2 тақырып Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, педагогикалық ойлар



бет1/8
Дата16.12.2023
өлшемі320,1 Kb.
#140283
  1   2   3   4   5   6   7   8

2 тақырып Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, педагогикалық ойлар


Лектор:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Ұзақбаева Сахипжамал Асқарқызы

Жоспар:

Жоспар:

  • Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбие
  • Ежелгі Шығыс елдеріндегі тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар (Египет, Месопотамия, Қытай, Үндістан)
  • Антика әлеміндегі (Ежелгі Греция және Рим) тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар
  • Орта ғасырдағы (Византия, Үндістан, Қытай) тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар

Тәрбиенің шығуы алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың еңбек тәжірибесіне, олардың қоғамдық қатынастарының қалыптасуына байланысты болды.
Ф.Энгельстің «Маймылды адамға айналдыру процесіндегі еңбектің рөлі» атты кітабында «Адамды адам еткен еңбек» делінген.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері:
  • Тәрбие тәжірибелік-практикалық сипатта болды, яғни тәрбие еңбек тәжірибесінен, еңбек дағдысынан туындады.
  • Ересектер балалар өмірге қажетті негізгі амал-жолдарды үйретті: азық табу, үй шаруасына қажетті заттарды даярлау, өзінен кішілерге қарау, киім-кешек даярлау және т.б. балалар бәріне ортақ болды.
  • Кіші балалардың тәрбиесімен қауымның әйелдері айналысты (олар балаға еңбектің қарапайым түрлерін үйретті).
  • Ересек балалар ер азаматтармен аң, балық аулауға машықтанады.
  • Қыз балалар үй шаруасына көмектесті.
  • Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар тіршілігінің басты шарты – еңбек құралдарын жасау және оларды пайдалану болды.
  • Кейіннен жағдай өзгереді. Қоғамның ыдырай бастауы және әлеуметтік жағдайының күшеюі оларды қаталдыққа итермеледі. Адамды ұрып-соғу, жазалау қолданылды.
  • Тәрбиенің ұжымдық дәстүрі «Жастар үйі» пайда болуына алып келді. Жастардың тәрбиесімен рудың тәжірибелі қарттары айналысты. Олар жастарды: өмірге, еңбекке, сынаққа дайындады.
  • Біртіндеп еңбек түрі күрделенді (мал бағу, жер игеру, қолөнер дамыды), осыған орай тәрбие де күрделеніп, көпжақты болды (Сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет