Қал жағдайын, көңіл күйін ата-аналардан сұрау. Денсаулығын тексеру. Жеке жайлы жасап қабылдау. Топ бөлмелерінде тұрақты ауа температурасын (+21-22С) сақтау, балаларға жеңіл киімдер кигізу.
Ата аналармен әңгімелесу, кеңес беру
Ата-аналармен баланың көңіл-күйіне зейін аудару. Балалардың жетістіктері туралы ақпарат беру.
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
Баланың қалауы бойынша ойын орталығында ойыншықпен ойнау жағдайын жасау. Көңіл-күйін көтеруге арналған дыбысты ойыншықтарды көрсетіп, зейінін қалыптастыру.
Қатарға тұрып трбиешінің соңынан еріп шеңбер бойлап жүру.
Аяқтың ұшымен, қолдарынды жоғары көтеріп жүру(10 секундтан бастап, «мен жирафпын» деп айтқызып қолды бүгу және қайта жазу. Қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу)
Аяқтардың сыртқы жанымен жүру (20 секундтан жоғары, «мен аюмын» деп айту).
Таңғы ас
Гигиеналық шаралар:
Жуыну кезінде: қолдарын (алақарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандармен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту; сүлгісін сақтайтын орынды танып-білуін дамыту.
Орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру; тамақты төкпей-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту дағдыларын үйрету.
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
Таңғы жиын.
Көңілді музыка қою. Әннің әуенімен сөзідерін тыңдауға, назар аударуға үйрету. Алақандарын соғып қимылдау (музыка). Балалардың қалауы бойынша ойындар орталығында ойнауын ұйымдастыру (сөйлеуді дамыту).