2-семинар: өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері Тақырыпша: Орта ғасырлардағы араб-ислам және батыс-еуропалық идеялар



Дата18.12.2023
өлшемі1,65 Mb.
#140398
түріСеминар

2-семинар: өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері Тақырыпша: Орта ғасырлардағы араб-ислам және батыс-еуропалық идеялар

Ерланов Хасан

И-13

Орта ғасыр философиясы

Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) – Рим империясының күйреуімен байланысты (5ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14 — 15 ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.

Ортағасыр кезеңінде креационизм және эсхатология идеялары айқын байқалады. Креационизм (лат. Creatio — жарату, жасау) — әлемді бір күш жаратты, ол – біреу, жалғыз деп тұжырымдайтын пікір.

Эсхатология (гр. Eschatos — соңғы және logos — ілім, сөз) — әлем және адамзат тағдырының ақыры, соңы туралы, ақыр заман бар деп пайымдайтын ілім. Эсхатологияның ұғымына табиғатта жасырын әрекет жасайтын күштің бар екені, қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі туралы, о дүниеде күнәһарлардың жазаланатыны және діндарлардың рахатқа бөленетіні жөніндегі ежелгі түсінік енгізілген. Кеңейтілген формасында эсхатология христиан, мұсылман діндеріне тән.

Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты “Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:

  • б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.
  • III — VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.
  • Схолистикалық кезең

https://cf.ppt-online.org/files/slide/u/uOmgQW83qrTVepcYfstHMX0zhl24F6b9B1wNUy/slide-8.jpg

Араб-ислам философиясы

Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды.

Әл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше мән берді, өйткені, солардың арқасында шын мәніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бұл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деген, Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау және астамшылық жат нәрсе деген. Рухтың еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидің қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында сақталған. Әл-Фарабидің осы еңбектері арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидің және өзге де ойшылдардың дүниетанымы қалыптасты


https://opennews.kz/uploads/posts/2021-09/1631777543_al-farabi.jpg
https://i.pinimg.com/originals/d8/02/16/d80216e14d13e63f992a473a01e09a13.jpg
Квинт Септимий Тертуллиан
https://avatars.dzeninfra.ru/get-zen_doc/4473624/pub_623570cce2e7f8727af46158_6238ba56e25b57042d430284/scale_1200
Аврелий Августин
https://acathist.ru/media/k2/items/cache/3307717c0fe122dc2ed142f42c77bf35_XL.jpg
Иоганн Скотт Эриугена
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3e/Johannes-Scotus-Erigena.jpg/1280px-Johannes-Scotus-Erigena.jpg
Әл-Кинди
Әл-Фараби
Ибн-Сина

Пайдаланған әдебиеттер

  • https://kznews.kz/bilim/batys-europalyq-zhane-arab-musylmandyq-ortagasyrlyq-filosofija-turaly-qazaqsha-referat/
  • https://stud.kz/referat/show/67779


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет