1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама


аРНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы



бет9/19
Дата11.04.2023
өлшемі64,07 Kb.
#81430
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
12. аРНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы.
РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы, басқаша процессинг немесе РНҚ-ның жетілуі - эукариот жасушаларындағы үдерістердің жиынтығы, яғни біріншілік транскрипттағы жетілген РНҚ-ның пісіп жетілуі. Транскрипция нәтижесінде пре-аРНҚ («жетілмеген» аРНҚ) түзіледі. ДНҚ молекуласындағы эукариот гендердің құрамында нуклеотидтердің кодталмайтын учаскесі бар, сондықтан пре-аРНҚ құрамында осы кодталмайтын учаске болады, оны интрондар деп атайды. Кодталатын учаске экзондар деп аталады.
Процессинг құрамына кіретін үдерістер:
1. Сплайсинг
2. Нуклеотидтердің модификациясы.
Сплайсинг екі кезеңнен тұрады: интронды кесу және экзонды тігу. Интрондар рестриктаза ферменттер көмегімен, ал экзондар лигазалар көмегімен тігіледі. Жетілген РНҚ молекулалары құрылымдық гендеріне қарағанда кішірек. Гендердегі интрондар саны 1-ден 50-ге дейін.

13)Генетикалық код – бұл нәруыздағы амин қышқылдарының орналасу реттілігі ту- ралы ақпаратты жазу жүйесі, ол құрамында 4 азоттық негіздің біреуі болатын нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтік қалдықтардың орналасу реттілігі арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы 64 кодон болады, олардың 61-і мағыналы және 3 - мағынасыз (терминацияланған, stop-кодондар, бұл УАА, УАГ және УГА триплеттері).
Генетикалық кодтың қасиеттері
Триплеттілігі - әрбір амин қышқылына аРНҚ-ның үш нуклеотидінің сәйкес келуі – кодон деп аталады.
Үздіксіздігі (нуклеотидтердіңарасында бөліп тұратын белгілері жоқ) – геннің ішінде тыныс белгілері болмайды;
Колинеарлық -аРНҚ кодондарының сызықтық реттілігі мен нәруыздағы амин қышқылдарының сәйкес келуі.
Арнайылығы - әрбір аминқышқылына белгілі бір кодондар ғана сәйкес келеді, ол басқа амин қышқылдары үшін қолданылмайды.
Артықтықтылығы -бір аминқышқылын бірнеше кодон кодтай алады (әрбір амин қышқылына шамамен 3 кодон сәйкес келеді); бұған метионин мен триптофан жатпайды.
Əмбебаптығы –генетикалық кодтың жоғарыда айтылған барлық қасиеттері вирустар мен прокариоттардан эукариоттарға дейінгі барлық тірі ағзаларға тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет