1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Дәнекер тіндер, олардың жіктелуі. Жіктелуі және даму көздері. Жасушалық элементтері мен жасушааралық заты. Адамның жасына байланысты өзгерістері. Регенерациясы



бет15/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
13. Дәнекер тіндер, олардың жіктелуі. Жіктелуі және даму көздері. Жасушалық элементтері мен жасушааралық заты. Адамның жасына байланысты өзгерістері. Регенерациясы.
Дәнекер тіндер мүше стромаларында, тін ара қабаттарында, дермада, қаңқа түзеуге қатысады. Организмнің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ететін мезенхима туындысы. Дәнекер тін қызметтері: 

  • Трофикалық - ұлпалық құрылымдардың қоректенуін реттеп, зат алмасуға қатысып, ішкі тұрақтылықты ұстап тұрады. Су, тұз, қоректік заттардың жасушааралық зат арқылы тасымалдануына жауапты. 

  • Қорғаныш - механикалық зақымдардан сақтап, бөгде заттардан залалсыздандырады. Бұл макрофагтар, не иммунды белсенді жасушалардың қатысуымен реттеледі. 

  • Тіректік - жасушааралық заттағы коллаген, эластин талшықтық құрылыммен, қаңқалық сиеттермен қамтамасыз етіледі. 

  • Пластикалық - өзгеріске бейімделуіне жауапты. 

  • Морфогенетикалық - мүшедегі тін мен жалпы құрылымдық бірліктерін құруымен, жасуша пролиферациясымен саралануына жауапты. 

Жіктелуі: Дәнекер тіндер 2 топқа бөлінеді. Олар Меншікті дәнекер тіндер мен Қанқалық дәнекер тіндер. Олар жекелеп, тағы да бірнеше түрлерге бөлінеді. Меншікті дәнекер тіндер Талшықты (Борпылдақ; Тығыз (Қалыптасқан және қалыптаспаған)) және Ерекше қасиеті бар тіндер. Ал Қаңқалық тіндер шеміршек (гиалинді, эластикалық, талшықты) және сүйек тіндері болып 2ге бөлінеді. 
Дамуы: Дәнекер тін ортаңғы ұрықтың босаңсыған бөлігі, эмбрионалдық бастама - мезенхимадан дамиды. Оның жасуша элементтері дерматомның спланхнатомның, склератомның висцеральді, париеталды жапырақшаларының саралануынан дамиды. Жүйкелік табақшадан эктомезенхима ажыратылады. Ұрық дами келе, мезенхимаға басқа бастамаларына дифференцияланады. Мысалы, қанқалық бұлшықеттердің миобластыларына не пигментоциттерге, және т.б..Даму түріне қарай мезенхима табиғатында өзіндік ерекшеліктері пайда болады. Туғаннан кейін мезенхима толық аздифференцияланған борпылдақ дәнекер тінмен басылады. 
Регенерациясы: аздифференцияланған жасушалардың митоз жолымен көбеюімен өлі жасушаларды басуына байланысты. 
Құрылымы: Тіндер жасуша мен жасушааралық заттан құралады. Дәнекер тіндегі жасуша аралық зат талшықты құрылым мен негізгі заттан тұрады. Бұл жердегі талшықты құрылым - коллаген мен эластин талшықтары. Ал жасушалық элементтері болса тінге тән қасиеттерді,қызметтерді тұрақты орындауға жауапты болып келеді. 
Борпылдақ дәнекер тінде аморфты зат басым болса, тығыз дәнекер тінде талшықтар басым келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет