1 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10-11 сыныптарындағы «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұны және оның ерекшеліктері 10-сыныптың базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады: «Функция, оның қасиеттері және графигі»
41)Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10-11 сыныптарындағы «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұны және оның ерекшеліктері
10-сыныптың базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) «Функция, оның қасиеттері және графигі». Функция және оның берілу тәсілдері. Функцияның графиктерін түрлендіру.Функцияның қасиеттері.Кері функция ұғымы. Күрделі функция;
2) «Тригонометриялық функциялар». Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері.Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс;
3) «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер». Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері.Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;
4) «Ықтималдық». Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері;
5) «Туынды». Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі.Туындының анықтамасы. Туындыны табу ережелері. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Күрделі функцияның туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары;
6) «Туындының қолданылуы». Функцияның өсу және кему белгілері. Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері. Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу. Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері;
7) «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары». Кездейсоқ шамалар. Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары.
11-сыныптың базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1)«Алғашқы функция және интеграл». Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Жазық фигуралар аудандары мен айналу денелерінің көлемдерін анықталған интеграл көмегімен есептеу;
3) «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция». n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.Иррационал өрнектерді түрлендіру. Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы;
4) «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар». Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері мен графигі. Санның логарифмі және оның қасиеттері. Логарифмдік функция, оның қасиеттері мен графигі. Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы. Логарифмдік функцияның туындысы;
5) «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер». Көрсеткіштік теңдеулер. Логарифмдік теңдеулер.Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңдеулер.Логарифмдік теңсіздіктер;
6) «Иррационал теңдеулер». Иррационал теңдеулер. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері;
7) «Математикалық статистика элементтері». Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдама бойынша бағалау.