1. Зерттеуші мұғалімнің кәсіби-маңызды қасиеттері Әдіснамалық мәдениет – ғылыми-педагогикалық зерттеудің негізі Болашақ мұғалімдерді ғылыми зерттеуге баулу



Дата13.10.2022
өлшемі21,91 Kb.
#42711
түріСеминар


Семинар 4: Мұғалімнің зерттеу мәдениеті
Жоспар:
1.Зерттеуші мұғалімнің кәсіби-маңызды қасиеттері
2.Әдіснамалық мәдениет – ғылыми-педагогикалық зерттеудің негізі
3.Болашақ мұғалімдерді ғылыми зерттеуге баулу
Ғылыми-зерттеу жұмысы ежелгі уақыттан бері белгілі. Адам әрқашан өзі өмір сүретін дүниені тануға талпынды. Ғылымның әлеуметтік маңызы және оған деген қажеттілік құбылмалы емес, ол мәңгілік. Зерттеуші өзінің ғылыми зерттеуін ұйымдастыра отырып, екі негізгі қызметті ж зеге асырады: ҥ біріншіден, адамзаттың жинаған ілім-білімін жинақтап жүйелейді, екіншіден, ғылымды толықтыратын, байытатын жаңа беймәлім дүниені ашады. бұл қызметтер қай уақытта да өзгеріссіз қалады, тек қоғамдық өмірдегі өзгерістерге ұшырауы м мкін. айтылған ҥ қызметтерді іске асыру үшін зерттеуші бойына тұлғасының берік іргетасын қалайтын сапалық қасиеттерді сіңіруі қажет. Ғылыми жұмыс – толық берілуді, табандылықты, төзімділікті, батылдықты, шығармашылық ойлауды, жаңалықты сезіне білуді, беймәлім дүниені тануға талпынысты талап ететін, ерекше қарбалас, шығармашылық еңбек. К.А.Циалковскийдың пікірінше, педагог зерттеушінің негізгі тұлғалық ерекшелігі: жақсы сақтау қабілеті, назар аудару дағдысын игеруі, ғылыми қиялы, зияткерлік тәуелсіздігі, яғни ойлауда дербестігі, ғылымға ынтықтығы, қ марлығы, табандылығы болып табылады. В.А.Обручев жемісті ғылыми қызметтің 3 негізгі қағидасын біліп көрсетеді: жоспарлылығы, ұқыптылығы және шығармашылыққа деген сүйіспеншіліктің болуы. И.П.Павлов педагог зерттеушінің тұлғасының жетекші қасиетіне: ғылыми жүйелілік, ғылымның әліппесін танудағы мықтылығы және одан әрі адамзат білімінің шыңына жетуге ынтасы, ұстамдылығы, төзімділігі, қара жұмысты жасауға дайындығы мен икемділігі, шыдамдылықпен деректер жинақтауы, ғылыми қарапайымдылығы, ғылым жолында бүкіл өмірін сарп етуге дайындығын жатқызған болатын. К.И.Скрябин ғылыми шығармашылықта ғылымға және таңдалып алынған кәсіпке деген с йіспеншіліктің те маңызды екенін атап өтті. зерттеушіге адамның тұлға ретіндегі мүкіндігінің шегіндегі жоғары талаптар қойылды және қойылып келеді. әрине бұндай талаптар шеңберінде ғылыми қызметтің дара стилі қалыптасады. зерттеушінің әр қайсысында зерттеудің сәттілігін қамтамасыз ететін едәуір маңызды тұлғалық қасиеттерінің құрылымы дараланады.
Зерттеуші-педагогтың негізгі кәсіби-маңызды қасиеттерін келесідей ұсынған орынды:
1.Жалпы психологиялық-педагогикалық қасиеттер: -кәсіби психологиялық-педагогикалық бағыттылығы;
2.Тұлғаның әлеуметтік және кәсіби маңызды қасиеттері: -азаматтылық, ізгілік, міршеңдік, ғылыми-зерттеу жұмысына тұрақты қызығушылық, адамдарға әділеттілік және тілектестік, қарым-қатынас жасай білу, өзіне және басқаларға талапшылдық.
3.Кәсіби психологиялық-педагогикалық қасиеттері: -психологиялық-педагогикалық, теориялық, әдістемелік және тәжірибелік дайындығы; -дамыған психологиялық-педагогикалық қабілеттері: коммуникативтілік, келешектен үміттілік, жобалылық, эмоционалды-еріктілік, құрылымдылық, ұйымдастырушылық, танымдық, мәнерлі-сөзділік, шығармашылық.
4.Кәсіби дара психологиялық-педагогикалық қасиеттер: -психикалық үрдістердің психологиялық-педагогикалық бағытталғандығы:
танымдық және эмоционалдық, еріктілік;
-эмоционалдық ықыластылық;
-еріктің дамығандығы;
-рефлексия.
Демек, зерттеушінің педагогикалық шеберлігі келесідей кәсіби қабілеттерді дамыту арқылы көрініс береді.
-зияткерлік (ғылыми психологиялық-педагогикалық ойлаудың дамуы), зерттелетін нысанды немесе құбылысты талдап және түсіндіре білу, барды жоқтан ажырата білу;
- психологиялық және педагогикалық эксперимент ж ргізу;
- танымшылдық кезеңмен:
- деректер-үлгі-ғылыми болжам-салдар-тексеру;
- ғылыми ізденісті ж зеге асыру: тәжірибелік деректер негізінде теориялық үлгі жасау,
- зерттелетін құбылыстардың сандық, сапалық тұрғыда байланысын табу, оңды қорытындылар тұжырымдау, олардың қолданылу шекарасын белгілеу;
- құбылыстар мен үрдістерді өзара байланыста қарастыру, олардың мәні мен қайшылықтарын ашу;
- зерттейтін материалын абстракциялау, талдау және жинақтап қорыту; көкейкезділік, сәуегейлік, білімнің кеңдігі;
Адамның ішкі дүниесіне үңіле білу, назарды ерекше аудару, ерекше әсерленуші, алғырлық және т.б;
-Коммуникативті – зерттеу үрдісінің қатысушыларымен оң қарым- қатынас орната білу;
-Құрылымдық – білім беру үрдісінің өту барысын, дамуы мен нәтижесін алдын ала көру;
-Суггестивті – эмоционалды-ерікті ықпал ету, сөз, бедел күшімен иландырып қажетті нәтиже алуды көздеу:
-Эмоционалды –ерікті, өзінің күйін, іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеу;
-Дидактикалық – ақпарат жеткізуде, зерттеу міндеттерін түсінікті, қызықты, нақты, айқын дәйекті талқылай білу;
-Ұйымдастырушылық – оқушылардың танымдық қызметін, сонымен қатар, өзінің жеке педагогикалық зерттеуін ұйымдастыра білу;
-Ғылыми-танымдық, жаңа ақпаратты жедел игеру;
-Шығармашылық - психологиялық-педагогикалық және зерттеу міндеттерін шығармашылық т рғыда шешу; белгілі үлгіден ауытқу, өзіндік ерекшеліктің болуы, бастамашылдық, зерттеу мақсатына емес, сондай-ақ үрдістің өзіне қанағаттану.
Зерттеуші педагогтың ғалым ретінде келбетін анықтайтын кәсіби- маңызды қасиеттер осындай.
2. Әдіснамалық мәдениет – ғылыми-педагогикалық зерттеудің негізі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізу үшін педагог әдіснамалық мәдениетті игеруі тиіс. Оның мазмұны мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия ( өзінің ғылыми жұмыстарын талдай білу), ғылыми негіздеуге қабілетті болу, кейбір жеке тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан ой елегінен өткізу және оларды шығармашылықпен пайдалана білу.
Әдіснамалық мәдениеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- әдіснаманы тек теориялық қана емес, сонымен бірге практикалық қызметті де жасаудың тәсілдері мен принциптерінің жүйесі ретінде қабылдау;
- дидактикалық логиканың принциптерін білу; - педагогиканың мазм ны білім мен педагогиканың негізгі категориялары туралы ғылым екендігін түсіну;
- танымдық қызмет әдісі арқылы педагогикалық теорияны жетілдіру;
- білім мен әлеуметтік саясаттың бірлігі принципін, жүйелі және толық қарастыруды, білімдендірудің толық субьектісін кеңейтуді, жалпы педагогикалық рдісте тәрбиелік мақсаттардың дамытушылық басымдығын игеру;
- педагог назарын педагогикалық формалар мен әдістердің тегіне (генезис) қарай бағыттау;
- педагогиканың терминологиялық-түсініктілік жүйесінде оқу тәжірибесін көрсету қажеттілігі;
- тарихи даму барысында педагогикалық білімнің дәстүр жалғастығын және бірлігін табуға ұмтылу;
- педагогикалық сапаның кейбір деректері мен жағдайларына сын көзбен қарау; - өзінің танымдық қызметіне рефлексия;
- педагогиканың дүниетанымдық, гуманистік қызметін түсіну.
Дегенмен, әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана қажет емес. Мұндай мәдениет тәжірибеге де керек. Педагогикалық процестегі ойлау акті сол процесте пайда болған мәселелерді шешуге бағытталады. Әрине, мұнда рефлексиясыз мүмкін емес, яғни өз қызметіңді толық ой елегінен өткізу қажет.
Әдіснамалық мәдениеттің мынадай деңгейлері бар:
1.Философиялық деңгей
2.Педагогикалық деңгей
Мәдениеттің осындай деңгейлерін меңгерген жағдайда ғана педагог өзінің кәсіби және зерттеу қызметтерін жетілдіре алады. Әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкер, ғылымға ғана емес, тәжірибеге де қажет. Жалпы мағынада алғанда, әдіснамалық мәдениетқажетті бөлігі рефлексия болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қандай керек болса, практикаға да сондай қажет.Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлексиясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды. Ғалым мен педагогтің әдіснамалық мәдениеті арасында айырмашылық бар. Өйткені, ғалым ғылыми педагогикалық білімді меңгереді, оны тұжырымдайды, ал мұғалім соны іс жүзінде қолданады. Мұғалімге әдіснамалық мәдениетті игеру дегеніміз, педагогиканың әдіснамасын меңгере отырып, сол алған білімін педагогикалық жағдаяттарды шешу барысында тиімді қолдана білу болып табылады. Мұндай мәдениеттің құрамдас біліктеріне мыналар жатады:
оқу-тәрбие процесін жобалау және құрастыру; педагогикалық мәселелерді анықтап, түсіну, тұжырымдау және шығармашылықпен шеше білу; әдістемелік рефлексия. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сипаттайды. Бірақ, ғалым мен мұғалім арасында бұл ретте тілмейтін жиек жоқ. Жалпы екеуіне де педагогика саласындағы интеллектуалдық міндеттерді шешу ортақ болып табылады, ал ол үшін мәселені көре білу және оны фактілік материалмен сәйкестендіру, болжам жасау және оны іске асыру нәтижелерін ойластырып көру, егер осылай болса, не болар еді деп, міндеттерді шешу жолдарын бірізді қадамдарға бөле білу іскерліктері қажет.Бұл ретте мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі өз жұмысын талдау және жетілдіру үшін ғылыми-педагогикалық білімдерді пайдаланып көруі және қолдана білуі. Әдіснамалық сауаттылық – бұл жемісті жұмыстың алғышарты. Мұғалім өзі педагогика ғылымы мен практикасының қандай байланыста, бұл байланыста педагогтың орны қандай, оның практикалық жұмысында зерттеу әдістері қандай орын алатынын біліп алуы қажет.Мұғалімдер өздерінің теориялық және практикалық қызметін әдіснамалық принциптер мен тәсілдер жүйесі негізінде құруы тиіс. 3.Болашақ мұғалімдерді ғылыми зерттеуге баулу - студенттермен ғылыми зерттеу жұмысының негізгі міндеті ретінде. Болашақ мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігін көтерудің тиімді жолдарының бірі – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы - алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жүмыстарының түрлеріне: ғылыми баяндамалар, рефераттық жұмыстар, зертханалық және практикалық тапсырмалар, эксперимент жүргізу, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар жатады.
Әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкер, ғылымға ғана емес, тәжірибеге де қажет. Жалпы мағынада алғанда, әдіснамалық мәдениет қажетті бөлігі рефлексия болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қандай керек болса, практикаға да сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлексиясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды. К.А.Циалковскийдың пікірінше, педагог зерттеушінің негізгі тұлғалық ерекшелігі: жақсы сақтау қабілеті, назар аудару дағдысын игеруі, ғылыми қиялы, зияткерлік тәуелсіздігі, яғни ойлауда дербестігі, ғылымға ынтықтығы, құмарлығы, табандылығы болып табылады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет