1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары


Гликолиз. Жалпы жағдай. Гликолиз рекцияларының реттілігі



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Гликолиз. Жалпы жағдай. Гликолиз рекцияларының реттілігі. 
 
Гликолиз- анаэробтық жағдайда (оттегі қатыспаған кезде) бұлшық етте глюкозаның ыдырауы. 
Гликолиз деген термин гректің қант, тәтті, еру деген сөзінен шыққан. Гликолиздің ақырғы өнімі 
пирожүзім қышқылы (пируват) кейде лактат болады. Гликолиз процесі кезінде бос энергия бөлініп 
шығады, ол энергия АТФ молекуласында жинақталады. 
Гликолиз көптеген биологиялық жүйелер үшін углеводтар метоболизімінің әмбебеп процесі. 
Гликолиз процесі бұлшықеттерден басқа ашытқыда да, бактерияларда да жүреді. Аэробты 
организмде гликолиз лимон қышқылы циклының алдында өтеді.
Гликолиз процесі нәтежиесінде кезектесе жүретін реакция барысында глюкоза пируваттың екі 
молекуласына айналады. 
Елу жыл ішінде Пастердің және басқалардың зерттеулері бойынша гликолиз процессі толық 
анықталды. Гликолизге 10 фермент қатысады. Бұл ферменттердің бәрі де таза күйінде алынып, 
зерттелген. Гликолиз процесі клетка цитозолында өтеді, ол аздаған энергия береді. Бұдан ары 
қарай пируват митохондрияғаенеді, онда лимон қышқылы циклі бойынша аэробтық тотығуға 
қатысады, сөйтіп көп энергия бөліп шығарады. 
Гликолиз реакцияларының реттілігі.
1) Глюкозаның фофорлануы. Гликолиз рнеакциясы АТФ есебінен глюкозаның С-6- жағдайын 
фосфорлаудан басталады, оның нәтежиесінде глюкоза-6- фосфат түзіледі. Бұл реакция 
қайтымсыз, оны гексокиназа ферменті катализдейді. 
2) Глюкоза- 6- фосфаттың фруктоза 6- фосфатқа айналуы (изомерленуі). Бұл реакция 
қайтымды, ол фосфоглюкоизомераза ферментінің қатысында өтеді. Реакция нәтежиесінде 
альдоза изомерленіп, кетозаға айналады. 
3) Фруктоза -6- фосфаттың фруктоза -1,6- фосфат түзіп фосфорлануы. Бұл – гликолиздің 
басталу реакциясы. Фруктозо-6- фосфат АТФ есебінен фруктозо 1,6- дифосфат түзіп 
фосфорланады.
4) Фруктозо-1,6- дифосфаттың 3- фосфоглицерин альдегдіне және 
дигидроксиацетонфосфатқа айырылып ыдырауы. Бұл екеуінің молекуласында үштен 
көміртегі атомы бар. 
5) Гликолиздегі бұдан кейінгі өзекті субстрат -3- фосфоглицерин альдегиді. 3- 
фосфоглицерин альдегиді мен дигидроксиацетонфосфат құрылымы жөнінде жақын және 
триозофосфатизомераза ферментінің әсерінен өзара біріне – бір айнала алады. 
6) 3- фосфоглицерин альдегидінің тотығуы. Гликолиздің осы кезеңінен бастап глюкоза 
энергиясы АТФ-ға жинала бастайды. 3- фосфоглицерин альдегидінің тотығуы оның 1,3 
дифосфоглицератқа айналудан басталады. 
7) 1,3- дифосфоглицераттан АТФ-тың түзілуі. Жоғары энергиялы байланысы бар фосфат 1,3 
дифосфоглицераттан АДФ-ке ауысады да АТФ түзіледі, ал АТФ- те тотығудан шыққан бос 
энергия жинақталады.
8) 3-фосфоглицераттың 2 фосфоглицератқа айналуы. Бұл реакция молекула ішіндік қайта 
құру рекциясына жатады және оны фосфоглицеромутаза ферменті катализдейді.
9) Пируваттың енолбдық формасының түзілуі. 2 фосфоглицерат енолаза ферментінің 
әсерімен дегидратацияға ұшырайды, бұл кезде су молекуласы бөлініп шығады және 
фосфоенолперуват түзіледі. 
10) Пируват пен АТФ түзілуі. Гликолиздің соңғы сатысында жоғары энергиялық байланысы 
бар фосфат фосфоенолперуват молекуласынан АДФ- ке ауысады. Бұл кезде АТФ және 
пируват түзіледі. 
11) Пируваттың лактатқа айналуы. Пируват анаэробты жағдайда НАД-Н коферменті 
қатысында тотықсызданып, лактатқа айналады. 
12) Этил спиртінің түзілуі. Глюкозаның анаэробтық метаболизмі кезінде ашытқы қатысқанда 
және гликолиз процесінде пируват декарбоксилаза ферментінің әсерімен пируват 
ацеталбдегидке дейін қайтымсыз декарбоксильденеді.


17-тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет