1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері



бет1/23
Дата10.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#81101
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
физ рк22 (копия)


1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері.
Қан-ағзадағы ішкі сұйық ортадағы маңызды сұйықтардың бірі. Қан құрамы негізінен Плазма және формалық элементтерден тұрады.Плазма шамамен 52-58% құрайды. Формалық элементтер 42-48% құрайды. Плазма негізгі құрамы: Су 90-92% және құрғақ қалдық 8-10% құрайды. Формалық элементтер:Эритроциттер,лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Эритроциттер - қанның қызыл жасушасы.Ерлерде (4,0-5,1)*1012/л әйелдерде (3,7-4,7)*1012/л байқағанымыздай әелдерде ерлерге қарағанда азырақ. Ол ядросыз, екі жағы ойыс диск тәріздес, дөңгелек жасуша. Эритроциттердің химиялық құрамы: Су 60% және құрғақ қалдық 40% тұрады.Құрғақ қалдықтың өзі гемоглобин 36% және басқа заттар 4% тұрады. Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4,1-9,0х109/л. Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың жалпы санынан пайыздық мөлшері лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады. Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл) Қанның негізгі қызметтері:

  1. Тасымалдау

  2. Тыныс алуға қатысу

  3. Қоректендіру

  4. Экскрециялық

  5. Қорғаныштық

  6. Гуморалдық реттеуге қатысу

  7. Рефлекстік реттеу

  8. Креаторлық байланыстарды қамтамасыз ету

  9. Гомеостаз тұрақтылығын қамтамасыз ету

  10. Дене температурасын сақтау

2. Плазма құрма. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері.



Қанның физикалық-химиялық қасиеттері
1. Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты.
2. Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты.
3. Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.
4. Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064
плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032
формалық элементтердің
меншікті салмағы – 1,089-1,098
Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық)
5. Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).

  1. Осмостық қысымы – 290-310 мосм/л

Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты.

  1. Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л

Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.

  1. Қан реакциясы (рН) вена қанында – 7,36, артерия қанында – 7,42

Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет