9 – сынып алгебра пәнінен “Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері” ашық сабағының өту барысын рефлексиялықталдауы
Таңдап отырған 9 сынып, алгебра пәні Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3А Тізбектер
Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері.
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты: 9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу;
9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы: ;
Оқу мақсатына келісілген сабақ мақсаты - «Тізбек», «тізбектің n-ші мүшесі» ұғымдарын, индексті белгілерін біледі;
- берілген формула бойынша тізбектің кез келген мүшесін табады;
- тізбек бойынша сандар тізбегінің жалпы формуласын құрастырады.
Сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлері: - сандық тізбек анықтамасы мен оның берілу тәсілдерін анықтайды;
- аналитикалық түрде берілген тізбектің кез келген мүшесін табады;
-Сандар тізбегінің жалпы формуласын құрастырады
Сабақ мақсатына жетуде қолданылатын белсенді оқу әдістері: «Зандылықты анықта»,«Борт журналы».«Болжамдар» ,«Тың ақпараттар»,
«Математикалық эстафета»,«Үш қадамдық сұхбат»,«Айырмашылығы неде»
Анығырақ тоқталып кетсем:«Зандылықты анықта» -әдісі бойынша оқушыларға логикалық есепті ұсынамын Формуламен туған күндерін анықтайды.
«Борт журналы» әдісі бойынша -«берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім», «мәтінді оқып жаңадан білгенім».
«Болжамдар» әдісі бойынша- Сандық тізбектердің берілу тәсілдерін схемалық түрде ұсынамын: формуламен, графикпер, сөзбен, рекурентті.
Сандық тізбектердің берілу тәсілдерін схемалық түрде ұсынамын.