4 сынып әдебиеттік оқу Қасым Аманжоловтың туған жерге арналған өлеңін табыңыз. А «Сүйемін, өскен Отаным»



Дата15.11.2023
өлшемі20,54 Kb.
#123938

4 сынып әдебиеттік оқу



  1. Қасым Аманжоловтың туған жерге арналған өлеңін табыңыз.

А) «Сүйемін, өскен Отаным»
В) «Туған өлкем»
С) «Туған жер»
Д) «Түркістан»
2. Жалғыз өркешті түйені қалай атаймыз.
А) Інген
В) Нар
С) Атан
Д) Бура
3. Екі ақын арасындағы сөз жарысы, халық ауыз әдебиетінің үлгісін табыңыз.
А) Тартыс
В) Айтыс
С) Толғау
Д) Ойкөкпар
4. Қамбар батырдың астына мінген тұлпарын көрсетіңіз.
А) Тайбурыл
В) Шалқұйрық
С) Байшұбар
Д) Қара қасқа
5. Шешендік сөзді жалғастырыңыз. «Кеудең толған бауыр болсын, Арқаң қара . . ... жауыр болсын»
А) Тастай
В) Жердей
С) Судай
Д) Нардай
6. Тарихта болған адамның басына құрылған шығарма қалай аталатынын көрсет.
А) Ертегі
В) Батырлар жыры
С) Аңыз
Д) Әпсана
7. Жұмбақтың шешімін табыңыз. Өкінгенде оқыс айтып қаласың, Оған кейде астығыңды саласың.
А) Қойма
В) Қап
С) Дорба
Д) Сандық
8. Адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі қалай аталатынын көрсетіңіз.
А) шешендік сөз
В) жыр
С) бата
Д) аңыз
9. Шөже мен Орынбайдың арасындағы айтыс, айтыстың қай түріне жататынын табыңыз.
А) бәдік айтыс
В) жұмбақ айтыс
С) ақындар айтысы
Д) қыз бен жігіт айтысы
10. Айбаты күшті жолбарыспен айқасқан батырды белгілеңіз.
А) Алпамыс батыр
В) Қобыланды батыр
С) Ертарғын
Д) Қамбар батыр
11. Адамның көңіл-күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеу қалай аталады?
А) портрет
В) пейзаж
С) кейіптеу
Д) лирика
12. Ел аузында өмір бойы өлімнен қашқан аңыз кейіпкері.
А) Асан қайғы
В) Алдаркөсе
С) Қорқыт ата
Д) Қожанасыр
13. Халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне жатпайтын нұсқаны табыңыз.
А) жұмбақ
В) бата
С) ертегі
Д) поэма
14.«Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан»,- деп қай мал туралы айтылғанын көрсетіңіз.
А) сиыр
В) қой
С) ешкі
Д) Түйе
15. «Атадан ұл туса игі Ата жолын қуса игі»,-деген шешендік сөздің авторынбелгілеңіз.
А) Әйтеке би
В) Төле би
С) Қазыбек би
Д) Майқы би
16. Жұмбақ айтыстың көрнекті өкілдерін табыңыз.
А) Біржан мен Сара
В) Шөже мен Орынбай
С) Жамбыл мен Айкүміс
Д) Нұржан мен Сапарғали
17. Қонаққа арналған дәм қалай аталатынын білесіңдер ме?
А) қонақ кәде
В) қонақ асы
С) ерулік
Д) сыбаға
18. Бір нәрсені немесе оқиғаны шамадан тыс үлкейтіп, күшейтіп айту қалай аталатынын анықтаңыз.
А) кішірейту
В) әсірелеу
С) дамыту
Д) ауыстыру
19. Қазақ халқында құсты қасиетті деп санап, жүнін қыз-бозбала бөркіне тағатынын көрсетіңіз.
А) Байғыз В) Қарға С) Қарлығаш Д) Үкі
20. Халық арасында сараңдықтың символына айналған аңыз кейіпкерін табыңыз.
А) Қожанасыр
В) Қорқыт
С) Алдаркөсе
Д) Шықбермес Шығайбай
21.Жолға шықсам көлігім, жапанда жүрсем серігім,-деп қай түлік туралы айтылатынын көрсетіңіз.
А) қой В) ешкі С) сиыр Д) жылқы
22. Халық ауыз әдебиетін жататын жанрды анықтаңыз.
А) әңгіме В) пьеса С) роман Д) аңыз
23. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Алдаркөседен құтыла алмаған соң, бай Алдаркөсенің атын сойып алмақ болады.Алдар байдың мұнысын естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайында қасқасы болмаса екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ. «Маған ойлайтын зияны болса, өзіне тисін»,-деп өз атының қасқасына сиырдың жас жапасын жағып жоғалтады да, байдың атының басына бор жағып қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де орнына келіп, жатып ұйықтайды.
Мәтінде қайсысының жасаған іс-әрекеті суреттелгенін көрсетіңіз.
А) байдың
В) байдың атының
С) Алдардың
Д) Алдардың атының
Мәтіндегі оқиға қай уақытта болғанын көрсетіңіз.
А) түсте
В) жол үстінде
С) түнде
Д) таңертең
Мәтінде Алдар қайсы әрекетті жасады?
А) Байдың ісіне сөзбен жауап берді.
В) Болатын зиянның алдын алуды жоспарлады.
С) Байдың бүлдіргенін жөндеді.
Д) Байға әдейі қастандық жасады.
24. А.Сейдімбектің «Әйел-ана» атты ертегісіндегі береке дарып, бақ қонған ғажайып елді табыңыз.
А) Күншуақ
В) Күншығыс
С) Бақыт
Д) Жайсаң.
25. Төрт жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазған ақын:
А) Мұқағали Мақатаев
В) Олжас Сүлейменов
С) Мұхтар Шаханов
Д) Абай Құнанбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет