Фонетиканы оқыту әдістемесі



бет1/28
Дата20.06.2023
өлшемі129,9 Kb.
#102689
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ
Фонетиканы оқыту әдістемесі


Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Қазақ тілі фонетикасын оқытудың мақсаты мен міндеттері.Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық дағдыларды меңгерту. Қаза тілі фонетикасын оқытуда қойылатын талаптар. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.


Технология мен әдістің ерекшелігі неде?


Мектепте синтаксисті оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны.
Пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы
Тіл ұстарту жұмысының салалары, олардың өзара байланысы.
Қазақ тілі сабағында білім алушының тілін дамыту. Олардың өзара байланысы.
Қазіргі қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар.
Орфографияны оқытудың мазмұны неде?
Сын есімді оқыту әдістемесі.
Дыбыстардың ерекшелігін байқатуда қолданылатын тиімді әдістерді атаңыз.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала екені мәлім. Тіл дыбыстарының қолданылуы, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы меңгеру арқылы әдеби тілдің жасалу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін оқушыға жете түсіндіру қажет. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты болып табылады. Тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.
Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын еркін жеткізе алады. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей болады. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс.
Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Бірініші сабақта сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе солай қалыптасып кетеді. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды. Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге жетсе де, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Мұғалім дыбыстардың жасалуын оқытқан кезде олардың жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу мүшесінің де қимыл-қозғалысын үйретеді. Сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым түрелері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты болады. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін, графикалық талдау дұрыс жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.
Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытудың маңызы ерекше.
Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қандай тәсілді білесіз?
Қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш жазған қандай ғалымдарды білесіз?
Күнтізбелік жоспарды жасауда сүйенетін негізі құжат және жасалу жүйесі туралы не айта аласыз?
Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын өткенде тиімді саналатын әдістерді атаңыз.
Тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларын жете түсіну үшін әуелі нені білу керек деп есептейсіз?
1.Фонетиканы оқыту қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы.Тіліміздегі дыбыстарды,олардың жасалуын, қолдану ерекшелігін игертуді мектеп қабырғасында іске аысру шараларын көрсетесіздер. Фонетиканы оқытуда сөйлеу мүшелерінің рөлі қандай,қандай әдіс тәсілдерді қолданасыздар,қандай жаттығу қазіргі таңда тиімді болып саналады.Орфоэпиялық немесе орфографиялық сөздіктерді қалай қолдануға болады. Ондағы мақсат сауатты сөйлеу мен сауатты жазу. Соны қандай жолмен сіздер жетесіздер
Негізгі оқытылым түрі тындалым,оқылым,жазылым,тілдесім. Апроксимация принципы негіз ретінде қолдану.Яғни тіліміздің ерекшелігін,акцентін сақтай отырып әріпті,сөзді уйрету.
2. Оқыту прцесінде қандай технологияларымен таныссыздар. Технология бұл қандайда бір амалдардың жиынтығы. Қай жылдардан бастап білім беру Оқыту әдістемесі оқыту технологиясына қарағанда кең ұғымды білдіреді. Әлде қайда ауқымды.Технология әдістемені жүзеге асырады.Технология іс әрекетінің әдіс тәсілдері мен құралдарын іске асыру теориясы, Н.А.Оразахынова жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі пәнін сатылай кешенді талдау технологиясының әдістемелік жүйесін жасады , қазіргі таңда дамыта оқыту жүйесі ТМД елдерінің бірқатарында негізгі оқыту технологиясы ретінде бекітілгені белгілі. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. сатылай кешенді талдау технологиясының ,дамыта оқыту технологиясының қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары қарай, бастапқы сапалық жағдайдан жаңа жағжайға қарай қозғалатын күрделі үдеріс
Ә.Исабаевтың "Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері" деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.
"Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары", 
Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: "...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - казақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән", - деген.
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:
1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс, т.б.
5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет