Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
11.1А Көпжақтар
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Призма және оның элементтері. Есептер шығару.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы:
призма элементтерін табуға есептер шығара алады;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
призманың элементтері мен түрлерін анықтап айтады;
призмаларды жазықтықта бейнелеуді түсіндіреді;
призма элементтерін табуда есептің шартын түсіндіреді;
есептің шығару алгоритмін түсіндіреді;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
призма, көлбеу призма;
қабырға, төбе,қыр, табан, жақтар, бүйір жағы, бикітік, диоганаль, тіктөртбұрыш, параллелограмм, перпендикуляр, көлбеу,бұрыш, екі жақты бұрыш;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Призма түрі...;
Тік призма ...;
Көлбеу призманың биіктігі...;
Призманың диогоналдық қимасы дегеніміз –....;
Призма табандары бір-біріне ...;
Призма биіктігі табан жазықтығына....;
Призма диоганалі ...;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру. Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Көпжақтармен жұмыс істеу дағдысы физика, химияі бейнелеу және сызу пәндерінің кейбір бөлімдерін табысты игеру үшін қажет. Өмірде құрылыс, архитектура, дизайн салаларында қажеттілігі.
|
Бастапқы білім
|
Стереометрияның аксиомалары мен олардың салдары, түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілері; түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың өзара орналасу жағдайлары. Көпжақ , куб, параллелепипед ұғымдары. Қима салу.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
0 - 3 мин
4 - 8 мин
9 - 10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысын және дайындығын тексеру.
Оқушылардың назарын аударуға «Қуаныш шеңбері».
Мақсат: Қолайлы психологиялық климатты құру
Ұйымдастыру: Қатысушылар шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады.Көршілеріне қарап, оған бүгінгі жақсылық пен сәттілік тілеп, ишара жасайды.
Үй тапсырмасыын тексеру, ауызша қалыптастырушы бағалау.
оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау / ОМ;
оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтау, сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау.
|
.
|
Сабақтың ортасы
11 - 27 мин
|
Білімді өзектендіру.
Жақын арадағы даму аймағын ескере отырып, оқушыларды 4-5 адамнан топтарға біріктіру.
Оқушыларға приза элементтерін табуға стандартты есептерді шешуді ұсыну 1-тапсырма
|
1-қосымша
|
Сабақтың ортасы
28 - 37 мин
|
Бекіту.
Жұптық жұмыс. Оқушылардың психологиялық үйлесімділігін және жайлылық деңгейін ескере отырып жұптарға біріктіру.
Оқушыларға практикалық мазмұнды есептерді шығаруды ұсыну.
2-тапсырма, 2-қосымшадан тапсырмаларды орындау.
Оқушылармен дайын жауаптар бойынша тапсырмалардың шешімін тексеру және дескрипторлар бойынша бағалау.
|
2-қосымша.
|
Сабақтың соңы
38 - 40 мин
|
Рефлексия.
Оқушылар рефлексия сұрақтарындағы бос орындарды толтырады. Оқушыларға өз жауаптарын дауыстап оқып беруге болады.
Үй тапсырмасы. 3-тапсырма
|
3-қосымша.
4-қосымша.
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Оқушылардың жақын даму аймақтарына сәйкес сараланған топтарда жұмысы қарастырылған. Проблемалық оқыту моделі қолданылады.
|
Сабақта топтық жұмысты бағалауды мұғалім оқушыларға кері байланыс бере отырып, бақылау арқылы жүзеге асырады.
Жұптық жұмысты оқушылар дескрипторлар бойынша бағалайды
|
Кабинетті үзілісте желдетіңіз. Парталар мен орындықтарды дұрыс орналастыруға назар аудару.
|
1-тапсырма 1-қосымша.
Тік призманың табаны ромб. Призма диоганальдары 8 және 5 см, биіктігі 2 см-ге тең. Табанының ұзындығын табыңыз. Жауабы: 4,5см
Төртбұрышты дұрыс призманың қабырғасы а-ға тең. Призма диоганалы бүйір жағы жазықтығына 300 жасап көлбеген. Призманың биіктігін және призма диоганалының табан жазықтығына көлбеген бұрышын табыңыз. Жауабы: а, 450
Көлбеу призманың бүйір қыры табан жазықтығымен 300 бұрыш жасайды, биіктігі 15см-ге тең. Бүйір қырынвң ұзындығын анықтаңыздар. Жауабы: 30см.
Тікбұрышты параллелепипедтің диоганалі оның өлшемдерінен сәйкесінше 1,2,3 см артық. Параллелепипед биіктігін табыңыз. Жауабы: √2см
2-тапсырма, 2-қосымша
Есеп 1. Бөлме тік бұрышты параллелепипед пішіндес. Бөлменің ұзындығының еніне қатынасы 3:4 қатынасындай, бөлменің биіктігі 3 м. Бөлме еденінің периметрі 28 метр. Мерекеге бөлмені безендіру үшін суретте көрсетілгендей бөлме диагоналі бойымен гирлянданы іліп қою қажет. Гирлянданың қандай ұзындығы болу қажет
Жауабы : м.
Есеп 2. Алтыжақты ағаш қарындашты жасау үшін грифельге арналған ағаш дайындамасы берілген, оның пішіні - дұрыс призма. Қарындаштың көлденең қимасына сырттай сызылған шеңбер радиусы 3 мм, ал дайындама ұзындығы көлденең қимасының қабырғасының ұзындығынан 50 есе артық. Қарындашты жасау үшін ұзындығы қандай грифельді алу қажет?
Жауабы: 15 см.
3-қосымша.
Оқушының аты-жөні: .........................................................................................Күні:..........................
– Не білдім, не үйрендім...........................................................................................................................
– Не түсініксіз қалды................................................................................................................................
– Нені түзету үшін жұмыс істеу қажет..............................................................................................
– Сабақта не қиын болды ……………......................................................................................................
– Мен нені орындай алдым…...................................................................................................................
– Келесі сабақта неге назар аударуым керек.........................................................................................
Үй жұмысы. 3-тапсырма 4-қосымша.
Тік призманың табаны гипотенузасы а -ға тең сүйір бұрышы болатын тік бұрышты үшбұрыш, табан жазықтығымен бұрыш жасайтын және бүйір қырымен қиылысатын жазықтық жүргізілген. Қиманың ауданын табыңыз. Жауабы:
Тікбұрышты параллелепипедтің биіктігі 8дм, ал табан қабырғалары 7және 24дм. Диоганальдық қиманың ауданын анықтаңыз. 200дм2
Тікбұрышты параллелепипед жақтарының диоганалдары 11, 19 және 20см. Параллелепипед диоганалін табыңыз Жауабы:21см
Достарыңызбен бөлісу: |