2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет31/170
Дата09.09.2022
өлшемі2.28 Mb.
#38748
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   170
3 БІЛІМ БЕРУДІҢ ИНКЛЮЗИВТІК СИПАТЫ 
 
3.1 Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету 
Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндегідей, инклюзивті білім беру білім 
беру жүйесін дамытудың маңызды бағыты болып табылады, өйткені дамыған 
халықаралық қоғамдастықта инклюзивті білім беру әрбір адамның білім алу 
құқығын іске асыру құралы ретінде танылған. Біздің еліміз де аталмыш 
ұстанымды қолдайды. Мұны әрбір баланың сапалы білімге тең қолжетімділігін 
қамтамасыз етудің білім беру саласын дамытудағы басты міндет болып 
есептелетіндігі айғақтай түседі. 
Еліміздің президенті Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан 
халқына жолдауында: «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың 
бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. 
Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы 


51 
керек» деп атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы 2021 жылғы
1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік 
негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз 
қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп белгілеп өтті.
Инклюзивті білім берудің басты аспектілерінің бірі болып есептелетін 
инклюзивті саясаттың соңғы жылдары елімізде қарқынды түрде дамып келе 
жатқандығын байқауымызға болады. Бірқатар құжаттар ратификацияланды
заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде, барлық 
мүдделі тараптардың қатысуымен әртүрлі деңгейлерде талқылаулар іске асуда.
Мектеп әкімшілігі мен педагогтерге еліміздің мектептерінде білім беру 
процесінің қолжетімділігі мен инклюзивтігі қағидаттарын іске асыру үшін басты 
мәнге ие нормативтік құқықтық құжаттарға шолуды ұсынамыз. 
3.2 Инклюзивті білім беру ортасын құру бойынша ұсынымдар
Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті практиканы инклюзивті 
саясат пен инклюзивті мәдениет негізінде дамыту қажет. Ерекше білім беруді 
қажет ететін балаларды инклюзивті педагогиканың негізгі принциптерін терең 
түсінбей жалпы білім беру процесіне қосу мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   170




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет