13-дәрі тезисі Неміс романтизмі



бет1/4
Дата20.09.2023
өлшемі25,2 Kb.
#108983
  1   2   3   4

13-дәрі тезисі
Неміс романтизмі.

  1. Романтизм мектептері.

  2. Г. Клейст көзқарастары.

  3. Э.Т.А. Гофман шығармашылығы.

Германиядағы романтикалық әдебиет ХVIII ғасырдың 90-жылдарының орта шенінен бастап қалыптасып, келесі ғасырдың 30-жылдарына дейін өз ықпалын жүргізді. Романтизм мәдениеттің барлық саласына сыналай еніп, оның өкілдері – Новалис, Людовиг Тик, Вильгелм Вакенродер, Людвиг Арним, Клеманс Брентано, Генрих Клейст, Амадей Гофман, Альберт Шамиссо сынды ақын-жазушылар – тұтастай бір көркемдік мектеп құрап, ұлттың эстетикалық дамуының озық үлгілерін көрсетті. Романтизм өмірдің, өнердің барлық саласын – философия, тарих, филология ғылымдарын, жаратылыстану, тіпті медицинаны өзіне қаратып, зор ықпалын жүргізді.
Герман әдебиетіндегі романтизмнің қалыптасуына Фихте мен Шеллингтің идеалистік философиясының әсері мол. Фихтенің адам санасының қалыптасуының белсенділігін нығайту жайлы айтқаны, феодалдық қоғамның бұғауындағы жеке тұлғаның бас бостандығына бағышталған үндеу болып қабылданды. Ал, Шеллингтің философиялық толғамы әлемнің іштей бірлігін, тірі организм ретінде елестетті. Француз революциясы Германиядағы романтикалық өнерде алдыңғы шепке бүгінгі күннің елеулі мәселелерін қоймай, тұрмыс қиыншылығына философиялық тұрғыдан қарап, неміс романтизмінің өзгеше қырын айқындап берді.
Неміс романтизмінің бірінші кезеңі. Иендік мектеп. 1796-1797 жылдары Иен қалашығында романтикалық қозғалысты қалыптастырушылардың біршамасы: ағайынды Август Вильгелм және Фридрих Шлегелдер, Людовик Тик, Новалис бас қосып «Атеней» атты журнал шығарады. Бұл журналда олар өздерінің эстетикалық жоспарларын жариялайды. Осыған орай әдебиеттанушылар бұл жазушыларды «иендік мектеп» мүшелері деп атап жүр. Неміс романтизмі осы мектептен бастау алады.
Романтикалық өнердің теориялық құрылымын алғаш қалыптастырғандар – ағайынды Шлегелдер. Олар өнердегі қатып қалған қағидалардан бас тартып, суреткердің толық еркіндігін қалайды. Гердерден соң Шлегелдер өнердің тарихи дамуы туралы ойды құптап, романтизмнен өркендеудің жаңа сатысын көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет