1. тапсырма негізгі түсініктерді анықТАҢЫЗ;индивид,даралық,ТҰЛҒА,ТӘрбие т. Б



Дата22.10.2022
өлшемі22,68 Kb.
#44812



1.ТАПСЫРМА)НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРДІ АНЫҚТАҢЫЗ;ИНДИВИД,ДАРАЛЫҚ,ТҰЛҒА,ТӘРБИЕ Т.Б))

Индивид -тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Тұлға-жеке адамның өзіндік адамгерщілік,әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып,адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Даралық - тұлғаның өзіне тән, қайталанбайтын ерекшелігі, оған ғана тән жеке-психологиялык ерекшеліктері жиынтығы.Даралық дегеніміз- өзіндік өзгешелігі бар жеке адам. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

2.ТАПСЫРМА;Білім алушылар тұлғасының даралық және жыныстық жас ерекшеліктеріне сипаттама бер)

Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады. Оқытуды және тәрбиелеуді оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізу оң нәтиже береді. Жас ерекшеліктерін кезеңдеудің шекаралары қатып қалған жағдай емес, өйткені әр адамның жеке дамуының ерекшеліктерімен қатар, әр толқынның да дамуында алдыңғыларымен салыстырғанда өзгешеліктер болуы мүмкін. Даралық тұлға оны басқа адамдардан ерекшелендіретін интеллектуалдық, ерік-жігерлік, моральдық, әлеуметтік қасиеттерімен сипатталады. Әр адам - өз даралығы тұрғысынан алғанда қайталанбас, жалғыз. Даралық дара ерекшеліктерден көрінеді. Дара ерекшеліктерге сезінудің, қабылдаудың, ойлаудың, естің, сананың өзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтардың, қабілеттердің, темпераменттің, мінез-құлықтың ерекшеліктері жатады. Дара ерекшеліктер тұлға дамуына әсер етеді.

3.ТАПСЫРМА;ҰЛ ЖӘНЕ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ ГЕНДЕРЛІК АЙЫРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАҢЫЗ)

Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рольдерінің арасындағы

айырмашылықты және ортаның адамдардың биологиялық жыныстарының негізінде қойған ұйғарымдардан туған қылықтар мен эмоциональдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. табылады. Гендер әлеуметтік жағынан қиюласқан, яғни, тұлғаның әлеуметтік қасиетін анықтайды. Гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуы, ерлер мен әйелдердің жаңа демократиялық Қазақстанның қалыптасуының жарқын көрінісі. Қыз бала мен ұл балалардың бойында адамзат өкіліне қатысты екендігін және жыныс қасиеттеріне байланысты өздерінің ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту қажет. Осы аталған жағдай мектеп жасына дейінгі балалардың гендерлік санасын дамыту жеткізудің алғы шарты болуда.

4.ТАПСЫРМА; әр түрлі жастағы білім алушылардың оқытудың,тәрбиелеудің ерекшеліктері

Әр түрлі жастағы балалар тобымен оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс жүргізу педогогтар мен әдіскерлерге қатысты болады. Мұндай топтағы оқыту мен тәрбиенің өзіндік қиындықтары бар, себебі ұстаздардың білім, біліктілері әр түрлі жастағы балалармен жұмыс жүргізе алу шеберлігін талап етеді.Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай болады. Танымдық даму және жас ерекшеліктер баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Сыныпта отырған әр түрлі жастағы балалар әр түрлі ойлайды, әр түрлі сөйлейді. Сол себепті мұғалім оқушыларға тапсырма дайындаған кезде оқушының жас ерекшелігін міндетті түрде ескеру керек.Себебі тапсырма оқушы талабына сай болмаса баланы зеріктіріп жібереді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып алынған тапсырманы орындау барысында оқушылар бірін-бірі,топты бағалайды.









Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет