы ғылым деген мағынаны білдіреді, яғни тірі ағзаның тіршілік заңдарын және олардың бір-бірімен байланысын зерттейтін ғылым саласы. Жалпы, физиология ғылыми бағытта 3 топқа жіктеледі. Олар: жалпы, жеке және қолданбалы физиология. Жалпы физиология- ағзалардың барлығына да тән болып келетін тіршілік үрдістерін, қаситеттерін және оларддың көрсеткіштерін зерттейтін болсса, жеке физиология- ағзалар мен кейбір тіндердің қасиеттері мен олардың өзара бірлесуін қарастыратын сала. Ал, қолданбалы физиология- жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайлары мен олардың іс- әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайтын сала.
Физиология пәні психологиялық, педагогикалық, валеологиялық, биологиялық және медициналық пәндермен тығыз байланысты болып келеді.
Соның ішінде медицина саласына тоқталар болсақ, медицинада физиология қалыпты және патологиялық деп 2-ге бөлінеді. Қалыпты физиология сау адамдардың өмір сүруін, тіршілік әрекетін зерттейтін болса, патологиялық физиология өзі айтып тұрғандай, адамның аурулары мен өмір сүрі белсенділігінің даму механизмін зерттейтін сала. Физиология болашақ дәрігерлерді денсаулықты жақсартуға, салауатты өмір салтын ұстануға, сонымен қоса денсаулық дәрежесін сауатты бағалауға үйретеді.
Медицинаның қазіргі кезде дамуына байланысты физиологияның да бірнеше міндеттері айқындалды. Мәселен:

  1. Болашақ дәрігерлерге функционалды ойлайды үйрету, яғни адам организмінің дамуы туралы түсініктерін қалыптастыру;

  2. Дәрігерлердің алған білімдерін еңбекке бейімделуге, сау адамның көңіл күйін түсіне білуге, оны бағалауға үйрету;

  3. Тірі организмдердің жұмыс жасау принциптерін анықтау әрі оны зерттеу;

Физиология пәні- өз зерттеулерін жасау кезінде биология, физика мен химияның қазіргі таңдағы жетістіктеріне де жүгінетіні анық. Себебі, кезкелген физиологиялық тұрғыда жүретін процесс химия мен физикалық түрленулерден жүзеге асатын болса, биологияны оқу арқылы кез- келген органдардың қызметін түсініп, олардың даму эволюцияларын білуге мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет