4-апта. 4-дәріс: Болмыс онтология және метафизика



бет1/7
Дата16.03.2023
өлшемі242,67 Kb.
#74731
  1   2   3   4   5   6   7

4-апта.
4-дәріс:


Болмыс. онтология және метафизика


Жоспар:
1. Болмыс ұғымы.
2. Болмыс және тіршілік.
3. Болмыстың түрлері: адамның болмысының мәні; әлеуметтік болмыс; рухани болмыс.
5. Идея және рухани құндылықтар.


Онтология (гр. ontos – мәнділік + logos - ғылым) – болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Бұрын бұл сөз нағыз болмыс туралы ілім яғни «бірінші философия» деп түсінілді. XX ғасырда Батыс философиясында объективтік-идеалистік негізде жаңа онтология жасауға талпыныс болды. Ол «жаңа онтология», «трансцендентальді онтология» - сезімнен тыс және рационалды интуиция арқылы түсінілетін болмыстың жалпылама ұғымдар жүйесін білдіреді және дилектикалық материализм философиясына қарсы қойылған.
Болмыс – айналаны қоршаған объективті дүниенің сипаттамасын беретін философиялық ұғым. Кейбір философтардың дүниенің материалдығы мен оның болмысын тепетең ұғымдар ретінде қарастырған кездері болған. Болмыстың объективтілігін ғана көру оның материалдық және идеалдық сипаттарын ашуға кедергі жасап келді. Идеалистік бағыттағы философтар болмысты материяға дейін де болған, одан тәуелсіз деп, оны сана актісімен бірге қарауға бейімдік танытады.
Болмыс дегеніміз бүкіл әлем, тұтас универсум, демек, айналаны қоршаған нәрселердің, үдерістердің, құбылыстардың жиынтығы. Әдетте болмысты екі элементке – табиғат және қоғам – бөліп қарастыруға болады.
Диалектикалық материализм болмыстың біріншілігін, сананың екіншілігін қуаттайды. Дегенмен, сананы бұйығы емес, болмысты өзгертетін белсенді күш ретінде таниды.
Болмыс – кез келген бір нәрсенің бар екенін, болып жатқанын білдіретін, мейілінше жалпылама және абстракті ұғым. Мұндайда болмысты объективті үдерістер мен заңдылықтардың нақты және терең сипаттамаларына ие бола алатын реалдылықтан, өмір сүріп жатқаннан, нағыздықтан ажыратып алу керек.
Болмыстың негізгі формалары:
а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың және адамның қолымен жасалған нәрселер мен үдерістердің болмысы;
б) адамның болмысы;
в) нақты сипаттағы рухани болмыс;
г) қоғамның әлеуметтік болмысы;
д) табиғат болмысы объективтілігімен, адамның санасынан тыс өмір сүруімен, кеңістік пен уақыт шеңберінде мәңгілігімен, барлық жерде және үнемі бола беретінімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет