Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той - мереке, әдеп - ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді. Алайда осы салт – дәстүрлеріміздің халық арасында ұмытылып бара жатқандары да жоқ емес. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған көне салт – дәстүрлерін қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың қолында.
Жұмыстың жаңалығы:
Жұмыстың жаңалығы:
Көне салт – дәстүрлерді дәріптеу, жаңартылған түрде қолданысқа енгізу ұлттың ұлт болуына, ұрпақ тәрбиесіне берері мол.
Күтілетін нәтиже:
Жас ұрпақты сыпайылыққа, адамгершіліке, адалдыққа, мейірімділікке, бірлікке тәрбиелейтін салт – дәстүрлеріміздің қолданылу аясын кеңейтсек ұлт болашағы да жарқын болмақ.
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата - бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата - бабамыздан қалған қазынаның бірі салт - дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт -дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан - ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету.