11 лекция. Менеджмент жүйесіндегі бақылау


Бақылауды жүзеге асырудың қажеттілігінің басты себептерінің бірі сол, кез келген ұйым өз қателіктерін дер кезінде таба білуі, әрі оны ұйымның алдындағы мақсатына нұқсан келмей тұрып дұрыс арнаға бағыт



бет4/25
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#15491
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Бақылауды жүзеге асырудың қажеттілігінің басты себептерінің бірі сол, кез келген ұйым өз қателіктерін дер кезінде таба білуі, әрі оны ұйымның алдындағы мақсатына нұқсан келмей тұрып дұрыс арнаға бағыттай білуде.

Бақылаудың принциптері:


Бақылау тұтастай қамтылу принципі: әрбір басшы өзін-өзі бақылауы тиіс.

Бақылау басқару үрдісінің негізгі элементі: басқарумен бөліп қарастыруға болмайды.

Жүйелік және жан-жақтылық: тексеру барысында тек кемшіліктерді ашып қана қоймай, оны жоюдың жолдарын да қарастыруы тиіс.

Басқарудағы бақылаудың түрлері:


Алдын-ала бақылау

Ағымдық бақылау

Қорытынды бақылау

Алдын ала бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары:


белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс-тұрыс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылау үш сала, яғни адамдар, материалдар және қаржы ресурстары тарапынан жүзеге асырылады.

Адам ресурстары саласында алдын ала бақылау белгілі бір қызмет міндеттерін орындауға қажетті кәсіптік білім мен шеберлігін мұқиат талдау және біршама дайындығы мен біліктігі бар адамдарды таңдау арқылы жүргіздіріледі.

Материалдық ресурстарды алдын ала бақылағанда материал сапасының стандарттарға сәйкестігі, жаңадан түскен материалдардың жай-күйі, жарамдылығы анақталады.

Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудағы маңызды буыны бюджет. Бюджет алдын ала бақылаудың механизмі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет