№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014


Дәрумендер  жайында  жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата12.03.2017
өлшемі30,5 Mb.
#8858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Дәрумендер  жайында  жалпы түсінік. Дәрумендер – адам мен жануарлардың 
ағзаларына азықпен келетін немесе олармен жинақталатын, зат алмасу үшін қажетті 
органикалық  заттар.  1880  жылы  Н.И.  Лунин  дәрумендерді  ашты.  1911  жылы 
польшалық  ғалым  Казимир  Функ  бірінші  болып  дәрумендерді  кристалл  күйінде 
бөліп алды. 
Энциклопедиядан  «Витамин»  сөзін  ғалым  Казимир  Функ  ойлап  шығарғанын 
білдік. Күріш дәнінің қабығындағы «амин» затының өмірге мәні зор екендігін ашты. 
Vita («өмір») латын сөзін «амин» сөзімен қосса, «витамин» сөзі шығады. 
Қазіргі  кезде  дәрумендердің  50  шақты  түрі  белгілі.  Ағзада  олар  қалмайды, 
артық  болса  зәр  шығару  мүшелерімен  сыртқа  шығарылады.  Дәрумендердің 
көпшілігі  өсімдіктің  азық-түліктерінде,  кейбіреуі  аңдардың  азық-түліктерінде  ғана 
кездеседі.  Тағамда  дәрумендердің  тапшылығы  болса,  ағзада  гипоавитаминоз  ауруы 
дами бастайды [2]. 
Дәрумендердің  жіктелінуі:  1)  Майда  еритіндері:  А  дәрумені,  Е  дәрумені,  Д 
дәрумені; 2) Суда еритіндері: B1  дәрумені, B2 дәрумені, B5  дәрумені, B6  дәрумені, 
B12 дәрумені, B15 дәрумені, C дәрумені, PP дәрумені. 
Майда  еритін  дәрумендер.  А  дәруменінің  пайдасы.  А  дәрумені  біздің 
иммундық  жүйеде  вирус,  бактерия  және  басқа  аурудың  қоздырғыштарымен 
күреседі.  Көз  толыққанды  көруіне  қажет.  Ағзаның  дұрыс  өсуін  қамтамасыз  етеді, 
жас күйінде ұзақ сақталуына және саулығына дем береді, теріні тегіс және созымтал 
күйінде сақтауға көмектеседі. 
Бастапқыда  А  дәрумені  өсімдіктерде  пайда  болады.  Бұл  пигменттер 
өсімдіктерді  ғажайып  бояулармен  сомдайды. Каротинсіз  өсімдіктер  құралған  түссіз 
массаға  айналып  кететін  еді.  Физиологиялық  жағынан  жануарлар  өз  ағзаларына 
қажеттімен ғана қоректенеді. Сондықтан да тіршіліктерінің соңына дейін әдемі тері, 
қауырсындар  және  қабыршағын  сақтайды.  Егер  қанда  каротиндер  жетерлік  болса, 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
26
олар  жазушаларға  түскеннен  кейін,  еркін  радикалдардан  құтқарады  және  жас 
күйінде сақтайды. 
Каротиндерге бай тағамдар – жасыл, сары және қыэыл түсті шпинат, брокколи, 
сәбіз,  қызылша  және  асқабақ  сияқты  көкөністер.  Көп  мөлшерде  А  дәрумендер 
абрикоста  болады.  Зат  алмасуды  зерттейтін  дәрігер  С.А.  Махмуд  пакистандық 
«хунза» халқы адамдарының ұзақ өмір сүретіндері өте көп абрикосты жейтіндерінен 
деп зерттеп тапқан. Нобель сыйлығының лауреаты, американдық Джордж Уипплдың 
жазуынша, 
абрикостың 
жасарту 
қасиеті 
бауырмен 
теңеледі. 
Каротиндер 
өсімдіктердегідей  адам  ағзасының  жазушаларын  да  күюден  қорғайды.  Каротинсіз 
адам бірнеше минут ішінде «күйіп» кететін еді. А дәрумені кейбір жануарлар азық-
түлік  өнімдерінде:  бауырда,  қол  майында,  сүтте,  ірімшікте,  жұмыртқада,  әсіресе 
балық майында бар [1]. 
D  дәруменінің  пайдасы.  Оны  Д  дәрумен  деп  атайды,  бірақ  көп  биохимиктер 
оны  гормон  деп  есептейді.  Не  болса  да,  Д  дәрумені  басқа  дәрумендерден 
ерекшеленеді.  Біз  оны  өзіміз  өндіреміз.  Ультракүлгін  сәулелердің  әсерінен  теріде 
пайда  болады.  Д  дәруменімен  өте  бай  балық  майы,  балықтың  майлы  сұрыптары  – 
сельдь, лосось, макрель және жұмыртқалар. Бұл дәруменнің молекуларының ағзада 
басты  міндеті  –  фосфор  қабылдауын  атқарады  және  сүйек  пен  тістерді  құру  үшін 
оның  тұздары  пайдаланылады.  Д  дәрумені  біздің  омыртқаның  мықтылығын 
сомдайды. 
Е дәруменінің пайдасы. Егер табиғаттың ең ұлы кереметтері туралы ойланып 
қарасаң,  бірінші  орында  Ниагар  сарқырамасы  емес,  Күн  де  емес,  барлық  заманның 
ең ұлы туындылары болып Е дәрумені және қар жұлдызшалары есептеледі. 
Қыс  бойы  аспаннан  жауған  жұлдызшалардың  бір-біріне  ұқсайтын  бірде  бірі 
жоқ. Бірақ Е дәрумені формаларының түрлілігімен жұлдызшаны басып озып түседі. 
Ағзада  Е  дәрумені  маңызды  қорғаныстық  қызметін  атқарады.  Зиянды  заттардан 
қорғайды.  Қанды  оттегімен  байытады.  Е  дәрумені  ағзаның  жасушаларының  тыныс 
алуына  көмек  етеді.  Бұлшық  ет  әрекеттерін  және  жыныстық  бездерінің  әрекеттерін 
дамытады. Е дәрумені өсімдік майы, бұршақ, жүгері, салат, шпинат, жер жаңғағында 
болады. 
Суда  еритін  дәрумендер.  В  тобының  дәрумендері:  В1:  Көз  толыққанды 
көруіне қажет. Ағзаның дұрыс өсуін қамтамасыз етеді. Жануарлар тектес өнімдерде, 
сыра  ашытқысы,  үрмебұршақ,  дәнді  дақылдар,  ет,  сүтте  бар.  В2:  Ағзаның  өсуіне 
қажет, биологиялық тотығу үрдісіне қатысады. Ашытқы, бауыр, сүт, сүт өнімдерінде 
болады.  В3:  Қан  алмасуына,  ұйқы,  жүрек  жұмысына,  В5:  Қан  құрылуына,  заттар 
алмасуына  және  амина  қышқылдардың  синтізіне  әсер  етеді.  Картоп,  орамжапырақ, 
саңырауқұлақ,  бауырда  бар.  В6:  Бұлшықет  жүйесіне  жағымды  әсер  етеді.  Балық 
уылдырығы, банан, алмұрт, салатта бар. В12: Иммунитетті күшейтеді, депрессияның 
алдын  алады.  Теңіз  орамжапырағы,  ашытқы, бауыр,  бүйрек,  балық,  жұмыртқа,  сүт, 
ірімшікте  болады.  В15:  Теңіз  орамжапырағы,  ашытқы,  бауыр,  бүйрек,  балық, 
жұмыртқа, сүт,ірімшік. Қан, бауыр, басқа жануар мүшелерінде бар. 
С дәруменінің пайдасы. Тірі заттың қозғалысы көбейсе, ағзаның С дәруменге 
қажеттілігі  де  арта  түседі.  С  дәрумені  ағзада  екі  маңызды  міндет  атқарады: 
иммундық  қорғауды  қамтамасыз  етеді  және  психиканы  тұрақтандырады.  Ағзаны 
микробтардан қорғайды және тазалайды. 
С дәрумені  барлық аурулардың ең ашулы жауы. Ол тамырлардың варикоздық 
аумақтауында  және  геморройда  көмектеседі,  құрыс  пен  әжімдерден  құтқарады. 
Сонымен  қатар  С  дәрумені  қан  тамырларының  қабырғаларын  нығайтады  және 
тегістейді.  Ағзадағы  болып  жатқан  тотығу-тотықсыздану  үрдісінде  маңызды  рөл 
атқарады.  С  дәруменінің  көтеріңкі  мөлшері  тіс  етін  жарты  сағат  ішінде  нығайтады. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
27
Кальций С дәруменсіз өз пайдалы қасиеттерінің жартысынан айырылады. Табиғи тіс 
дәрігері  болғандықтан  кальций  С  дәруменмен  бірге  тіс  дәрігерлерінің  құпия 
қарсыластары  болып  табылады.  Бұл  биобелсенді  А  дәрумені,  Е  дәрумені  және 
селенмен қатар төрт ең маңызды тотығуға қарсыластарға жатады [1]. 
РР  дәрумені  пайдасы.  Қанның  саулығы.  Тамырлар  жүйесінің  қызметтік 
қалпына әсер етеді. Заттар алмасуында маңызды рөл атқарады. 
Адамға  қажетті  дәрумендердің  мөлшерін  анықтау.  А  дәруменмен  емді 
тезірек  бастау  керек,  өйткені  қанда  маңызды  нәрлі  заттардың  шоғырлануы  ең 
жоғарғы  деңгейге    жеткенше  10  күн  өтеді.  АҚШ-тағы  Бостонның  Массачусетс 
штатындағы  ірі  аурухананың  Мартин  Принс  және  Джоан  Фризоли:  «Майсыз 
каротиннің  шоғырлануы  өзгермейді.  Бірақ  егер  тағамда  май  болса  шоғырлануы  40 
сағаттың ішінде 2 есеге өзгереді», - деген қорытынды жасады [4]. 
Күндегі қабылдау 
 
 
 
 
(ХБ) Халықаралық бірлік 
Нәресте 
2000 
1-3 жастағы балалар 
2300 
4-6 жастағы балалар 
2500 
7-10 жастағы балалар 
3200 
Жасөспірімдер 
4000 
Әйелдер 
4000 
Ер адамдар 
5000 
Жүкті әйелдер 
5500 
Өндірістік  өңдеуден  кейін  көптеген  азық-түліктің  құрамынан  В  тобының 
маңызды  дәрумендері  жойылып  кетеді.  Оның  нәтижесінде  адамдарда  шаш  ерте 
ағарып, көп мөлшерде түсіп, депрессияға ұшырайды. 
В1  (тиамин)  дәруменнің  жетіспеушілігінің  алғашқы  белгілері:  зер  қоюдың 
нашар шоғырлануы, тозған жүйке жүйесі, шаршағыштық, тәбеттің жоқтығы, жүрек 
серпінінің  бұзушылықтары,  запор,  тұншықпа,  күйзеліс,  ұйқының  бұзылуы,  аяқ  пен 
қолдардағы шаншу. 
Тиамин  дәруменінің  жетіспеушілігі  мидағы  көптеген  өлген  жасушалардың 
құрылуына жол береді. Адамдар ұмытшақ болады, естеріне ештеңе түсіре алмайды. 
Көп ғалымдар мұның бәрі ауыр емделетін Альцгеймер ауруына әкеледі дейді [1]. 
В1  (тиамин)  дәруменінде  1000  қабылдаған  калорийге  байланысты  күндегі 
қажеттілік  ½  мг  құрайды.  Әйелдерге  тәулігіне  1,0-1,1  мг,  ер  адамдарға  1,2-1,5  мг 
қажет. 
В2 (рибофлавин) дәруменнің жетіспеушілігінің алғашқы белгілері: майлы тері, 
еріннің  жарылғаны,  бастың  айналуы,  шаштың  түсуі,  беттегі  терінің  түлеуі, 
депрессиялық күй, зер салудың нашарлауы. 
В2  (рибофлавин)  –  ағзаның  ерекше  қозғағышы.  Ол  дененің  жасушаларында 
шаршаусыз  қуат  өндіреді.  Егер  Сіз  спортпен  немесе  физикалық  еңбекпен 
айналыссаңыз,  өте  көп  рибофлавин  кетіресіз.  Оған  адамның  алғырлығы  және 
темпераменті тәуелді болады. Әйелдерге тәулігіне 1,2-2 мг жақын,  ер адамдарға 1,4-
2,6 мг қажет. 
В3 (ниацин) дәрумені – жүйке жасушалары үшін ем. Егер Сіз тері ауруларымен 
қайта-қайта ауырсаңыз, егер себепсіз жүйкеңіз тозып, аяқ астынан астан-кестен бола 
берсеңіз,  ішіңіз  өте  берсе,  бұлшық  еттердің  әлсіздігі,  ауыздағы  жағымсыз  иіс,  бас 
ауруы,  ұйқының  бұзылуы,  тәбеттің  жоқтығы  бұл  ағзаңыздағы  В3  дәруменінің 
жетіспеушілігінің  бірде-бір  белгісі  болып  табылады.  В3  дәрумені  көбінесе  етте, 
бауырда,  балық,  құс  етінде,  жұмыртқа,  сүтте  және  дәнді  дақылдар  мен  жүгерінің 
тұқымдарында кездеседі. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
28
В3  (ниацин)  дәруменінде  1000  қабылдаған  калорийге  байланысты  күндегі 
қажеттілік балалар мен жасөспірімдерге 5-12 мг құрайды. Әйелдерге тәулігіне 13-15 
мг,  ер  адамдарға  15-20  мг  қажет.  Консервілінген  дайын  тағам,  ақ  нан,  вермишель, 
көп  қант  және  тәттілермен  тамақтанатындарда  өте  қажетті  В5  дәруменінің 
тапшылығы байқалады. Оны мамандар пантотенттік ащылық деп атайды. 
В5  (пантотенттік  ащылық)  дәруменнің  жетіспеушілігінің  алғашқы  белгілері: 
буындардың  ауруы,  шаштың  түсуі,  мезгілсіз  шаштың  ағаруы,  аяқ-қолдың  ұйып 
қалуы, көз көрудің және есте сақтаудың нашарлауы, запор. 
В5  дәрумені  күйзеліспен  күресуге,  пішінді  тұрпатын  сақтауға  және  қалпына 
келтіруге жағдай жасайды. 
В5  дәруменінде  балалар,  жасөспірімдер  және  ересек  адамдар  үшін  күндегі 
қажеттілік 5-10 мг құрайды. 
В7  (биотин)  –  тері,  шаш,  тырнақ  үшін  сән  дәрумені.  Әдемі,  тегіс  тері  және 
қалың,  жібек  шаш  ішек-қарында  пайда  болады.  Сонда  бактериялар  биотинді 
өндіреді.  Біздің  тағам  ащытқы,  бауыр,  жұмыртқаның  сарысы,  қызанақ,  соя 
атбұршақтары, ашылмаған күріш және кебекке толы болғанда ғана, дәруменді өзіміз 
өндіре аламыз. 
Бір кесек қант немесе антибиотик таблеткасы ішек-қарын флорасына, сонымен 
қатар  биотин  өндірісіне  ауыр  шығын  келтіреді.  Бұзылған  ішек-қарын  флорасының 
белгілері  асқорыту  бұзушылықтары,  іштің  томпиюі,  ауыздың  иісі,  шаштың  түсуі, 
терінің  мәселелері  болып  табылады.  В7  (биотин)  дәруменінде  1000  қабылдаған 
калорийге  байланысты  күндегі  қажеттілік  әйелдерге  250  мкг,  ер  адамдарға  300  мкг 
құрайды. 
Дәрумендердің  ішінде  ең  таңғажайып  дәрумен  В12.  Бізге  күніне  грамның  үш 
миллиондық  үлесі  ғана  қажет,  ал  адам  өмірінде  тек  бір  бидай  дәнінің  салмағындай 
дәруменді  қабылдайды.  Балаларға  күніне  1-3  мг,  ересектерге  2-4  мг  В12  дәрумені 
қажет.  В12  дәруменінің  басты  міндеттерінің  бірі  метиониннің  өндірісі.  Метион 
мейірімділік, қуаныш, махаббат сезімдерін басқарады. 
С  дәруменнің  жетіспеушілігінің  алғашқы  белгілері:  жиі  тұмауға  ұшырауы, 
артық  салмақ,  жүйкенің  әлсіреуі,  әжімдердің  ерте  пайда  болуы,  көз  көруінің 
нашарлауы. С дәруменінің қабылдау нормасы балалар 400 мг дейін, ересектерге 500 
мг. С дәрумені көп мөлшерде бузина, киви, апельсин, лимонда бар. Лимонды күніне 
екі  рет  (асқазаны  сау  адамдарға)  жеген  адамдар  сымбаттылық  пен  сергектікті 
қамтамасыз  ететін  өзінің  тироксин  молекулаларын  биологиялық  «жауларынан» 
қорғайды деген биохимиктерден ұсыныс бар. 
Балалар,  жасөспірімдер  және  ересек  адамдар  үшін  Д  дәруменде  күндегі 
қажеттілігі  5-10  мг  құрайды.  Д  дәруменімен  қажеттілікті  толықтыру  үшін  күнде  ең 
кемінде 10 минут  күннің көзінде бетіңіз және  қолдарыңызды ұстау  керек. 14 жасқа 
дейінгі балаларға күніне 6-12 мг, ал ересектерге 12 мг қабылдау керек. Е дәруменің 
жетіспеушілігін күнбағыс майымен толықтыруға болады. Күніне ас қасық күнбағыс 
майын қабылдаса жеткілікті. 
Дәрумендердің  заманауи  көздерін  анықтау.  Дәрумендер  көздері:  1)  табиғи 
азық-түлік өнімдері, 2) дәрумендік препараттар, 3) биологиялық белсенді үстемелер 
[3]. 
Биохимиктердың  ұсынысы:  тек  толық  бағалы  табиғи  азық-түлікпен  –  сүт, 
ірімшік, көкөніс, салат, дақылдардың тазаланбаған дәндерімен тамақтану. Қосымша, 
күніне екі рет (таңертең және кешке) қышқылдығына қарамай тұтас лимонмен бірге, 
гарнирсіз  30  грамдай  еттің,  балықтың  немесе  құстың  бір  асамын  жеу  керек.  А 
коэнзимі  таза  күйіндегі  қуат.  Жүрекпен  ауратын  адамдарда  А  коэнзимінің 
тапшылығы  байқалады.  Бұл  дұрыс  тамақтанбаудың  белгісі.  Биохимиктердың  енді 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
29
бір  ұсынысы  таңертең  ұсатылған  бидайдың  дәндерін  дайындау.  Оның  үстіне  аздап 
сарымсақ  жесе,  өйткені  онда  селен  микроэлементі  бар.  Ол  А  коэнзимінің  көбеюін 
қолдайды. 
Адам  ағзасына  дәрумендік,  дәрілік  препараттардың  жағымсыз  және 
жағымды  әсерімен  танысу.  Дүние  жүзінде  дәрілік  препараттардың  қауіпсіздігі 
маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Егер А дәруменді таблетка күйінде көп 
мөлшерде  ұзақ  уақыт  қабылдаса,  оның  шамадан  тыс  ағзада  шоғырлануы 
денсаулыққа зиян келтіреді. Бірақ өсімдік каротиндерді шектеусіз тамаққа пайдалана 
беруге болады. Нәтижесінде тек алақандарың сарғылттанады. 
В2  (рибофлавин)  дәруменді  көп  мөлшерде  қабылдаса,  улануы  мүмкін.  Күнге 
сезімтал,  нәрлі  зат  катарактаның  дамуына  әсер  етуі  әбден  мүмкін.  Сондықтан  қарт 
және  кәрі  адамдарға  таблетка  күйіндегі  рибофлавинді  қосымша  тамаққа  қоспауы 
ұсынылады. 
Таблетка күйіндегі Д дәруменін тым көп мөлшерде қабылдаса, ауыр жағдайға 
әкеліп 
соғады. 
Қанда 
шоғырлануы 
жоғары 
болса, 
уға 
айналады. 
Ол 
гиперкальциминге әкеледі, қанда кальцийдің молаюі. Артық кальций бүйрек, жүрек, 
өкпе және тамырларға енеді де, сонда әк күйінде сақталады. Аяғында атеросклерозге 
айналады. 
Зерттеу  нысаны.  Зерттеу  жұмысының  нысаны  ретінде  дәрумендер  алынды. 
Өзім  оқитын  сынып  оқушылары  мен  олардың  ата-аналарының  дәрумендер  туралы 
білімдері анықталды. 
Зерттеу  әдістемесі.  Зерттеу  әдістемесі  ретінде  сұрақ-жауап,  әңгімелесу, 
әдебиетті талдау, салыстыру, бақылау әдістері қолданылды. 
Біздің  жұмысымыздың  негізгі  мақсаты  әр  түрлі  аурулардың  пайда  болуы 
дәрумендердің 
ағзадағы 
жетіспеушілігіне 
байланысты 
екенін 
түсіндіру 
болғандықтан  өзім  оқитын  сынып  ата-аналарының  дәрумендер  туралы  сауалнама 
жүргізілді. 
Зерттеу  нәтижелерін  талқылау.  Егер  табиғатқа  тіл  бітсе,  адымдап  аттаған 
сайын:  «Дәрігерлерге  жүгіре  бермей,  менің  дәрумендерімді  қабылдып  көріңдер»,  - 
деп  айтушы  еді.  Ата-аналардан  алынған  сауалнамадан  мынадай  қорытынды  алуға 
болады. 25 ата-ананың бесеуі ғана барлық сұраққа «иә» деп жауап берді. Ол 20%-ды 
құрайды.  13  үш  сұраққа  «жоқ»  деп  жауап  берді.  Оларда  холин  жетіспейді.  Ол  57% 
құрайды, ал қалғаны бес, сегіз рет «жоқ» деп жауап берді. Оларға тамақтану тәртібін 
толығымен өзгерту керек. 
Қорытынды.  Дәрумендер  –  ағзаның  тіршілік  етуіне  аз  мөлшерде  қажетті, 
түрлі  табиғаты  химиялық,  қарапайым  молекулярлық  қосылыстар.  Дәрумендердің 
негізгі  қызметтерінің  бірі  коферменттердің  құрамының  бөлігі  болып  табылатыны 
және маңызды ферментативтік реакциясы үшін қажеттілігі. 
Адам  үшін  дәрумендер  көзі  болып  өсімдік  тектес  және  жануар  тектес  азық-
түлік  өнімдері  табылады.  Олар  ағзаға  дайын  күйінде  немесе  провитамин  қалпында, 
кейін  одан  ферметативтік  жолмен  дәрумендер  құрылады.  А,  В,  С,  Д,  Е,  К  және  РР 
дәрумендері    өте  маңызды  болып  есептеледі.  Адам  уақытымен  түрлі  дәрумендерді 
қабылдау  керек  және  сатып  алу  кезінде  дәрумендерді  таңдағанда  өте  абай  болу 
керек. 
 
Әдебиеттер 
1 Обербайль К. Витамины целители. – 2005. 
2  Авдеева  Н.Н.,  Князева  О.Л.  Безопасность  [текст,  ил-ция  Бесова  М.А. 
Познавательные игры от А до Я [Текст] – Ярославль: Академия развития, 2004. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
30
3  Обухова  Л.А.,  Лемяскина  Н.А.  30  уроков  [Текст].  –  М.:  Творческий  центр, 
2003. 
4  Клейборн  А.  Энциклопедия.  Моя  первая  книга  о  человеке  [Текст].  –  М.: 
Росмен, 2005.  
 
Summary 
The purpose of  research: explain the emergence of various diseases due to lack of 
vitamins. 
The  research  problems:  brief  history  of  vitamins  and  their  significance  in  human 
life;  clarify  the  dosage  of  vitamins  necessary  for  human;  clarify  the  modern  sources  of 
vitamins  to  acquaint  with  the  useful  and  harmful  effects  of  vitamins  on  the  human  body 
explain that as a treatment for a specific disease should be taking vitamins. 
Object of research: vitamins. 
Methods of research: In research job are applied assembly of the reviews, analysis, 
comparative, descriptive etc. methods. 
Novelty of research: For the first time is carried out (spent) the questionnaire among 
the schoolboys and the test about illness vitamins is created. 
The  practical  importance:  Results  of  research  it  is  possible  will  apply  to  hospital, 
medical establishments, lessons knowledge of the world. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
31
ИСАК Мади, 
ученик 10 «А» класса школы «Мұрагер» со специализированными классами 
для одаренных детей с обучением на трех языках, город Кызылорда, 
Республика Казахстан 
 
руководитель: КАРИМОВА Диляра Эриковна, 
учитель географии школы «Мұрагер» со специализированными классами 
для одаренных детей с обучением на трех языках, город Кызылорда, 
Республика Казахстан 
 
  
 
ПРОБЛЕМЫ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ЭКСПЛУАТАЦИИ 
КОМПЛЕКСА БАЙКОНУР 
 
Цель научной работы: ознакомиться с основными проблемами экологической 
безопасности эксплуатации комплекса «Байконур». 
Методы эксперимента: аналитические методы, метод синтеза и анализа. 
Научная новизна. Тенденция возрастания грузового потока на орбиту Земли и 
через орбиту Земли сомнений не вызывает. Решение многих важнейших научных и 
социально-экономических задач, не говоря о военно-стратегических задачах, сегодня 
уже становится немыслимым без использования специальных космических систем. 
В  последнее  время  становится  все  более  актуальной  проблема  космического 
мусора.  Рассмотрены  с  точки  зрения  экологического  мониторинга  основные 
особенности  выбора  и  проблем  космического  топлива.  В  целях  снижения 
негативных  экологических  и  социально-экономических  последствий  ракетно-
космической деятельности в районах падения отделяющихся частей ракет-носителей 
на  территориях,  которых  расположены  районы  падения,  рассмотрены  мероприятия 
по  обеспечению  безопасности  населения,  проживающего  в  применения  топлива  и 
его  влияние  на  здоровье  людей,  проведен  детальный  обзор  проблем  нарушения 
озонового  слоя.  Наряду  с  этим  проведено  изучение  применения  других  видов 
топлива  в  этих  районах,  и  предложено  проведение  экологической  паспортизации 
районов падения. 
Введение. Решение о создании космодрома было принято в 1953 году, когда в 
Советском  Союзе  работал  космодром  Капустин  Яр  (Астраханская  область), 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
32
задуманный  для  запусков  целого  ряда  реактивных  аппаратов,  созданных  под 
руководством С.П. Королева. 
При  создании  космодрома  учитывались  такие  пункты  как  малонаселенность 
территории;  наличие  вблизи  водного  бассейна  (Сыр-Дарья);  наличие  вблизи 
железной дороги (Москва – Ташкент); близость к экватору, чтобы при запуске ракет 
учитывать  скорость  вращения  Земли,  т.к.  Земля  своим  вращением  добавляет 
скорость; район должен быть сейсмически безопасным. 
Но  в  настоящее  время  расположение  космодрома  не  отвечает  всем 
вышеперечисленным  требованиям.  Например,  сейчас  этот  регион  не  относится  к 
числу  малонаселенных,  что  может  привести  к  непоправимым  последствиям,  воды 
реки  используется  числом  жителей  почти  в  600 000  человек,  а  с  каждым  годом 
численность  региона  увеличивается.  Поэтому  в  настоящее  время  остро  стоит 
проблема  эксплуатации  региона  и влияние  его  деятельности на  здоровье  людей,  на 
состояние окружающей среды. 
В  научном  проекте  рассматривается  история  возникновения  космодрома 
Байконур, необходимость создания космодрома «Байконур», его значения для людей 
и  науки,  требования,  которые выдвигались  при  создании  комплекса,  проблемы  при 
запусках  спутников,  заражение  территории  при  происходящих  авариях,  меры, 
предпринимаемые  при  заражении,  эффективность  мер,  опасность  заражения 
территории,  применение  топлива  и  его  влияние  на  здоровье,  другие  виды  топлива, 
которыми  можно  заменить  опасное  топливо  «Гептил»  на  более  безопасные  виды, 
возможности  их  использования,  рассматривается  нарушение  озонового  слоя  и 
влияние  его  на  окружающую  среду  и  здоровье  человека,  а  так  же  актуальная  на 
сегодняшний  день  экологическая  проблема:  загрязнения  космическим  мусором  и 
последствия данного загрязнения. 
В  работе  также  рассматривается  пути  решения  проблем,  предлагает 
использование  менее  опасных  видов  топлива,  а  так  же  препятствия  по 
использованию  других  видов  топлива,  преодоление  препятствий,  возможность 
уменьшить  негативное  влияние  деятельности  космодрома  на  окружающую  среду  и 
здоровье людей. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет