Қазақстан Республикасы Білім және Жоғарғы ғылым министрлігі



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі113,13 Kb.
#137369
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және Жоғарғы ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультеті « Филология »
Кафедрасы «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы»

МӨЖ
Тақырыбы: Салттық ұғымдар уәжділігі



Орындаған:Бектемір Динара
Тексерген:Абитжанова Ж.А

АЛМАТЫ,2023ж

Салттық ұғымдар


Киіт– құдалар арасында жасалатын кәденің бірі.
Қазақ халқы арасында “құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі – бейіт” деген мақал бар. Яғни киіт – құдалықтың негізгі белгілерінің бірі. Киіт – бас киіт, аяқ киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға бас киіт беріледі де, қалған құдаларға екінші дәрежедегі (аяқ) киіт беріледі. Киіт келген құданың беделіне, алатын орнына қарай бөлінеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем, т.б. қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Киіттің ең төменгі түрі кездемелермен бітеді. Қазақстанның кейбір аймақтарында құда түспей-ақ тойы болғанда, сол үй ішіндегі адамдарға жеке-жеке арнап апарылған киімді де киіт деп атайды. Қазіргі кезде “қалың мал” төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жоралғылары жасала береді. [1]

Киіт-парсы тіліндегі мағынасы «қарызды өтеу, есептесу». Қазақ тілінде «құдалар арасындағы алыс-беріс ырымы» деген ауыспалы ұғымда қолданылады.
КИІТ (пар. кит كيت) – парсы тіліндегі мағынасы қарызды өтеу, есептесу, ал қазақ тілінде ауыспалы мағынада, яғни құдалар арасындағы алыс-беріс ырымына қатысты қолданылады.
Қамқа тон, қызыл берен, жанат ішік, Арнаулы бас басына киіт киіп («Қыз Жібек» (Шеге ақын нұсқасы). Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).
Тұлпар мен зерден киіт қып, Мәртебесін биік қып («Құлқыныс-Зеберше». Бабалар сөзі. 3-том. 2004. 100 томдық).
Көтібар сонша жанға киіт берді, Жарандар, көрдіңдер ме мұндай ерді (Айман-Шолпан. 1987).
 Дереккөз: Г. Мамырбекова. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. 2017. –658 б.
КИІТ- құдандалы адамдардың бір-біріне беретін сый-сияпаты. Қызға құда түсе келгенде, қызды ұзатып апарғанда, қалыңдық пен күйеу жігіттің ата-аналары тарапынан беріледі. Бас киіт, аяқ киіт болып бөлінеді. Құдаларды бастап барған үлкен адамға — бас киіт, қалған құдаларға екінші дәрежедегі аяқ киіт беріледі. «Ділдәні Абайға айттырған уақытта бас құда Құнанбайға к и і т деп, Алшынбай аулы күміс тартқан. Ол күмістің аты - тайтұяқ». Жалпы есептей келгенде, ілу мен К-тің құны шамалас болған («Өрде»).
Дереккөз: Ақбай Н.Е. Абай жолы энциклопедиясы
Шілдехана − дәстүрлі қазақ өмірінде келелі мән алатын ғұрыптық жоралғы, дүниеге келген жас сәбидің құрметіне жасалатын той. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау деген нанымнан шыққан. Сондықтан шілде күзет деп те аталады. Қазақ дәстүрі бойынша, бала қырқынан шыққанда, қырық қасық сумен жуындырып, қарын шашын алады, осыған байланысты жасалатын ырым-тілеу шілде той делінеді. Парсы тілінде «чле»(оқылуы: челле) − адам баласы туғаннан, өлгеннен кейінгі қырық күн мәулет. Парсыларда сәби дүниеге келгеннен кейін, бала жатқан үйге бөтен адамды кіргізбейтін салт болған, ол үлкен челле(қырық күн), кіші челле(жиырма күн) деп бөлінген. «Чле» сөзінің төркіні − «чһл»(оқылуы: чеһел), мағынасы − қырық(сан есім). Мысалы, чһл тке − қырық құрақ, чһл сәлгі − қырық жас, қырық жыл. Чһл тн − төте мағынасы: қырық дене, ауыспалы мағынасы: қырық мүрде, қырық рух. Осы тіркестен қазақ тіліндегі «шілтен» сөзі шыққан, «Түсіндірме сөздік» бойынша, бұл сөздің мағынасы: мұсылмандарды қолдап жүретін, көзге көрінбейтін киелі бейне. Сопылық түсінік бойынша, шілтен − тылсым күшке ие қырық рух, олар әдетте мазарларда, кесенелерде құдайға құлшылық етеді, адамдарға әрқашан көмекке келіп, рухани жолға түскендерге жөн сілтеп, жолаушыға, қысылған адамға қол ұшын беріп отырады. Кейде кісі бейнесіне еніп, адамдармен аралас-құралас жасайды деп те айтылады. «Сөз сандықта» бұл ұғымға «періште» деген сілтеме жасалған, бұл дұрыс емес, өйткені ислам ұғымында періште − Алланың әмірін орындаушы, олар нұрдан жаралған, ұйықтау, шаршау, қателесу, ұмыту дегенді білмейді. Олардың саны шексіз, «Құран кәрімде» төрт періштенің − Жәбірейіл, Микайыл, Әзірейіл, Исырайылдың аты аталады. Демек, шілтендерді періштемен теңестіруге болмайды. Ескілікте шілтендерге арнап қырық шырақ жағу сияқты ырым-жоралғылар болған, оның жұқанасы қазір де халық арасында жалғасып келеді.
Домбыра ал,
Әнге сал,
Шілдехана күзет енді сен.
Ер жетсін,
 Тербетсін
 Елді жаңа,
Нұрлы, әсерлі сөзімен (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Есімі уайым емес деп,
Қуандық біз балаға.
 Атын қойып «Кеңес» деп,
 Шілдехана күзетіп,
Қош айтысып
Нұршайға қалған елдік кетісіп (І.Жансүгіров, Шығ.).
Шілдехананы Жетісу жерінде «шілде күзет» дейтін болса, Моңғолиядағы қазақтарда «шілдехана күзет», «шілдехана күзету» деп атайды (Д.Қатран, Қаз. дәст. ас-тағам.).
Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те демалмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана ,
Келеді дүниені кезуменен
Дереккөз: Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. "Мұқағали тілі" сөздігі. – Алматы, 2017

 Жайлауда шілдехана той болады, Баққаны сорлы кедей қой болады. Баруға баста билік болмаған соң, Шерленген жүрегінде ой болады (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
 Дереккөз: Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет