1. Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары Фонетика (грекше «фонетикос» - дыбыстық) дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп алған. Әзірше бұл екеуі синоним түрінде қолданылатынын ескеру керек.
Дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде бір біріне ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп тұрудың тетігі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфоэпия т.б. Тіл мәдениеті сөздерді айтуда да, жазуда да бірізділіктің болуын талап етеді. Кезінде тіліміздің дыбыс жүйесі, дыбыс заңдары жете ескерілмегендіктен, қазіргі айту, жазуымызда ала-құлалық, ақау көп (бұған осы кітапты оқып шыққанда көз жететін болады). Мысалы, алдыңғы сөйлемде кездесетін қазір сөзін емлені құрметтеп, осылай жазып, айтатындармен қатар, қазыр, көбіне кәзір түрде қолдану да жарысып жүр. Олай болатыны, аралас (жуанды-жіңішкелі) буынды қазір сөзі тіліміздің үндестік заңымен үйлеспейді. Фонетиканы жете меңгергенде ғана тіліміздің дыбыстық жүйесін, дыбыстардың сырын дұрыс түсініп, әлгіндей үйлесімсіздікке жол бермеуге болады. Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсі- нік беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану, ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсіндіру, қазіргі жазудың сырын түсі- ну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүм- кіндік береді. Мәселен: қазіргі емле бойынша, қос сөз түрінде жазылып жүрген жапа-тармағай сөзі Халелдің айтуынша, арабтың жам- хан, тұран, мағхан (бәрі бірге ұмтылу) деген сөздерінен шық- қан! Жат сөздердің тіліміздің дыбыстық заңына орай өзгеріске ұшырауы - заңды құбылыс. Ана тіліміздегі дыбыстардың артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру, қазіргі ақпарат, байланыс құралда- рын жетілдіру үшін де қажет. Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы болып келеді. Сипаттамалы (синхрониялық немесе статикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыс- тық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақ- тан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табы- лады. Қазіргі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқыла- тын фонетика осы сипаттамалы фонетикаға жатады. «Қазіргі қазақ тілі курсы» бойынша жоғары оқу орындарында оқыла- тын фонетика оқулығы елуінші жылдардың бас кезінде жазы- лып, 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен шыққан тұң- ғыш академиялық оқулықтың бір тарауы болып енді. Авто- ры - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының акаде- мигі С. Кеңесбаев. Содан бері екі рет қайта басылып шықты1. Бұл - осы күнге дейін жоғары оқу орындарына арналған бір- ден-бір фонетика оқулығы болумен бірге, осы саладағы зерт- теулердің бәріне бағыт-бағдар сілтеп келе жатқан еңбек. Алай- да 40 жыл бұрын жазылған оқулықта бұл күндері сын көзбен қарауды қажет ететін мәселелер де кездеседі. Қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген мың-мыңдаған сөздер бар. Біз оларды орыс тіліндегідей етіп айтуға, сондай-ақ жазуға тиіспіз. Мұның өзі орыс тілі фонетикасымен де етене таныс болуды талап етеді. Орыс тілі- нің дыбыс жүйесін, фонетикалық заңдылықтарын жақсы біл- генде ғана әлгіндей сөздердің айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге, жетік білуге мүмкіндік туады. Орыс тілі оқулықтар мен оқу құралдарына бай. Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бо- йынша айқындалады 3 Тілдің дыбыс жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қа- растырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген аб- зал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындау- ға мүмкіндік береді.(Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқын- дау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттеу салыстырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.