Сабақ тақырыбы Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы



бет1/6
Дата25.04.2023
өлшемі65,43 Kb.
#86811
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
50 саб.№45 сабақ ЛМК-11,16.02.2023жыл

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы .



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.1.10 - нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу ережелерін білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның анықталмаған интегралдарын тікелей интегралдау жолымен табады.

Бағалау критерийлері

Білімін қолдану
- нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның анықталмаған интегралдарын тікелей интегралдау жолымен табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
- интегралдарды табу бойынша қадамдарды сипаттау үшін дұрыс математикалық терминдерді қолданады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
- алғашқы функция;
- интеграл;.
- интегралдау.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
... осыған байланысты, бұл функцияны интегралдау үшін ... ережесін қолдануға болады.

Құндылықтарды дарыту

  • -оқу икемділігі, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, топта жұмыс жасай білу, өз ісінің сапасына жауапкершілікпен қарау;

  • -жақындардың проблемаларын көре және түсіне білу, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу;

  • -пікірлер түрлілігіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қисап – бұлжоғарыматематиканыңжәнефизика, машина жасау және экономика сияқты басқа да ғылыми салалардың маңызды құралы.
Физикада туынды қандай да бір шамалардың өзгеріс жылдамдығын есептегенде және гармониялық тербелістің дифференциалдық теңдеуін шығарғанда қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ көмегімен ақпаратты іздестіру, ғылыми-танымдық сайттарды қолдану. bilimland.kz

Бастапқы білім

Функцияның туындысының анықтамасы, дәрежелік функцияның туындысы.

Дифференциация

Қарапайымнан күрделіге өту принципі.
- тапсырма таңдау барысында: жеке оқушыға, топқа, жұпқа арналған әр түрлі деңгейлі тапсырмалар дайындауды қарастыру;
- оқушының жеке күтілетін нәтижесін белгілеу;
- қажет жағдайда оқушыға жеке көмек көрсету;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет