2016 жыл №78 (7998) 4 Қазан сейсенбі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі15,08 Mb.
#6395
1   2   3   4

ЖОЛ АПАТЫ

ЖОЛ АПАТЫ

ӘЛБЕТТЕ, ЖЫЛ ӨТКЕН 

САЙЫН ЖОЛ АПА-

ТЫНАН ҚАЗА БОЛА-

ТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ 

ДА ҚАТАРЫ АРТУДА. 

МҰНЫҢ СЕБЕП САЛ-

ДАРЫ НЕДЕ? ОНЫҢ 

ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА 

БОЛАДЫ? МІНЕ, 

ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР 

АУДАН ӘКІМІ 

ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВТІҢ 

ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН 

ӨТКЕН ЖИЫНДА 

ТАЛҚЫЛАНДЫ. АУДАН 

ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС 

ЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ПРО-

КУРАТУРА, ҚҰҚЫҚ 

ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН 

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ 

ЖИНАЛДЫ.

Бастауыш  сынып  оқушылары  арасында 

«Көркем сөз оқу шебері» атты сайыс өткізілді. 

Сайысқа  қатысқан  12  үміткер  мәнерлеп 

оқу 

шеберлігімен 



көрермен 

көңілінен 

шыға  білді.  Тіпті,  үш  тілде  өлең  жолдарын 

жатқа  айтып,  орындарды  өзара  бөлісті.  Тіл 

апталығын  Серіккүл  Қамбалаева  жетекшілік 

ететін 


төртінші 

сынып 


оқушыларының 

«Тілімізді  құрметтейік!»  атты  ертеңгілігі 

қорытындылады.

Қырмызы ҚЫДЫРБАЕВА.

Соның  бірі  194  орта  мектептегі  «Қазақ 

тілі – менің тілім» атты тіл апталығы. Апталық 

барысында  бесінші  және  сегізінші  сынып 

аралығында түрлі шаралар ұйымдастырылып, 

қабырға  газеті  шығарылды.  Нәтижесінде, 

бірінші орынды жетінші сынып иеленсе, екінші 

орынға бесінші сынып оқушылары тұрақтаған, 

ал сегізінші сынып оқушылары үшінші орынға 

ие болған. Одан бөлек «Тіл рухани күре тамыр», 

«Туған тіл басты байлығымыз» тақырыбында 

шығарма байқауы өткізілді. Сондай-ақ, «Кенің 

бай,  өрісің  кең  туған  тілім!»  тақырыбындағы 

сайысқа оқушылар белсенділік танытты. Төрт 

турдан  тұрған  тартысты  сайыстың  «Кім  жыл-

дам» кезеңінде оқушылардың ой жүріктігі мен 

жылдамдығы сараланды.

Ал,  апталық  соңында  жоғары  сынып 

шәкірттері  «Сыпайы  сөйлей  білесіз  бе?» 

тақырыбында  ток-шоуға  қатысып,  қоғамдағы 

жастар арасындағы сөйлеу мәдениетінің жайы 

туралы ойларын ортаға салды. 

Апталық  қорытындысы  бойынша  көзге 

түскен оқушылар дипломмен марапатталды.



Шолпан ҚАНСЕЙТОВА.

Қазақ 


тілі 

мен 


әдебиеті 

пәнінің 


мұғалімдерінің  ұйытқы  болуымен  өткізілген 

апталықтың негізгі мақсаты шәкірт бойына ана 

тілдің  қадір-қасиетін  дарыту,  тіл  мәртебесін 

көтере білуге қалыптастыру, сөздік қорын мо-

лайтып,  қаймағы  бұзылмаған  нақыл  сөздерді 

оқушы бойына сіңдіру. 

Қазақ  тілі  пәнінің  ұстазы  Бағлан  Жолдас-

бекова  бесінші  сынып  оқушыларымен  «Ана 

тілім  –  ардағым»  атты  ашық  тәрбие  сағатын 

өткізді. Аудандық кітапхана ұжымымен бірлесе 

өткен  шараға  оқушылар  белсене  атсалы-

сып,  білімдерін  ортаға  салды.  Тәрбие  сағаты 

барысында  кітап  көрмесі  көрсетіліп,  онда 

балаларға арналған мақал-мәтелдер жинағы, 

әдеби шығармалар қойылды.

Назгүл ЖАРЫҚБАЕВА.

«Қарты  бар  ел  –  қазыналы  ел», 

«Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған 

хатпен  тең»,  «Үлкеннен  ілтипат,  кішіден 

ізет» деген бабалар үлкенді сыйлауға, олар-

ды құрмет тұтуға тәрбиелеген. Сондықтан, 

биылғы  жылы  Аққорған  ауылдық  округі 

әкімдігі ерекше атап өтті. 

Клуб  үйінің  төрінде  Түгіскен  өнер 

мектебі  жанындағы  халық  аспаптары 

оркестрі әсем де жүрек тебірентерлік әуенді 

ойнауда.  Кәдімгі  Нұрғисаның  «Әлқисасы». 

Сахнадағы оркестр мұнан соң жергілікті саз-

герлер Дінислам Сапаровтың «Достық» күйі 

мен  Руслан  Рүстемовтің  сөзіне  жазылған 

Құлахмет  Нәлтаевтың  «Наурыз»    әнін, 

«Қазақ  биін»  нақышына  келтіре  орындап 

көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

Сахна  төріне  шыққан  ауыл  басшы-

сы  Сардармұхаммедқали  Садықов  залға 

жиналған  ауылдың  абыз  қарияларын  төл 

мерекелерімен құттықттады.

– Жыл сайын ауылда  ардагер саны ар-

тып  келеді.  Оның  айқын  көрінісі  биылғы 

жылдың  өзінде  зейнеткерлер  саны  24 

адамға  артып  отыр.  Жалпы,  ауылда  Ұлы 

Отан соғысы мен 13 тыл ардагері және үш 

мүмкіндігі  шектеулі  адам  жәрдемақы  ала-

тын  жандар.  Осынау  төл  мерекелеріңізбен 

баршаңызды тағы да құттықтаймыз, – деді 

ауыл әкімі.

Шара  барысында  «Жаңақорған  су 

шаруашылығы»  мекемесінде  бас  ма-

ман  болып  қызмет  істеген  марқұм  Бақыт 

Салыбековтың  отбасысы  дастархан  жай-

ыпты. Сондай-ақ, ауыл басшысы зейнеткер 

Ермағанбет Ибрагимов, Қожахмет Шахназа-

ров және Зұлпыхар Сыздықовқа арнайы ма-

рапат жасады.   

*** 

Манап ауылдық округінде де аналарын 

төл мерекелерімен құттықтаған округ әкімі 

Ербол  Әлменов  олардың  бейнетке  толы 

еңбек жолдары кімге де болса үлгі, ауылдың 

абырой-айбары екенін көпке үлгі етті. ауыл 

әкімі  23  еңбек  ардагеріне  сый-сияпат  жа-

сады.  Мерекелік  шарадан  шыққан  еңбек 

ардагері  Шадман  Есенқұлов,  Құттықожа 

Көкенов және Мұрат Әбуов өздерінің бүгінгі 

шараға риза екендіктерін бір сөзбен: 

–  Қарттарына  мұндай  көңіл    бөліп, 

олардың  жағдайын  жасау  біздің  егемен 

елімізде  өріс  алғандығына    көзіміз  жетіп 

отыр. Мұның бәрі Елбасының сарабдал сая-

саты мен ұстанған ұстанымының  арқасында  

мүмкін  болып  отыр.  Сондықтан  мына 

шараға  дән ризамыз. Ән мен күй тыңдап, 

айтыс көрдік. Бұл да болса бір ғибрат емес 

пе, – дейді. 



***

Екпінді  ауылы  №166  орта  мектебінде 

өнерпаздар  ән  мен  күйден  шашу  шашса, 

ауыл әкімі  Қайрат Қожамжаров басқаратын 

аппарат қызметкерлері ардагерлерге ыстық 

ықыластарын жеткізді. Ауыл ардагерлерінің 

бірі  Темірбек  Өмірәлиев  ақсақал  мен 

тыл  ардагері  Тәтен  Шымбаева    әжей  

жүрекжарды лебізін жеткізді.

Айта  кететіні,  есімдері  елге  қадірлі  Әлі 

Исаев,  Қалипа  Түлкібаева  сынды    техника 

тілін  жетік  меңгеріп,  облыс  көлемінде  аты 

мәшҺүр  жандар  өткен  ауылда  56  зейнет-

кер тұрады екен. Олардың ішінде  жеті тыл 

ардагері бар. 

***

«Нұр  Отан»  партиясының  аудандық 

филиалы  төрағасының  кеңесшісі  Нариман 

Жакудаев  пен  «Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы»  маманы  Балжан  Мейірбекова 

кент  тұрғыны  Күнсұлу  Жорабаеваға  сый-

құрмет көрсетті. 

Бүгінде  сексеннен  асқан  тыл  ардагері 

алты  ұл-қыз  тәрбиелеп  өсіріп,  19  немере, 

13  шөбере  сүйіп  отыр.  Өмірінің  жартысын 

байланыс торабында еңбек етіп, халық үшін 

қызмет  етіп,  одан  басқа  да  саланың  түрлі 

марапаттауларын иеленген. 

Шара  барысында  қадірменді  әжей 

Күнсұлу Жорабаева сөз алып, өз кезеңіндегі 

сала  жұмысындағы  қиындықтарды,  оны 

еңсере  білуде  ерен  қимыл  танытқан 

замандастарының 

тағдыры 

жөнінде 


әңгімелеп,  жастарды  еңбексүйгіштікке, 

бардың  қадірін  білуге  үндеп,  Тәуелсіз 

елдің  қол  жеткен  табыстарына  шаттанып, 

тілектес  ниетте  отыратындығын  тебірене 

жеткізді.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

ҚАРТТАРЫМ, 

АМАН САУ ЖҮРШІ!

Ардақты анамыз Үрзада Сей-

дахметова 1939 жылы 22 сәуірде 

Жаңақорған қонысында дүниеге 

келген  еді.  Саналы  еңбек  жо-

лын  сауда  саласына  арнады. 

Ері  Темірхан  екеуі  6  ұл-қызды 

өсіріп, жетілдірді.

Анамыз  біздің  ақжарқын, 

кішіпейіл  жан  еді.  Кімге  бол-

сын  жақсылық  жасауға  асығып 

тұратын. Қатарластарының ара-

сында  қарапайым  қасиетімен 

қадірлі бола білді.

Тағдырдың 

жазмышы-

на  не  шара,  77  жасқа  қараған 

шағында аяулы анамыз қайтпас 

сапарға  аттанды.  Артында  өзі 

мәпелеп  өсірген  бау-шарбағы 

қалды.  Анамызды  әр  кез 

жүрегіміздің  төрінде  сақтап,  дұғамен  жоқтап,  жаратқаннан 

жарылқау тілейміз. 

Анашым, мейірімің сағындырды,

Іздеп көңіл кезеді, сағым-мұңды.

Бұл өмірде анаға тең келе ме,

Перзентіне сыйлаған жарық нұрын.

Сен кеткелі орның тұр ойсырайып,

Қалғандай боп төрімнің өңі тайып.

Жатқан жерің жай болсын, жан анашым,

Жаратушым пейішке көрсін лайық.

Қадірлі  әлеуметті  ардақты  анамыз  Сейдахмето-

ва  Үрзаданың  14  қазан  (13  қазан  қонақасы)  күні  берілетін 

жылдық  асына  шақырамыз.  Мекен-жайымыз  Жаңақорған 

кенті, Қорасан Ата көшесі №60 үй.



Еске алушылар: жары Темірхан, ұл-қыздары, 

Абдуллаевтар отбасы.

АУДАНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНДА ТІЛ АПТАЛЫҒЫ 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ОҚУШЫЛАР БІЛІМІН ШЫҢДАУ

АНА ТІЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ МАҚСАТЫНДА ТҮРЛІ ШАРА-

ЛАР ӨТТІ.

№53 А.РОМАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ 

«ЖАСАЙ БЕР, ҚАЗАҚ ТІЛІМ – АНА ТІЛІМ» АТТЫ 

АПТАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

№51 М.ҚАРАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ 

«ТІЛ ҰЛТТЫҢ – ТІРЕГІ» АТТЫ ОН КҮНДІК АПТАЛЫҚ 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

МЫҚТЫҒА 

МАРАПАТ КӨП

Тәуелсіздік  жылдарында  аудан  спор-

ты толағай табысқа жету жолында күресіп 

келеді.  Азия  және  Әлем  чемпионаттарын-

да жүлделілер қатарынан көрініп жүр, тіпті 

Олимпиада ойындарына қатысып, ел намы-

сын  абыроймен  қорғаған  спортшылар  да 

бар.  Осындай жетістік жолында жүрген ау-

дан спортшылары мен жаттықтырушыларын 

спорт  күні  және  мұғалімдер  мерекесі  ая-

сында  елге  белгілі  тұлғалар  құттықтап, 

«Алғыс 

хат» 


табыстады. 

Аудандық 

білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен  өткен 

мерекелік  кешке  республикалық  «Спорт 

жұлдыздары» журналының бас редакторы 

Мұсағали  Тасқалиев,  Қызылорда  облысы 

аймақтық  дене  шынықтыру  орталығының 

бөлім  басшысы  Жігер  Айекешов  және  ауданның  бас 

ұстазы Болат Ибрагимов бірнеше спорт және алғашқы 

әскери  пәнінің  үздіктерін  марапаттады.  Сондай-ақ, 

«Үздік  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі»  төсбелгісімен 

Мұхтар Өрғараев марапатталды. 

–  Әрине,  мұндай  жетістікке  жету  үшін  алдымен 

еңбектену  керек.  Соның  арқасында  бүгін  біршама 

азаматтар  бағаланып  жатыр.  Бұл  ұстаздарға  ерек-

ше  күш  береді,  әрі  осындай  аға  буынның  ұстанымы 

кейінгі жастарға үлгі болары анық. Сондықтан, бүгінгі 

шараның  маңызы  мен  мәні  терең,  –  деді  аудандық 

білім бөлімінің әдіскері Қайрат Оралбеков.

Дәулет АЙМЕНОВ.

Всем абонентам «Отау ТВ»

Информируем Вас о том что, с 1 октября 2016 года 

иностранный  спутник  «Intelsat-904»  приостанавлива-

ет  подача  сигнала,  связи  с  этим  просим  Вас  перена-

строить свой спутниковую антенну и приемник на оте-

чественный спутник «KazSat-3». По вопросам перена-

стройке на спутник «KazSat-3» прошу Вас обращаться 

на нижеуказанным номерам:

Контактный тел: 8 (7242) 55 14 44, (внут номер 54 

04, 54 11, 54 18, 54 24). 

Сотовые  телефоны  дилеров  оказывающих  услуги 

перенастройки  по  городу  Кызылорда:    87471992717, 

87071247864, 87011589696, 87056777747, 8708708017, 

87772995022. 

Байланыс тел: 8 (7242) 55 14 44, (ішкі номер 54 04, 

54 11, 54 18, 54 24). 

Аралский район: 87015678231, 87756243811. 

Казалинский район: 87752124750, 87753225757, 

Кармакшинский район: 87774560582, 87011391126.

Город Байконур : 87059517411. 

Жалагашский район: 87776205048. 

Сырдаринский район: 87011472950.

Шиелинский район: 87029107415. 

Жанакорганский 

район: 

87014342021, 



87027282100, 87025960665.

 «Отау ТВ» қызметін пайда-

ланушы абоненттер!

2016  жылдың  1  қазаннан  бастап  шетелдік 

жерсеріктік  «Intelsat-904»  өшірілуіне  байланы-

сты, «Отау ТВ» спутниктік телеарнасы антеннасын 

отандық  «KazSat-3»  жерсерігіне  ауысуларыңызды 

сұраймыз.    «KazSat-3»  жерсерігіне  ауысу 

жұмыстары бойынша төмендегі байланыс телефон-

дарына хабарласуға болады. 

Байланыс тел: 8 (7242) 55 14 44, (ішкі номер 54 

04, 54 11, 54 18, 54 24). 

Қызылорда 

қаласы 


бойынша 

ауыстыру 

қызметін  көрсететін  дилерлердің  ұялы  телефон-

дары:  87471992717,  87071247864,  87011589696, 

87056777747, 8708708017, 87772995022. 

Арал ауданы: 87015678231, 87756243811. 

Қазалы ауданы: 87752124750, 87753225757, 

Қармақшы ауданы: 87774560582, 87011391126.

Байқоңыр қаласы: 87059517411. 

Жалағаш ауданы: 87776205048. 

Сырдария ауданы: 87011472950.

Шиелі ауданы: 87029107415. 

Жаңақорған 

ауданы: 


87014342021, 

87027282100, 87025960665.



   

   

Ұ

ст

а

зд

ар

 әу

леті

4  қазан, 2016 жыл

4

Жаңақорған



ТЫНЫСЫ

Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактор



Қаныбек ӘБДУОВ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6225             Тапсырыс № 1181

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

ОҚШАУ


ОҚШАУ

ОЙ

ОЙ



   Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

ТЕКТІҢ 

ТАЗАЛЫҒЫ


Қазақ  тектің  тазалығына  ерекше  мән  берген 

халық.  Тіптен,  жеті  ата  қағидасына  сай  қыз  алып, 

қыз  беріспеген.  Ең  бастысы,  өзгенің  қолына  ару-

ын  ұстатпаған.  Яғни,  тектің  рухани  болмысы  саф 

сақталуға ерекше мән берді. Бұған белгілі антропо-

лог  Оразақ  Ысмағұловпен  сұхбаттасқанда  қаныға 

түстім.   

Өмірін антропология саласына арнаған зерттеуші 

қазақ тарихын тереңнен зерттеп, 4 000 жылдық та-

рихын дәлелдегенін және қазіргі қазақтың генінде 30 

пайыз  байырғы  ата-бабаның  гені  сақталғанын  айт-

ты.  Таңқаларлығы,  мыңжылдықтар  керуенінде  ата-

бабасының  болмыс-бітімі  сақталған  ұлттар  әлемде 

жоқтың қасы екен. 

– Қазақ жері Еуразия даласының кіндігінде, яғни, 

екі құрлықтың түйіскен жерінде орналасқан. Өтпелі 

кезеңдерде  шығыстан  келген  жұрттар  қазақ  дала-

сында тұрғылықты халықпен араласқаны байқалады. 

Сақ,  үйсін  дәуірі  немесе  алғашқы  темір  ғасырында 

байырғы  халық  шығыстан  келген  моңғолит  тип-

тес  халықтармен  араласқаны  байқалады.  Сол  кез-

де  жат  жұрттықтармен  15  пайыз  (генетикалық 

қаны) араласқанын зерттеу жұмыстары көрсетті. Ал, 

антикалық  дәуір  –  б.з.б.  ІІІ-ІV  ғасырда  тұрғылықты 

халықтың қанқа сүйектерін алып қарасаңыз моңғолит 

тектес  элементтер  25  пайызға  дейін  өссе,  түрік 

дәуірі – VІ-Х ғасырларда моңғолит типтес халықпен 

кірмелік  жасағаны,  яғни,  генетикалық  ерекшелігі 

50-50.  Ал,  енді  ХІ  ғасырдан  ХV  ғасыр  аралығында, 

әсіресе,  моңғол  шапқыншылығынан  кейін  «мен 

қазақпын»  деген  жұрт  қанына  тағы  да  20  пайыз 

қосылды.  Сонымен  бүгінгі  қазақтардың  бойында  70 

пайыз моңғолитті элемент, 30 пайыз бұдан 4-5 мың 

жыл бұрын елдің аумағында өмір сүрген еурополиттік 

ерекшеліктері  сақталған.  Демек,  біз  осы  жерде 

тұрған  байырғы  бабалардың  тікелей  мұрагеріміз. 

Биологиялық,  генетикалық  тарих  дәлелдегендей 

біздің  көне  бабалардың  қаны,  жаны,  ойы,  болмы-

сы,  рухы  және  т.б.  қасиеттері  біздің  бойдағы  қан 

жүйелерінде  ағып,  қанқа  сүйектерде  жатыр,  –  деді 

Ұлттық ғылым академиясының академигі.  

Ғалымның  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеген  құнды 

жаңалығы бізге нені меңзейді? Көнеден негіз алатын 

әрбір  қазақтың  генінде  «Жауынгер  сақпын!»,  «Көк 

Бөріден  тарадым»  деген  мифтік  ақпарат  бар.  Әсілі, 

осы  ықылымнан  алған  «ұлттық  мен»  «Мәңгілік  Ел» 

болуды  аңсайды.  Яғни,  «Мәңгілікке»  ұмтылудың  өзі 

атадан  келе  жатқан  рухани  күш,  тірек.  Енді  уақыт 

көшінде  көнермеу  үшін,  өшпеу  үшін,  адамзатпен 

бірге жасай беру үшін қазақ қандай мән-мазмұнға ие 

болуы керек? Мәңгілікке бастар жол қандай? 

Әрине,  орыстан  жұққан  жікшілдік,  рушылдық 

қасиеттен арылу керек. Екіншіден, қыздың тәрбиесіне 

мән беруді кешіктірмеу қажет. Үшіншіден, жастардың 

бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ екеніне 

мақтанатын жағдайға жеткізу тиіс.

Олай  болмаса,  4  000  жыл  бойы  атадан-балаға 

ген арқылы берілген болмыс-бітімнен айырылып, ұлт 

ретінде  өмір  сүруді  тоқтатып,  бабаның  аманатына 

қиянат жасаймыз.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ 

БАСТАЛЫП, ҮЛКЕНДІ-

КІШІЛІ ШӘКІРТТЕР МЕН 

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНЫҢ 

МӘЗ-МЕЙРАМ БОЛЫП 

ЖАТҚАН КҮНДЕРІНІҢ 

БІРІНДЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ 

ШЫҚҚАНҒА ДЕЙІНГІ 

ӨМІРІНІҢ ҚЫРЫҚ БЕС ЖЫ-

ЛЫН ЖАС-ӨСКІНДЕРДІ 

ТӘРБИЕЛЕУМЕН ӨТКІЗГЕН, 

КЕЗІНДЕ ТӘЖІРИБЕСІ АУ-

ДАН, ОБЛЫС КӨЛЕМІНЕ 

ТАРАТЫЛҒАН, 

РЕСПУБЛИКА 

ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ 

ОЗЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ, 

БЕЛГІЛІ ҰСТАЗ МЫРЗА-

ЖАН ҚЫРАШБАЙҰЛЫ 

ЖАҚЫПОВПЕН ДИДАРЛА-

СЫП ҚАЛДЫҚ. ЖЕТПІСКЕ 

ҚАРАЙ ҚАДАМ БАССА ДА 

ЖҮРІСІ ШИРАҚ, СӨЗІ ТЫҢ 

ЕКЕН, СӘЛЕМНЕН СОҢ 

БҮГІНГІ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН 

ӨМІР ЖОЛЫ ЖАЙЛЫ СЫР 

ШЕРТІП КЕТТІ.

Әкем  Қырашбай  бабам  Жақыптың  бес 

ұлының  бірі  екен,  –  деп  бастады  сөзін  ол,  – 

сауатсыздығына  қарамай  ағайындарын  тегіс 

темір жол жұмысына орналастырыпты. Өзінше 

ізденіп  хатта  таныған.  Ескі  өкімет  кетіп,  жаңа 

өкіметтің  жағдайы  қым-қуыт  өзгерістерге 

толы  болса  да  теміржол  жұмысы  мен  отарба 

жүрісінде  өзгеріс  бола  қоймапты.  Ал,  далалы 

жерлердегі  «Өкімет  өзіміздікі»,  –  де  өрекпіген 

белсенділердің ылаңының соңы ашаршылыққа, 

ол  «халық  жауы»  деген  зұлматқа  ұласыпты. 

Одан  кейінгі  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі 

тауқыметті  бүгінгі  ұрпақ  көрмей-ақ  қойсын. 

Әкем осы қиын қыстау кезеңдердің бәрін көзімен 

көріп,  көбісін  қолымен  атқарған.  Тынымсыз 

еңбегінің  арқасында  «Шойын  жол  саласының 

шебері»  дәрежесіне  көтерілген.  Ал,  Ұлы  Отан 

соғысы  жылдарында  жауынгерлер  мен  қару-

жарақ тиелген эшалондарды майданға кідіріссіз 

жөнелткеніне  орай  «Еңбектегі  ерлігі  үшін» 

медалімен,  «Ленин»  орденімен  марапатталған 

және  социалистік  жарыстың  бірнеше  дүркін 

жеңімпазы болған. 

–  Білімім  болмаса  да  бұл  менің  тынымсыз 

төккен маңдай терімнің жемісі. Ал, білімділердің 

жөні  бөлек  қой  –  деп  өз  перзенттері  –  мені, 

Махмуд  пен  Нұрғалиды,  Айжан  мен  Ұлжанды 

оқытып,  жоғары  білім  алуымызды  қамтамасыз 

етті. 


Әкесінің  ұрпақтарына  білімді  болыңдар,  – 

деген адами қасиетін тебірене әңгімелеген Мыр-

зажан туыс-бауырларының бала тәрбиелеудегі 

істерін,  олардың  ұрпақтарының  да  осы-

нау  өнегелі  жолмен  жүріп  келе  жатқанын,  өз 

шәкірттерінің 

ішінен 

физика-математика 



ғылымының кандидаты, доцент Ұлби Жанасба-

ева мен мектеп директорлары Елдос Сәкенбаев, 

Келдібек  Дәндібаев,  Әлмырза  Тәждінов,  Та-

раз қаласындағы темір жол бөлімінің басшысы 

Орынбасар Сапарбековтердің мереке сайын ха-

барласып тұратынын риза көңілмен айтып өтті. 

Шындығында,  шәкірттер  абыройы,  олардың 

шыққан биігі ұстаз үшін де мәртебе екені белгілі 

ғой. 

Әке  өтініші  Мырзажанның  есінен  ешқашан 



шыққан  емес.  Онжылдықтан  соң  әпкесі  Ай-

жан  екеуі  Қорқыт  атындағы  университеттің 

физика-математика  факультетін  бітірісімен 

бірден  ұстаздық  жолға  бет  бұрған.  Соны-

мен  қатар  Жақыптан  тарағандардың  да 

тегіс  оқуына  да  ұйытқы  бола  білген.  Соның 

нәтижесінде  ағайындарының  көпшілігі  жоғары 

білім  алған.  Олардың  онбестен  астамы  қазір 

бала бағбаны – ұстаз. Сондықтан болса керек, 

айналасындағылар  Жақыповтарды  «Ұстаздар 

әулеті», – дейді.

Қырық  бес  жылдық  ұстаздық  өмірінің  ши-

рек  ғасырын  аудан  орталығындағы  №163, 

125,  110  мектептерде  оқу  ісін  басқарған 

Мырзажанның  қызы  Ақмарал  Тараз  пединсти-

тутында,  ғимназияда  қызмет  атқарса,  қазір 

қаладағы №15 мектеп гимназияда директордың 

оқу  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасары, немересі 

Әсел  2013  жылғы  республикалық  пәндік 

олипиаданың жеңімпазы, 2015 жылы Парижде 

бес айлық тағылымдамадан өткен Б.Момышұлы 

атындағы  классикалық  гимназияның  түлегі, 

Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар 

университетінің  төртінші  курс  студенті,  үздік 

стипендиат.  Сондай-ақ,  үстіміздегі  жылдың 

сәуір  айында  Руменияда  өткен  шетел  тілі  сту-

денттер  фестивалінің  жүлдегері.  «Ұстазы 

жақсының  ұстамы  жақсы».  Бұл  қанатты  сөзді 

Мырзажан  үшін  айтылғандай  десе  де  бола-

ды. Ұлағаты мол, ардагер ұстазды таяуда алда 

келе жатқан төл мерекесімен құттықтайық. Ол 

ризалық  пейіл  танытты  да.  Қазіргі  кезде  мек-

теп директорларына шексіз биліктің берілгенін, 

оны  кейбіреулерінің  жеке  басы  пайдасына 

дөрекілікпен пайдаланып жүгенін, тіпті айтқаны 

болмаса  білікті  мұғалімдердің  өзін  қолайсыз 

жағдайға қалдыратынын әңгімелей келіп: Бұрын 

мұндай келеңсіздік болмайтын, алдағы уақытта 

бәрі де ретке келер, – деп түйіндеді ойын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет