4 Сабақ. Тақырыбы: Әй жарайсың! Мақсаты: стресс кезінде сенімді қылықты қалыптастыру. Уақыты



Дата04.01.2022
өлшемі23,57 Kb.
#23892
түріСабақ

ҰБТ – ға дайындау кезінде оқушыларды өзінің мінез – құлқын, эмоцияларын басқара алуын үйрету және өзін – өзі бағалау деңгейін жоғарылату

4 Сабақ.Тақырыбы: Әй жарайсың!



Мақсаты: стресс кезінде сенімді қылықты қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: сіздер ішкі және сыртқы жағынан тұрып 2-і топқа бөлінесіздер. Ал қазір мен сіздерге не істейтіндеріңізді айтамын. Екі шеңбер жасаңыздар: бір ішкі, ал біреуін сыртқы шеңбердің қатысушылары өздеріне ішкі шеңберден серік тауып қарама-қарсы тұрып, менің дабылым бойынша бір –біріңе өздеріңнің жетістіктерін туралы айтасындар. Мұнда тұрған кісі саусақтарын бүгіп тұрып серіктерінің айтқан жетістігіне «Әй жарайсың» бір деп айтады. «Әй жарайсың» екі деп ары қарай жетістіктерін санап жалғастырады. Егер сіз өзініз туралы жаман ойласаңыздар қайраттанып жақсылықты айта беріңіз.

Егер біреулеріңіз ұялып немесе сенімсіздік сезінсеніз іштеріңізден «Мен өзімді сүйемін!», «Мен дарамын!», «Мен өзімді сүйемін, мен дарамын!» деп айтыңыз. Әр қашан ойыңызға өзініз туралы жаман бағалау келгенде, есеңізге түсіріңіз, сізге әлі де даму және даму қажет.

Менің дабылым бойынша ішкі шеңбер орнында қалады. Ал сыртқы шеңбердегі қатысушылар сол жаққа бір қадам жасап серіктестерін ауыстырады. Ойын жалғасады.

Талдау. Өзіңіз туралы көп жақсылықты есіңізге түсіріңіз бе?

Өзіңізге кейде «Бұл менде өте жақсы орыңдалады» деп айтасыз ба?

Егер қателік жасасаңыз, өзіңізге не айтасыз?
1.Сергіту

«Біз ұқсаймыз?..» жаттығуы

Мақсаты: топтың ұжымшылдығын арттыру, жеке тұлағалық қарым-қатынас кезінде бір-біріне ұқсастықтарын танып білу.

Жүргізуші қоршаған адамдарына екі сөйлем айтып бөлменің ішінде жүруді ұсынады: «Сен маған ... ұқсайсың» және «Мен сенен ... ерекшеленемін».



Релаксациялық жаттығулар

Қолға арналған жаттығу:

Саусақтарды түйіп жұдырық жасаймыз. Қол саусақтарын барынша жазамыз.

Аяққа арналған жаттығу:



Өкшемізді еденге қойып тірейміз. Аяқ саусақтарын еденге қойып өкшемізді барынша көтереміз, жібереміз.

   

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет