0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы
0111063 «Математика мұғалімі» негізгі орта білім базасындағы
күндізгі оқыту нысанының білім алушылары үшін қорытынды аттестаттауға арналған тәрбие жұмысының әдістемесі пәні бойынша емтихан
сұрақтары
Сұрақтар
Тәрбие процесін ұйымдастыру формалары. Мектепте тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі формалары. Сынып сағатын ұйымдастырудың жолдары, мақсаты, міндеті.
Тәрбие-мақсатқа бағытталған тұлға бойында көзқарастар мен сенімдер, қасиеттер мен құндылықтар, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру процесі.Тәрбиенің бағыттары Қазақстандық патриотизм және
құқықтық тәрбие Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру Рухани – адамгершілік тәрбиесі
Мамандыққа бағдарлау Эстетикалық және рухани сұлулық тәрбиесі Экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыру Салауатты өмір салты, дене тәрбиесі Ұл мен қыз және отбасы тәрбиесі.
Тәрбие формасы-бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі. Мазмұн және форманың философиялық
категориялары тәрбие құбылыстарындағы ішкі және сыртқы ұғымдардың бірлігін танытады. Тәрбиені ұйымдастыру формалары Шағын топтық Жеке Топтық (ұжымдық) Бұқаралық. Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Өмірмен тығыз байланыстылығы.
Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.
Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау жөніндегі тәжірибесін талдаудың негізінде жоспарға төмендегідей талаптар қоюға болады: жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы; сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы; тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету; жоспардың нақтылы болуы; жұмысты келісіп жоспарлау.
Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоспардың негізгі үш түрі қолданылады :Перспективалық Ағымдық Жылдық Мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды.жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу
тоқсанында жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |