№1 лабораториалыº ж½мыс



бет1/31
Дата11.12.2023
өлшемі5,85 Mb.
#137751
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Нупирова А.М. Механика және молекулалық физика бөлімдері бойынша лаборатиялық практикум 2


Костанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы
Нупирова А.М.


МЕХАНИКА ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА

БӨЛІМДЕРІ БОЙЫНША


ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМ


Оқу құралы

Қостанай
2017


ӘОЖ 539.19 (075.8)


КБЖ 22.36 я73
Н 82
Құрастырушы:
Нупирова А.М. – физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Сын пікір берушілер:


Умбетов А.У. – ф.-м.ғ. кандидаты (Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы, доцент, АрМПИ профессоры)


Касымова А.Г. – ф.-м.ғ. кандидаты (ҚМПИ, физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының доценті)

.Н 82



Нупирова А.М.
Механика және молекулалық физика бөлімдері бойынша лабораториялық практикум: оқу құралы / А.М. Нупирова. – Қостанай, 2017. - 103 б.



ISBN 978-601-7934-13-2

Оқу құралында жалпы физика курсының «Механика» және «Молекулалық физика» бөлімдеріне арналған лабораториялық жұмыстары берілген. Бөлімдер бойынша орындалатын лабораториялық жұмыстардың əдістемелік нұсқауында қолданылатын құрал жабдықтардың сипаттамасы, жұмысты орындау тəртібі, бақылау сұрақтар берілген.


Оқу құралы 5В011000-Физика мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

ӘОЖ 539.19 (075.8)


КБЖ 22.36 я73

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының


Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылады

ISBN 978-601-7934-13-2


© Нупирова А.М. 2017


Алғы сөз



Физиканың механика және молекулалық физика бөлімдерін қамтитын лабораториялық жұмыстарға арналған бұл әдістемелік құралы жалпы физика курсының бағдарламасына сәйкес жазылған. Әдістемелік құралының мақсаты – студенттердің физикалық экспериментке дайындалуына, оны орындауына, алынған нәтижелерді өндеуіне және оның мәнін түсінуіне көмектесу. Сонымен қатар бұл еңбек дәрісте баяндалған материалды терең игеруге септігін тигізеді.
Физика – табиғат тану ғылымдарының негізгі салаларының бірі. Физика – эксперименттік ғылым, ал тәжірибе – физикалық зерттеулердің негізгі түрі. Мақсатына қарай тәжірибелер негізгі үш топқа бөлінеді: а) теориялық қорытындыны, не гипотезаны тексеру жүргізуге арналған тәжірибелер; б) жаңа құбылыстарды, физикалық шамалардың байланыстарын тағайындауға, немесе тағайындалған физикалық заңнын қолданылу облысын кеңейтуге арналған тәжірибелер; в) теориялық есептеулер арқылы тікелей тағайындауға болмайтын физикалық шамалардың сан мәндерін анықтауға арналған тәжірибелер.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында физиканы оқыту процесіндегі тәжірибелердің мақсаты: а) кейбір дәрістік демонстрацияларда көрсетуге келмейтін, не көрсетуі қиын физикалық құбылыстармен таныстыру; б) физикалық заңдардың әсері, олардың объективті сипаттамасы туралы студенттердің ұғымын қалыптастыру; в) тәжірибе жүргізгенде, өлшеулер дәлдігі қойылған мақсатқа сәйкес келетіндей етіп жоспарлау; г) жүйелік қатенің болуын ескеріп, оларды жою үшін шаралар қолдану; д) эксперимент нәтижесін талқылап, дұрыс қорытындылар жасау; е) ақырғы нәтиженің дәлдігін бағалау; ж) мектепке арналған бірқатар лабораториялық жұмыстарды дайындап, орындай білуге үйрету; з) негізгі өлшеуіш құралдармен және олардың жұмыс принциптерімен таныстыру; и) орындалған жұмысты жазба түрде қорытындалап, есеп жазуға үйрету.
Көптеген жоғары оқу орындары сабақты фронтальды әдіспен жүргізуді қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бірқатар лабораториялық сабақтардың теориялық курстан «ілгері» кетуі сөзсіз. Осыған байланысты кітапта әрбір жұмыстың алдында экспериментті түсініп орындауға қажетті теориялық материал берілген және материалды студенттің қай дәрежеде игергендігін тексеру мақсатында әрбір жұмыстың соңында бақылау сұрақтары келтірілген.
Орындалатын жұмыстың теориясын (кітаптан, дәрістен және берілген «түсініктемеден») оны орындаудан 3-4 күн бұрын оқиды.
Дайындық кезінде төмендегідей схема бойынша қысқаша конспект жасалады:

  • Жұмыстың тақырыбы;

  • Құрал-жабдықтар;

  • Жұмыстың мақсаты;

  • Негізгі формулалар;

  • Құралдың принципиалдық схемасы;

  • Әрбір ізделінетін шаманы есептеу формулалары;

  • Өлшеулер нәтижелерін түсіретін таблица;

Жұмысты орындауға жіберілер алдында студент осы жұмыста «не істеу керек»? «қалай істеу керек»? «нені табу керек»? деген сұрақтарға жауап беріп, жұмысты орындауға рұқсат алады. Қанағаттандырарлық баға алғаннан кейін ғана студент жұмысты орындауға жіберіледі.
Содан соң физикалық шамалардың өлшеулер мен есептеулер нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы қателіктері есептеледі және қажетті графиктер миллиметрлік қағазға сызылады.
Құралдарды дайындап, жұмыстың схемасын құрып, дұрыстығын оқытушыға не оның көмекшісіне көрсеткеннен кейін ғана өлшеулер жүргізуге болады.
Молекулалық физика бөлімі бойынша орындалатын жұмыстардың көбінде шыныдан жасалған приборлар пайдаланылады. Ал шынының морт сынатыны белгілі. Ендеше, мұндай приборларды пайдаланғанда өте жинақы, ұқыпты, әрі абай болу керек. Термометрдің көрсетуін дәл жазу үшін, оны батырылған сұйықтан, болмаса бөлмеде ілулі тұрған сынаптың үстіңгі бетін бір деңгейде ұстау керек. Жалпы сипаттағы нұсқауларды жерінен шығарып алуға болмайды. Термометрдің көрсетуін дәл анықтау үшін көз бен тәжірибені бастар алдында және оны орындау кезінде естен шығармау қажет.
Орындалған жұмыс бойынша сынақ алу үшін студент жұмыстың теориясы бойынша бақылау сұрақтарына жауап беріп, жұмыстың теориясын және экспериментін қамтитын қысқаша есеп тапсырып, жұмыстың орындалу әдістемесі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс.
№1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ жҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет