2016 жыл №82 (8002) 18 Қазан сейсенбі нұрлат байгенже



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата22.02.2017
өлшемі11,79 Mb.
#4684
1   2   3   4   5

ӨМІРБАЯНЫ

Ол 1961 жылдың 5 тамызында Жаңақорған ауда-

нында дүниеге келген.  1978 жылы  №51 қазақ орта 

мектебін  бітіріп,  1978-1993  жылдары  Жаңақорған 

кентінің  «№1  Автобаза»  мекемесінде  жүргізуші  бо-

лудан еңбек жолын бастаған. 

1980-1981  жылы  Кеңес  Одағы  әскерінің 

қатарында  азаматтық  борышын  өтеп,  1992  жылы 

Алматы қаласындағы сәулет-құрылыс институтының 

экономика 

факультетін 

инженер-экономист 

мамандығын  және  2000  жылы  Семей  қаласындағы 

қаржы  несие  колледжін  қаржыгер  мамандығын 

тәмәмдаған.  1993-2005  жылы  аудандық  қаржы 

бөлімінде  салалық  қызметтер,  2005-2007  жылы 

аудандық қазынашылық бөлім басшысының орынба-

сары,  2007-2015  жылы  аудандық  жұмыспен  қамту, 

әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал 

актілерін  тіркеу  бөлімінің  басшысы,  2016  жылдан 

бүгінге   дейін «СКЗ-U» Күкірт қышқылы зауытында 

қойма меңгерушісі. 

Отбасылы,  екі  ұл,  екі  қыз,  төрт    немере 

тәрбиелеуде.



САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұрынғы  Кеңес  Үкіметінің  тоқырауға 

ұшырап  еліміздің  барлық  аймақтарында 

өнеркәсіп,  кәсіпорындар  экономиканың 

құлдырауға ұшырады. Аудан аумағындағы 

ірі  кен  орны  жанындағы  Шалқия 

кенті 

елдімекендерінде 



әлеуметтік-

экономикалық  проблемалар  орын  алды

тұрғындар  арасында  жұмыссыздық  пен 

тұрмыс  жағдайының  нашарлауына  әкеп 

соқты.

              Осы  күні  Шалқия  кенті 



тұрғындары, еліміздегі орын алып отырған 

экономикадағы  қолайлы  үрдістерге  куә 

болып,  өрлеудің  игі  жемістерін  сезіне 

алды.  Солай  бола  тұра,  кентте  шұғыл 

шешім  қабылдауды  күтіп  тұрған  бірқатар 

мәселелер бар. 

Назарларыңызға  ұсынылып  отырған 

сайлауалды бағдарламамның мақсаты:  

– 

Кенттің 


тұрмыс-тiршiлігінiң 

экономикалық  негізiн  нығайту,  көшi-

қонды бәсеңдету, жергілікті тұрғындарды 

жұмыспен  қамту  және  халықтың  табы-

сын көбейту, ауылшаруашылық өнімдерін 

өндіру, соның нәтижесінде экономикалық, 

әлеуметтiк  және  мәдени  даму  үшiн 

жағдайлар жасау, 

–  Табысы  аз  адамдарды  анықтап, 

оларды  жұмыспен  қамтуды,  әлеуметтік 

көмек  көрсетуді,  еңбекке  жарамсыз 

азаматтарға үйінде қызмет көрсету,

– Кенттің тыныс-тiршілiктi қамтамасыз 

ету  объектілерiн  (жылу,  кәрiз  және  су 

құбыры  желілерi,  электрмен  жабдықтау, 

тұрғын  үй  қоры  және  әлеуметтiк-мәдени 

мақсаттағы объектiлер) күтiп ұстауды, ескi 

үйлердi  күрделi  жөндеуден  өткiзу  және 

авариялық  тұрғын  үйлердi  бұзу  арқылы 

кенттің  тұрғын  үй-коммуналдық  саласын 

жаңғырту,

–  Мектепке  дейін  тәрбие  беретін 

және  оқытатын  ұйымдардың,  мәдениет 

мекемелерінің және өзге кәсіпорындардың 

тиімді қызметін қамтамасыз ету, 

– 

Автомобиль 



жолдарының 

жөнделуiн  және  салынуын,  қоғамдық 

көлiк  қозғалысын,  жергiлiктi  әлеуметтiк 

инфрақұрылымның дамуын, 

– 

Кәсіпорындар 



мен 

өнеркәсіп 

қалдықтары  мен  тұрмыстық  қалдықтар 

арқылы  қоршаған  ортаны  ластаудан 

сақтау, 

– 

Жастар 



практикасын 

және 


әлеуметтік  жұмыс  орындарын,  қоғамдық 

жұмыстарды жандандыру,

– 

Елдімекендерді 



абаттанды-

ру, 


жарықтандыру, 

көгалдандыру 

және  санитарлық  тазарту  жөніндегі 

жұмыстарды ұйымдастыру. 

–  Шағын  кәсiпкерлiк  субъектілерiн 

қолдау  инфрақұрылымы  мен  қолайлы 

инвестициялық  ахуалды,  қосымша  кіріс 

көздерін, денешынықтыру және спорттық 

шаралардың  үнемі  өткізу,  мүгедектерге 

қайырымдылық  және  әлеуметтiк  көмек 

көрсетуді қалыптастыруға бар күш жігерім 

мен  ұзақ  жылдарғы  еңбек  тәжірибемді 

халықтың игілігіне жұмсайтын боламын. 

НҰРЛАН ЖҰМАНАЗАРҰЛЫ БЕРКІМБАЕВТЫҢ



ӨМІРБАЯНЫ

Ол 1959 жылы 15 қарашада Жаңақорған кентінде 

дүниеге келген. 1966 жылы Тараз қаласында бірінші 

сыныпқа барып, Қызылорда қаласы, Жосалы кентінде 

орыс орта мектебінде, 1976 жылы Жаңақорған кенті 

№169 Илялетдинов атындағы орыс мектебін бітірген. 

1976-1981 

жылы 


Алматы 

Зооветеринариялық 

институтының  ветеринария  факультетін  тәмамдады. 

Еңбек жолын  1981 жылы 1 Май (Жаңарық а/о) совхо-

зында  техник-осеменаторлық  қызметтен  бастаған.  

1982  жылы  Жаңақорған  Кәсіптік  техникалық 

колледжінде 

ауылшаруашылық 

мамандарының 

тәлімгері және осыған қоса қосалқы шаруашылықтың 

ветеринар  дәрігері,  1983  жылы  «Красная  Звез-

да»  қой  совхозының  аға  веттеринар  дәрігері,  1986 

жылы  аудандық  ветстанциясында  ветеринариялық 

дәрігері, 1987-1999 жылы аудандық ветеринариялық 

зертханада  серолог  ветеринар  дәрігер,  1999-

2006  жылдар  арасында  аудандық  ветеринариялық 

зертхананың  директоры,  2006-2010  жылы  ауданның 

бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы, 2010 

жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  «Жаңақорған  аудандық 

ветеринария бөлімі» КММ-нің басшысы. 

Отбасылы,  бір  ұл,  үш  қыз,  жеті  немере 

тәрбиелеуде.



САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Т.Бегелдинов 

көшесі 

№78  үй  сатылады.  15 



соттық  жері  бар.  Көлемі 

14х16,  6  бөлмелі.  Бағасы 

келісім  бойынша.  Хабарла-

су телефоны: 87013707844. 

Бахыт.

ҚАЖЕТ ЕТУШІ АЗАМАТТАРДЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ІҮ-ТОҚСАНЫ БОЙЫНША КЕЗЕК ТІЗІМІ

1947  жылы  елге  оралғаннан  кейін 

елдің еңсесін тіктеуге елеулі еңбек етті. 

Сол жылдан бастап, он жеті жыл бойы 

ауданға  қарасты  Төменарық  ауылдық 

кеңесінің  төрағасы  қызметін  абыройлы 

атқарды. Міне, осындай абырой биігінен 

көрінген тау тұлғалы азаматтың дүниеге 

келгеніне  100  жыл  толыпты.  «Адам 

ұрпағымен  мың  жасайды»  демекші,  ел 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 

майдангердің ұрпағы алқалы қауымның 

басын  қосып,  «Айсұлу-2»  мейрамхана-

сында ас берді. Рухани басқосуда  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагері  Мамахан  Са-

парбаев,  ел  ағалары,  зиялы  қауым 

өкілдері  Құдабай  Наурызбайұлы  жай-

лы  естеліктер  өрбітті.  Абыз  ақсақал 

М.Сапарбаев  өз  сөзінде:  «Ол  соғыстан 

кейінгі  елдегі  тұралап  қалған  шаруа-

ны  қалпына  келтіру  мен  халықтың  ру-

хын көтеруде  елеулі еңбек етті. Үлкен 

жүректі азамат еді. Қиын-қыстау заман-

да ел басқарудың үздік үлгісін көрсетті. 

Күн-түн  демей,  жұмыс  жасап,  бұқара 

халықтың  ортасынан  табылды»,  –  деді 

майдангер замандасы. 

Иә,  адал  еңбегімен,  өнегелі  ісімен, 

басшылық қарым-қабілетімен ел мүддесі 

жолында  еш  аянып  қалмастан,  қыз-

мет  еткен  Құдабай  Наурызбайұлының 

өнегелі  жолы  көпке  үлгі.  Неме-

ре 

інісі 


Тұрсынхан 

Құрманбеков 

қоғам  қайраткерлерінің  ағасы  жай-

лы  айтқан  орамды  ойларын  тілге 

тиек  етті.  Солардың  бірқатарын  бізде 

тізбектеп  шықсақ.  Қоғам  қайраткері 

Ғафур 

Мұхаммеджанов: 



«Құдекең 

елдің  қамқоршысы  еді.  Партияның 

пәрменін  мүлтіксіз  орындап,  халықшыл 

қасиетін көрсетті. Көп ұлтты Төменарық 

ауылының ауызбіршілігі мен ынтымағын 

сақтап,  қашанда  басшылық  қырынан 

танылды»  десе,  Зұлпыхар  Мұсаханов: 

«1959  жылы  Сырдарияны  мұз  басып, 

салдарынан  дарияның  суы  тасыды. 

Жаңақорған  қонысын  су  басып  қалды. 

Барлық басшылар болып су тасқанына 

қарсы  әрекет  жасай  алмадық.  Ал, 

ауданның  үштен  бір  халқы  мекен 

ететін  Төменарық  ауылын  ауылдық 

кеңес  төрағасы  Құдабай  Наурызба-

ев ептілік танытып, ауыл тұрғындарын 

ұйымдастырып  елдімекен    іргесіндегі 

бөгетті 


топырақ 

толған 


қаппен 

биіктетіп, іргесін қалыңдатып топан су-

дан елді аман алып қалды. Мұны нағыз 

ерлік  деп  атаса  болады»  деп,  зама-

нында қоғам қайраткерлері өз бағасын 

беріп кеткен. 

Ас  барысында  жер-жерден  келген 

құрметті  қонақтар  мен  зиялы  қауым 

өкілдері  өнегелі  пікір  өрбітіп,  білікті 

басшысының  біз  білмейтін  қырларын 

ортаға  салды.  Соңыра,  ауданның  бас 

имамы Сайдулла қажы Омаров ата ру-

хына Құран аяттарын бағыштап, бата-

сын берді. 

Иә,  Қ.Наурызбаев  өнегелі  ұрпақ 

тәрбиелеп  өсіріп,  ұлағатқа  жеткізген 

ізгілікті ісімен де ерекшеленген. Бүгінде 

атадан өрбіген ұл-қыздары сан-салада 

абыройлы  қызмет  атқарып,  әке  есімін 

ұлықтауда. Оның айқын дәлелі сол күні 

ұлағатты ұрпағының ұйымдастыруымен 

ардагерлер  арасында  волейболдан 

аудандық ашық турнир өткізілді. Аграр-

лы  техникалық  колледжде  өткен  тар-

тысты  турнирге  15-ке  жуық  команда 

қатысты. 

Байрақты  бәсекеде  сөз  алған 

колледж  директоры  Мадияр  Ахме-

тов:  –  «Әке  аманатына  адалдық  таны-

тып,  ұрпақтары  Ел  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығы  қарсаңында  дүбірлі  додаға 

ұйытқы  болуы  үлгі  боларлық  сауапты 

іс.  Ел  ақсақалы  деген  абыройлы  атқа 

лайықты  болған  Құдабай  атамыздың 

ғибратты  ғұмыры  өскелең  ұрпаққа 

өнеге» – деді.  

Тартысты өткен турнир нәтижесінде 

«Түгіскен»  құрамасы  жүлделі  I-орын, 

ал,  аграрлы-техникалық  колледж  ко-

мандасы  II-орын,  №163  орта  мектебі 

құрамасы  қола  жүлдені  қанағат  тұтты. 

Жеңімпаз  командалар  атамыздың  ұл-

қыздары демеушілігімен естелік медаль, 

кубокпен марапатталды.   

Иә,  саналы  ғұмырын  басшылық 

қызметке 

арнаған 

Құдабай 


Наурызбайұлының есімі ел есінде мәңгі 

сақаталады.  



Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

еңбегі ерен

Ел үшін жасалған еңбек ешқашан 

елеусіз қалмайды. Ол ерлік пен 

елдік шежіресіне еніп, кейінгі 

буынға өнеге, тәрбие бола-

ры ақиқат. Халыққа қалтқысыз 

қызмет етудің ерен үлгісін 

көрсете білген тұлғалар жа-

зиралы Жаңақорған жерінде 

де баршылық. Олар та-

рих пен тағдырдың бұралаңы 

көп жолдарында көптеген 

қиыншылықтарды басы-

нан өткеріп, аймақтың өсіп-

өркендеуіне, азаттық атты 

қасиетті ұғымның ұрпаққа 

аманат етілуіне сүбелі үлес 

қосқан. Міне, сондай тұлғаның 

қатарында еңбегі елеулі майдан-

гер, білікті басшы Құдабай На-

урызбаевта бар. Нар тұлғалы 

азаматтың балалық шағы 

тауқыметі мен қияметі көп за-

манмен тұспа-тұс келді. Ерже-

те келе жастайынан сұрапыл 

соғыс пен алапат аштықтың, 

жан алысып, жан беріскен май-

дан даласының ортасына түсіп, 

отан жолында от кешті. 1939-

1947 жылы Фин мен Ұлы Отан 

соғысына қатысты. Соғыс дала-

сында взвод, рота командирі, ба-

тальон командирінің орынба-

сары ретінде пәрменді тапсыр-

маларды орындады. Қиян-кескі 

ұрыста жасаған ерен еңбегі үшін 

бірқатар орден, 

медальдармен марапатталды. 

ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІН ТІКТЕУДЕ

Оқырман-қауымға  «Өмір  дәурен», 

«Дала  перзенттері»,  «Жылдың  соңғы 

кешінде»,  «Әке  өсиеті»,  «Өнегелі 

ғұмыр»,  «Бес  ана  –  бес  тағдыр» 

және  «Қожамберді  батыр»  эсселік 

кітаптарымен  белгілі  жазушы,  жур-

налист  Айдархан  Бибасарұлы  та-

яуда  Төменарық  ауылдық  кеңесін 

он  жеті  жыл  басқарып,  аймақтың 

өсіп  гүлденуіне  сүбелі  үлес  қосқан 

Құдабай Наурызбайұлы туралы «Елінің 

ұлағатты  перзенті»  атты  хикаяттың 

соңғы  нүктесін  қойды.  Ол  Алма-

ты  қаласындағы  экономика  баспа-

сынан  жарық  көрді.  Қазақстан  Жа-

зушылар  Одағы  мен  Журналистер 

Одағының  мүшесі  бұл  еңбегінде  өз 

дәуірінде  көрнекті  тұлғаға  айналып, 

Төменарықтардың  ыстық  ықыласына 

бөленген  ардақты  азаматтың  өмір 

жолы,  адам  тәрбиелеудегі  тағылымды 

істері, әсіресе ел басына күн туған ауыр 

шақтарда  жұртшылықты  қиындықты 

жеңуге  жұмылдыра  білген  шеберлігі 

шынайылықпен өрнектелген. 

Тың  туынды  оқыған  сөз  қадірін 

білмейтін  бүгінгі  қауыммен  ертеңгі 

жас өскіндерді бейжай қалдырмаса ке-

рек.  Арнайы  тапсырыспен  жазылған 

бұл  еңбек  соғыс  және  еңбек  ардагері 

Құдабай 


Наурызбайұлының 

жүз 


жылдығына орай шығарылып отыр.

ЖАҢА

ЖЕРЛЕСТІҢ 

ТУЫНДЫСЫ


18 қазан, 2016 жыл

4

Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактор



Қаныбек ӘБДУОВ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6225             Тапсырыс № 1248

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

Әбіш үш қыздың ортасында жалғыз ұл болды. Әдебиетке 

де  бала  кезден  құмартыпты.  КазГУ-дің  филология 

факультетіне оқуға түсті. Сол студенттік кездің өзінде Де-

мьян Бедный, Марина Цветаева,  Маяковский, Иван Бунин 

шығармаларына қызыға ден қойды. Мағжан Жұмабаев пен 

Жүсіпбек Аймауытовтың, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып 

Дулатовтың,  Шәкәрімнің  мұраларын  тауып  алып  оқыды. 

Жастайынан  оқып,  зердесіне  тоқып  өскен  жас  кейін  өмір 

соқпағында осы азамат ағаларының атының қайта жануына, 

жаңғыруына тікелей атсалысып, тарихи әділетсіздік көрген 

суреткерлеріміз бен олардың шығармаларының ақталуына, 

бұрмаланған ақиқаттардың қалпына келтірілуіне араласты.  

Ол жас кезінің өзінде-ақ Лев Толстойдың «Соғыс және 

бейбітшілік» романының тарауларын аударды. Мопасанның 

«Өмір», «Пъер мен жан» романдарын аударды. 

Әбіш  Кекілбаев  және  онымен  жасты  қаламгер  толқын 

жайында  ұлы  суреткер  Мұхтар  Әуезов  Жазушылар 

одағының  жылдық  әдеби  қорытындысында  жасаған  баян-

дамасында  «Жыл  құсындай  жаңалық  сезінемін»  деп  баға 

берген еді. 

Алпысыншы-жетпісінші  жылдары  Әбіш  Кекілбаев 

«Лениншіл  жас»  пен  «Қазақ  әдебиетінің»  қызметкері 

«Қазақфильм»  киностудиясының  бас  редакторы  болып 

қызмет атқарды.  

Ол уақыт қазақ киносының жұлдызды кезеңі еді. Экранға 

«Ән  қанаты»,  «Қилы  кезең»,  «Қыз  Жібек»,  «Атаманның 

ақыры» фильмдері табыспен шықты. 

Жазушының билік табиғатын пайымдап көруге тәуекел 

еткен алғашқы туындысы – «Ханшадарья хикаясы» еді. Ол 

алғаш  «Лениншіл  жаста»  жарияланды.  Басты  нысанасы 

бюрократиялық  өктемдікті  сынау  болған  бұл  туындыдағы 

көтерілген өзекті мәселе кейін де қаламгердің тақырыбына 

айналды. 

Қаламгер  өзінің  «Күйші»  повесінде  «Мәңгүрт»  ұғымын 

бірінші  рет  қолданды.  Арада  12  жыл  өткен  соң  Шыңғыс 

Айтматовтың  «Боранды  бекет»  романында  бұл  сөз 

халықаралық лексиконға айналды. 

Әбіш  Кекілбаев  тарихи-философиялық  тақырыпқа  өте 

ерте бет бұрған жазушы. Оған «Аңыздың ақыры», «Үркер», 

«Елең-алаң»  романдары  мен  «Ұйқыдағы  арудың  оянуы» 

деректі  кітабы  анық  дәлел  бола  алады.  Бұл  тақырыптың 

күрделілігі  адамзат  тарихындағы  кезеңдер  мен    уақыт, 

дәуір туралы жазушы өз ойын былай деп кестелейді: «Мен 

бүгінгінің  бас  қатырар  жұмбақтарының  шешуін  өткеннен 

іздеп  табуға  мәжбүр  кезеңдерде  ер  жеттім.  Өз  тұсымның 

өзек күйдірер философиялық мәселелерін өткен болмысқа 

бойлай отырып пайымдадым. 

Әдебиеттің  міндеті  –  заманды  тану  емес,  адамды 

тану. Заманалық ақиқаттар неғұрлым терең ашылған сай-

ын адам табиғаты соғұрлым жұмбақтана түседі.  Адамның 

тұрмыс  әшкерелеп  бере  алмаған  небір  жұмбақ,  тұңғиық 

құпияларын өнер мен билік қана әшкерелеп бере алады», 

– дейді.


Өзінің  творчестволық  лабораториясы  жөнінде  былай 

дейді: «Жаңа шығарманы бастауға қандай ынтызар болсам, 

аяқтағанда  қуанып  та,  құлазып  та  қаламын.  Кейіпкерлер 

ортасы  өзің  жүрген  ортадан  гөрі  қызығырақ,  мәндірек 

тәрізді. Түні бойы басқа бір заманда дәурен кешіп, таңертең 

көшеге  шыққанда    қапелімде  қайда  келе  жатқаныңды 

білмей абдырап қаласың. Суреткердің ең үлкен бақыты да 

–  бірнеше  ғасырда  қатарынан  бірнеше  кісі  боп  өмір  сүре 

алатынында ғой».

Әбіш  Кекілбаев  шығармашылық  қызметінде  шетелдік 

атақты  сөз  зергерлерімен,  түрлі  лауазымдағы  рес-

ми  өкілеттілігінде  әлемдік  көшбасшы  қайраткерлермен 

кездесті.  Бала  кезінен  белсенді,  тіпті  студент  кезінің 

өзінде жаңашылдығымен танылып, тіпті Асқар Сүлейменов 

екеуінің  «дайын  тұрған  диссиденттер»  деп  айыпталып, 

үркер  топ  үрке  қарайтын  қияңқы  мінезінің  болғанын  да 

жасырмайды.  Бірақ,  айналып  келгенде  соның  барлығы  өз 

қарақан  басының  емес,  елдің  қамын,  жұрттың  жағдайын 

күйттеп жаға жыртысуға дейін баратын жанжалдардың да 

себебінен туындайтын.

Мәдениет  министрлігінде  жүрген  кезінде  Орталық  му-

зей,  Орталық  концерт  залы,  Шоқан  Уәлиханов  комплексі 

құрылыстарына бола Орталық комитет хатшыларынан ба-

стап текетіреспеген тұлға қалмап еді. Сонда бір ағасы: «Му-

зей мен ескерткіш десе Өзбекәлі (Жәнібеков) өлімін сата-

тын еді. Сен одан кем емес даукес екенсің» дегені есінде 

қалыпты. Кейін ескерткіш қорғау қоғамына барғанда «Жібек 

жолы»  қоғамын  ұйымдастырамын  деп,  «Эрмитаждағы» 

тайқазанды алдыруға атсалысамын деп талай табан тозды-

рып, маңдай терлетті. Бірақ, діттегеніне жетті. 

Әбіш аға өзіне Тәңір берген талантын, шығармашылық 

қарым-қабілетін туған халхының тағдырына, туған ұлтының 

өсіп-өркендеуі  жолына  арнап  келе  жатқан  тұлға.  Ұлттық 

сананың  бірден-бір  көзі  –  ұлттық  өнерде  деп  білген. 

Әдебиет те өнер. Сөз өнері. Міне, осы бағытта іріткі емес, 

ұйытқы  пікір,  естияр  рух  қалыптастыра  білді.  «Бізге  бүгін 

ұлттық  жаңа  сана,  жаңашыл  парық-пәтуа,  шын  мәніндегі 

жарастықты  қамтамасыз  ете  алатын  кемел  әдебиет  ке-

рек.  Қазақ  әдебиеті  ежелден  елжанды  әдебиет.  Елдікті 

ойлайсың.  Бәріміздің  көкейімізді  тесетін  әділет  пен  теңдік 

елдік бар жерде орнайды» деген мықты ұстанымын өзінің 

бүкіл  шығармаларымен,  азаматтық  іс-қимылымен    таны-

тып,  елі  мен  халқының  тағдырынан  өзін  ешқан  тыс  сана-

мады.  Қаламы  қарымды  ,  дарынды  қаламгер  Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  хатшысы  болып  қызмет 

атқарған жылдары еліміздің ішкі және сыртқы саясатының 

бағдарына,  даму  стратегиясына  елеулі  қолтаңбасын 

қалдырды. Бұл кезде елде саяси жаңғыртулар жүріп жатқан.

Тәй-тәй    қадам  басқан  Тәуелсіздігімізді  тіктеп,  экономи-

камызды  аяққа  нық  тұрғызу  міндеті  тұрды  алда.  Мұндай 

жағдайда  адамдарымызды    іскерлік  бастамашылыққа   

ынталандыруға  күш  салу  арқылы  реформаның  аясын 

кеңейту мәселесі қолға алынды. Саясаткер, қайраткер жа-

зушы  өз  қызметінде  қырағылығымен  Елбасының  сенімді 

серігіне, тіпті арқа тұтар ақылманына да айнала білгеніне 

көзі қарақты халық өзі куә. 

Елбасымен бірге тізе қосып, демократиялық ел билеудің 

дәстүрлеріне  жүгініп,  реформаны  ойдағыдай  жүзеге  асы-

Ереуіл атқа ер салған 

Адамзат өркениетін алға апарып, жалпы көпшіліктің, 

бұқара, қалуымның көкірегіне от жағатын, көзін аша-

тын жалқы тұлғалар болады. Айналасынан асып түскен 

ақылымен, ортасынан озық шығып, оқшау танылар ой-

пікірімен өзі өмір сүрген қоғамның шамшырағы болар осын-

дай асыл тұлғалар қатарында Қазақстанның халық жа-

зушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері,  Қазақстан 

Республикасының алғашқы мемлекеттік хатшысы, Пар-

ламент Сенатының депутаты болған, көзі жұмылғанша 

қоғам мүддесі үшін адал қызмет етіп, аянбай тер төккен 

дарабоз, дана тұлға,  абыз аға Әбіш Кекілбайұлы 1939 

жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысының, Оңды ау-

ылында дүниеге келген еді. Әкесі домбырашы, атқұмар, 

сауықшыл кісі болыпты. Ұлы Отан соғысына қатысқан 

майдангер Сталинград түбінде қаза тапты. Сондықтан 

да Әбіш көз ашқаннан жетім-жесірлікті көрді. Бомбы-

лауды да ол алғаш рет кинодан емес, өмірде көрді. Ста-

линград  майданы тұсында Маңғыстаудың «Таушы» де-

ген ауылында бұлар тұратын баспанадан бір шақырымдай 

жердегі кірпіш зауытына бомба түсті. Осы оқиға оның 

бала жүрегінде мәңгілік сақталып қалды. 

Бүгінде  әлеуметтік  желілер  пайдала-

нушылардың 

басым 

көпшілігі 



қоғамдағы 

келеңсіз  оқиғалар  туралы  көргенді  ұнатады. 

Яғни,  екі  адамның  төбелесін  салып  желінің 

жұлдызы болып шыға келеді! Оқырман мен лайк 

көбейту  үшін  бұл  таптырмас  мүмкіндік.  Алай-

да,  біз  қазаққа  тән  қасиеттен  айырылып  бара 

жатқандаймыз.  Түсінікті  болу  үшін  сізге  бір  екі 

оқиғаны айта кетейін. 

Кенттегі  Аманкелді  көшесінің  бойын-

да  жатқан  адамды  елейтін  адам  жоқ.  Ерсілі-

қарсылы  өтіп  жатқан  адамдар  арасынан  бұл 

жәйтке мән берген жан аз болды. Көпшілігі көрсе 

де көрмегенсіп, көзінің  астымен ғана қарап өтіп 

жатты. Енді бір жас жеткіншектер қалта телефо-

нына түсіріп, қимылсыз жатқан жанның қасына 

отыра  кетіп  сельфилетіп  жатты.  Ер  азаматты 

бір  қараған  бір  әйел  қауымы  «Өлесі  мас  қой» 

деп, үстінен аттап  жөнелмесі бар ма?! Өкінішке 

орай,  бәріміздің  ойымызға  бірінші  осындай  жа-

ман ой салып етті. 

Кейіннен  білдік,  ол  кісінің  жүрек  талмасы 

ұстап қалған екен. Бағанағы ерсі қылығымызға 

ұялдық. Неге ауырып жатқан адамға қол ұшын 

созбадық екен?

Осы  оқиғаның  артынша  «Аркен»  сау-

да  үйінің  маңайында  жиылып  қалған  жұртты 

көрдім.  Бәрінің  қолында  бір-бір  ұялы  байла-

ныс  құралы.  Жандарын  салып,  бейнесюжетке 

түсіріп  жүр.  Сырт  көзге  бір  маңызды  бір  жиын 

болып  жатырма  дерсің.  Аяғымды  ілгері  ба-

сып,  оқиға  орнына  жеттім.  Алайда,  олай  бол-

май шықты. Сөйтсем, екі әйелдің шаш жұлысқан 

төбелесін  қызықтап  түсіріп  тұр  екен.  Не  деген 

масқара! Ашуға булығып, «неге ажыратпайсыз-

дар, видиоға түсіргенше» деп айғай сала баста-

дым. Менің өткір сөзімнен илікті ме, халық тарай 

бастады. Екі әйел де орнынан тұрып, өздерінің 

артық кеткендерін сезінгендей түр танытты. Ар-

тынан  екеуі    татуласып,  маған  біраз  рахметін 

жаудырды. 

Кешке  қол  босап,  фейсбукке  кірдім. 

Оқырмаған парақтар көбейіп қалыпты. Олардың 

көбі күндізгі екі әйелдің оқиғасы туралы болып 

шықты.  Желі  пайдаланушылар  әдеттегідей  екі 

тарапқа бөлініп, екі ұдай пікір айтылып жатты. 

Арасында Айгерім Бектұрған: «Мақпал Марқабай 

екеуін ажыратпағанда, біраз тағы қызық болары 

сөзсіз еді» депті. Ол жерде де пікір жазып, қазақ 

қызының ар ұятын қорламауға көндіріп бақтым. 

Заман орнында тұр, адам азған. Техниканың 

дамығанымен адам баласының санасы дамыма-

са сол қасірет екен-ау!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет