20 тақырып айналымдық активтерді басқару



Дата26.01.2023
өлшемі16,4 Kb.
#63029

20 ТАҚЫРЫП
АЙНАЛЫМДЫҚ АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ
Айналым капитал икемді активтер, ол кәсіпорынның ағымдағы жұмысын үзіліссіз қамтамасыз етеді және белгілі ретпен жаңартылады.
Бухгалтерлік есепте және есеп беруде айналым капиталы «айналым капитал» және «айналым қаражаты» терминімен берілген.
Қаржыгерлердің көзқарасы бойынша кәсіпорынның капиталы, ол өндіріске пайдалануға арналған және пайда әкеледі ( қосымша капитал немесе қосылған құн )
Айналым қоры және қаражаты өндірістің барлық қызметтеріне қатысатындықтан (ақшалай; өндіріс қоры; өндірістік шығындар; тауарлар) айналым капиталы да натуралдық-заттай түрінде көрсетіледі.
Айналым капиталының мынандай сатылары бар(стадия):

  • өндірістік саты

  • айналым саты.

Айналым, өндірістік қатарына және қаражатына жататындар:



  • Еңбек заттары ( шикі заттар, негізгі және қосалқы материялдар, жанар және жағар майлар);

  • Еңбек құралдары ( саймандар, инструменттер және т.б )

  • Аяқталмаған өндіріс ( еңбек заттары және еңбек құралдары )

  • Болашақ кезеңдегі шығындар.

Айналым саласындағы айналым қоры және қаражаттары:



  • дайын өнімдерге авансыланған, кәсіпорынның қаражаттары;

  • есеп айырысуда жүрген қаражаттар;

  • кәсіпорынның кассасындағы және есеп айырысу шотындағы қаражаттар.

Айналым капиталы бір мезгілде өндірістік қор ретінде, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімдерде, ақша қаражат түрінде есептесу, валюталық шотта және кассада.
Соныменен, кәсіпорынның бір мезгілде өндірістік айналым капиталына және айналымда жүрген айналым капиталы болуы керек
Кәсіпорынның айналым капиталы нақтылы сатып алу шығындармен (нақтылы өзіндік құнменен) бағаланады.
Белгілі бір мерзімге қорлардың құнын бағалау үшін бірнеше әдістер қолданылады:



  • Ағымдағы бағамен бағалау: қорлар өндірілген өнімдер шығыныменен бағаланады және есептен шығарылады, кезеңнің аяғындағы қалдық қорлар нақтылы өзіндік құнменен анықталады – бұл Лифо әдісі.

  • Нақтылы сатып алу бағасымен бағалау: қорлар - өндірілген өнімдер шығыны арқылы есептеліп шығарылады және бағаланады, ал кезеңнің аяғындағы қалдық қорлар соңғы сатып алумен байланысты нақтылы өзіндік құнмен анықталады – бұл Фифо әдісі.

Айналым қаражаты – бұл айналым активтивтерін аиансыланған ақша қаражаттары, ол бірнеше рет жыл бойында айналымда болады.
Айналым активтерінің екі жақты экономикалық табиғаты бар. Бір жағынан ол, кәсіпорынның мүлігінің бір бөлігін көрсетсе (өндірістік қор, аяқталмаған есеп айырысу т.б) Басқа жағынан – ол кәсіпорынның үзіліссіз өндіріс қызметін қамтамасыз етуге айналым активін авансыланған капиталдың бір бөлігі.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1.Қысқа мерзімді міндеттерді қамтамасыз ету.
2. Айналым активтерініңбюджетін жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет