Курстық жұмыс тақырыбы: «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту»



бет1/8
Дата18.05.2022
өлшемі52,61 Kb.
#34945
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШЕТЕЛ ТІЛДЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту»


Орындаған: 4 курс, 402 топ студенті,
Тұрсынбек Айкерім
Тексерген:
педагогика және психология мұғалімі
Қалкен Айғаным Жұмақадырқызы
Алматы, 2022
Мазмұны


Кіріспе......................................................................................................................3
І тарау. Бастауыш сыныптардағы оқыту әдісі ретінде – ойын технологиясы
1.1.Ойын технологиясына мазмұндық сипаттама...............................................5
1.2.Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы...........................................................................................12
ІІ тарау. «Ойын арқылы оқыту» технологиясын қолдану тиімділігі және маңыздылығы
2.1.Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану.............................14
2.2.Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі................19
ІІІ тарау. Әдістемелік эксперимент нәтижесі.................................................25
Қорытынды..........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................27


Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ойын – бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты. ¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Қазіргі заман оқушыдан әр сабақта бұрынғы біліміне жаңа білім қосып қана қоймай, оны өзі игеріп, жан- жақты ізденіп, үнемі даму үстінде болуын қалайды, яғни жас жеткіншектің салауатты, саналы, білікті, білімді болуын талап етеді.Ендеше, әлеуметтік ортаға бейімделген өзін-өзі дамыта алатын тұлғаны қалыптастыру және оны одан әрі дамыту мұғалімнің негізгі міндеті десек, бұл талап оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруды басқа көзқараспен қарауды талап етеді.
Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деген сөзіне сүйенсек әр мұғалім, әр тәрбиеші барынша өздігінен білім алып, өзін жетілдіріп отыру қажет. Оқушылардың білімді толық меңгеріп, бір уақытта дамып, тәрбиеленіп отыруы үшін мұғалім өз сабақтарын түрлендіріп, түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып отырғаны жөн. Оқыту мен тәрбиелеу-үздіксіз бөлінбейтін процесс. Сондықтан мұғалім қандай да әдістер мен тәсілдерді таңдаған уақытта біріншіден, тәрбиелік және тиімділік жақтарын ескеріп отырғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет