2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау



бет1/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Факулдент:Дене шынықтыру және спорт
СӨЖ

Орындаған:Бірімбай Аружан


Топ-412


2023ж
Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари
Абстракциялау – заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылау.
Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, биология, тарих және т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Акселерация – жасөспірімдердің дене дамуының күрт жылдамдауы.
Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс.
Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылысты таңдап қарастыру әдісі.
Арнайы педагогика – көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Аттестация – білім беру қызметкерлерінің кәсіби мамандығының өсуін, еңбегінің нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын саталауды бағалаудың тиімді жүйесі.
Аттестациялау – білім беру мекемелері қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерін жалпы бағалау.
Ашық бақылау – зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.
Ашық сауал –жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған сауал.
Әдептілік –көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданылатын тәсілдері.
Әдістеме – дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы–ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды.Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет