№4(80)/2015 Серия филология


Грани творчества Ибрая Алтынсарина



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата03.03.2017
өлшемі5,33 Mb.
#5609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Грани творчества Ибрая Алтынсарина 

К 175-летию со дня рождения 

В  статье  описана  литературная  деятельность  педагога-просветителя  ХІХ  столетия  Ибрая 

Алтынсарина.  Отмечено,  что  он  внес  большой  вклад  в  формирование  и  развитие  казахского 

литературного  языка.  Литературные  произведения  Алтынсарина  отражали  исторические  и 

социальные изменения в жизни казахского народа во второй половине ХІХ века. Поэт в своих произ-

ведениях  призывал  народ  к  оседлому  образу  жизни,  трудолюбию,  честности.  И.Алтынсарин 

переводил  на  родной  язык  произведения  Л.Н.Толстого,  К.Д.Ушинского,  И.А.Крылова  и  других, 

близкие по жанру и тематике к идеям педагога-просветителя. 

 

R.S.Karenov  



The brink of creavity of Ibray Altynsarin 

To 175-to the anniversary since birth 

The attention of literary activity of the outstanding educator, teacher of XX of century Ibraya Altynsarin is 

paid. The conclusion is drawn that it made a big contribution to formation and development of the Kazakh 

literary language. It is noted that literary works of Altynsarin reflected historical and social changes in life of 

the Kazakh people in the second half of H_H of an eyelid. It is emphasized that they called for a settled way 

of life, diligence, honesty. It is described that as the outstanding educator of the time Altynsarin translated 

into the native language of work of L.N.Tolstoy, K.D.Ushinsky, I.A.Krylov and others. 

 

 



References 

1  Altynsarin I. Let children learn. Verses, stories, proverbs, riddles, Almaty: Atamura, 2006, 168 p. 

2  Syuinshaliyev Kh. History of the Kazakh literature: textbook, Almaty: Sаnat, 1997, 928 p. 

3  Madibai K. Kazakh adebiety, 2009, July, 31, 33 (3144), 6 p.  

4  Kazakh Soviet Encyclopedia, 11, / Edit. chief M.K.Karatayev, Almaty: Main edition of the Kazakh Soviet Encyclopedia, 1977, 

p. 92. 


5  Satbekova A. Anuz adam: Zhuldyzdar otbasy, 2013, 17 (77), p. 36–37. 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

45 


ƏОЖ 82.0 

Чи Шаубиң, С.Ысқақұлы 



Іле педагогикалық университеті, Қытай  

(E-mail: 554323028@qq.com) 

Қытайдағы таяу заман қазақ əдебиетінің  

қалыптасуы мен даму үрдісі 

XIX ғ. – XX ғ. алғашқы жартысындағы əдебиет мысалында 

Мақалада  Қытайдағы  қазіргі  заман  қазақ  əдебиетінің  қалыптасуы  мен  даму  барысы  жалпы  қытай 

халқының  сол  тұстағы  саяси-əлеуметтік  жағдайымен,  мəдени  тірлігімен  бірлестіре  отырып 

қарастырылады.  Қазіргі  заман  қазақ  əдебиетінің  қалыптасып,  даму  жолында  қалам  тартқан 

ақындардың  кемелденіп,  рухани  жетілуіне  халықтық  бай  фольклор,  шығыс  əдебиеті,  Абай  мұрасы 

сынды  үш  үлкен  мектептің  тірек  болғаны,  сонымен  бірге  таяу  заманғы  қазақ  əдебиетінің  тарихы 

айтыс  өнерімен  де  тығыз  байланыста  болып,  айтыскерлік  бұл  дəуірде  таңдаулы  дəстүр  болып 

қалыптасқаны,  арнау  өлең  жасампаздығы  да  сол  заман  ақындарында  тағы  бір  түрлі  əдеби  ауқымға 

айналғаны айқындалды. Бұл дəуірдегі ақындардың бірімен-бірі ілесе, қатарласа шығып, бір бағытта, 

бір мақсатта қалам тартып, əдеби орта қалыптастырғаны, əдебиеттің тақырып өрісі кеңейіп, мазмұн-

мəнері жаңаланғаны пайымдалды. Түр, жанр, формасы жөнінен алғанда ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың 

алғашқы жартысына дейінгі қытай қазақ əдебиеті өзгеше өзіндік өңірлік ерекшелігімен көзге түсетіні 

тұжырымдалды. 

Кілт  сөздер:  Қытайдағы  қазақ  əдебиеті,  таяу  заман  əдебиеті,  Абай  мұрасы,  ақындық  өнер,  əдебиет 

теориясы, түр жəне мазмұн. 

 

Қытай қазақтары рухани əлемінің барысын сөз еткенде, біз, жалпы, қытай халқының сол тұстағы 



əлеуметтік-саяси,  мəдени  тірлігіне  соқпай  өте  алмаймыз. XIX ғасырдың  соңы  мен XX ғасырдағы 

Қытай қоғамы, мəдени барыстары жөнінде бірер сөз айтылып, оның сипаты айшықталмайынша, сол 

өлкедегі қазақтардың əлеуметтік, мəдени, əдеби тірлігін безбендеу мүмкін емес. 

Қытайда  феодалдық  қоғам  Чиң  патшалығының (1644–1911) соңын  ала  күйреуге  бет  алды. 

Əлеуметтік дағдарыс күн сайын күшейіп, ішкі қайшылықтар барған сайын ушығып, хандық барынша 

іріп-шіріді. 1840 жылдардан бастап өзге капиталистік елдердің ықпалымен қытай қоғамында түбірлі 

өзгерістер  туыла  бастады.  Əлемдегі  алпауыт  империалистік  мемлекеттердің  Қытайға  анталай 

шабуылдауы  Қытайдағы  феодалдық  қоғамның  ыдырауын  тездетті,  капитализмнің  өркенін  жая 

бастады.  Осылайша  феодалдық  қытай  қоғамы  жартылай  феодалдық  қоғамға  айналды.  Тағы  бір 

жағынан,  бұл  елдер  Қытайды  өз  қалауынша  емін-еркін  билеп-төстегендіктен,  тəуелсіз  мемлекетті 

жартылай отар елге айналдырды. Міне, содан бастап империализм мен қытай халқы, феодализм мен 

халық  бұқарасы  арасындағы  қайшылық — таяу  заманғы  қытай  тарихы  дамуындағы  негізгі 

қайшылыққа  айналды.  Қытай  халқы  халық  ретінде  құрып  кетуден  сақтану  үшін  Тайпиңтиангодан 

(1851) Шаңхай төңкерісіне дейін (1911) төңкерістік күресті толассыз жалғастырып отырды. Сондай-

ақ  Қытайдың  көкірек  көзі  ояу,  алға  басар  ұл-қыздары  саны  мол,  салмағы  батпан  қорлық  пен 

зорлықтарға  төзе  жүріп,  батыс  елдерінің  ғылым-мəдениетінен  ақиқат  іздеді.  Осылайша  батыстағы 

өркендеген əдебиет — көркемөнердің сан түрлі ағымы Қытайға ағылып кіре бастады. 

Əдебиет  қоғамдық  идеологияның  жəне  жалпы  мəдениеттің  құрамдас  саласы  ретінде  сол  дəуірдегі 

қытай  қоғамының  өзгерістерін  бейнелеуге,  сонымен  бірге  өзі  де  аталған  бетбұрыстарға  үйлесуге, 

сəйкесуге міндетті еді. Сөйтіп, аталған тарихи кезеңде феодалдық əдебиетпен қатар, отаршылыққа қарсы 

тұруды,  феодалдық  бұғаудан  құтылуды  негізгі  мазмұн  еткен  алға  басар  əдебиет  те  дүниеге  келді. 

Сонымен бір уақытта феодалдық қоғам тұсындағы ескі əдебиетті жаңалау науқаны да қоса жүріп жатты 

[1; 121]. 

Міне,  осындай  жағдайда  таяу  заманғы  Қытайдың  алға  басар  əдебиеті  сол  кездегі  саяси  күрес 

үшін  ғана  қызмет  атқарып  қалмастан,  белгілі  деңгейде  империализмге,  феодализмге  қарсы  ұран 

көтерді.  Сонымен  бірге  Қытайдың  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  азаматтары  туған  елін  ояту  мақсатымен 

батыс  əдебиетінің,  əсіресе  орыс  əдебиетінің  көрнекті  өкілдерін  туған  тілдеріне  молынан  аударды. 

Гегель,  Тагор,  Петефи,  Лермонтов,  Некрасов,  Толстой,  Гоголь,  Чехов,  тағы  басқалардың 

шығармаларының қытай тіліне аударылуы, сол кездегі хат танитын қауымның сана-сезімінің оянуына 

игі əсер еткені белгілі. Ал аталған əлемдік классиктердің жəне Қазақстаннан барған қазақша, орысша 



Чи Шаубиң, С.Ысқақұлы 

46 


Вестник Карагандинского университета 

нұсқалары  жəне  ішкі  өлкеден  келген  ханзуша  нұсқалары  Шыңжаң  халықтарының  да  көкірек  көзін 

ашып,  таным-талғамын  өсіре  түсті.  Сондай-ақ 1930–1940 жылдарда  Қытай  əдебиетінің  көрнекті 

өкілдері  Лу  Шүн,  Го  Моро,  Мау  Дұн,  Əй  Чиң,  тағы  басқа  ақын-жазушыларының  шығармалары  да 

Шыңжаңда біртіндеп аударыла бастаған болатын. Сондықтан қытай əдебиетіндегі əр кезеңнің бедері 

Қытайдағы  қазақ  əдебиетіне  өз  ізін  қалдырып  отырды.  Жалпы 1920 жылдардан  басталған  Қытай 

мəдениетінің ояну қозғалысы 1930–1940 жылдарда биік белеске көтерілді десек, тура осындай ояну 

құбылысы ұқсас мезгілде қытай қазақтарында қайталанып отырды. Сол мезгілде Шыңжаң қазақтары 

арасынан  шыққан  Ақыт  Қажы  Үлімжыұлы,  Əсет  Найманбайұлы,  Таңжарық  Жолдыұлы, 

Жүсіпбекқожа  Шайхысыламұлы,  Көдек  Маралбайұлы,  Асылқан  Мыңжасарұлы,  Шілбі  Көмекұлы, 

Шарғын  Алғазыұлы,  Нұртаза  Шалғынбайұлы,  Дубек  Шалғынбайұлы,  Əріпжан  Жанұзақұлы, 

Арғынбек  Апашпайұлы,  Отарбай  Дүйсенбіұлы,  Асқар  Татанайұлы,  тағы  басқа  ақындардың  мəдени 

оянушылық  рөлі  ерекше  болғанын  байқауға  болады.  Қалай  болғанда  да  бұларсыз XX ғасырдың 

алғашқы  жартысындағы  қытай  қазақтары  əдебиетінің  жай-күйін  сөз  ету  мүмкін  емес.  Аталған 

ақындардың  бірі  діни  ғұлама,  бірі  əнші-сазгер,  бірі  айтыс  ақыны,  енді  біреуі  аудармашы 

болғандықтан,  сол  тұстағы  сауаттылық  деңгейі  əр  қилы  қазақты  жан-жағынан  қаумалап  оянбасына 

қоймады.  Тағы  бір  ескерте  кетерлік  жағдай,  қытай  қазақтарын  оятушылар  тек  жоғарыдағы 

ақындармен  ғана  шектелмейді.  Олардың  жан-жағында,  маңайында  қолынан  қаламы  түспей  өткен 

үлкенді-кішілі ақын-жазушылар аз болған жоқ [1; 129, 130]. 

XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан XX ғасырдың  алғашқы  жарымына  дейін  Қытайдағы  қазақ 

жұртының  саяси-əлеуметтік  өмірінде  ғана  емес,  мəдениеті  мен  əдебиетінде  де  өзіндік  өзгерістер 

туылды. Мұның өзі заман ауқымының жəне ел іші-сыртындағы ғылым мен мəдениеттің дамуындағы 

табиғи беталыс еді. Мəдениет шебіндегі мұндай өзгерістің басты бір белгісі оқу-ағартудың дамуынан 

байқалады.  Қытайдағы  қазақ  сахарасында XX ғасырдың  бас  шеніне  дейін  негізінен  ескіше  мектеп, 

медреселер  ғана  болған,  онда  көбінесе  діни  оқу  оқытылатын,  оның  үстіне  тұрақты  емес  еді. 1922 

жылы Үрімжі қаласында тұңғыш рет өлкелік мұңғұл-қазақ мектебі ашылды. Бұл мектепте қытай тіл-

əдебиеті  жəне  қазақша-орысша  тіл  сабағы  өтілді. 1935 жылы  құрылған  Шыңжаң  институтында 

бірталай  қазақ  балалары  оқыды. 1934 жылдан  бастап  қазақ  арасына  жаңаша  мектептер  ашыла 

бастады  жəне  бірнеше  жыл  ішінде  Іледе — 38, Тарбағатайда — 15, Алтайда 16 мектеп  құрылып, 

оқушы  саны 6200-ге  жеткен.  Бұл  мектептерде  сол  кезде  Қазақстаннан  шыққан  жаңаша  оқулықтар 

болған. ХХ ғасырдың бас шеніне дейін Қытайдағы қазақ ішінде ескіше оқыған санаулы ғана зиялы 

болған  болса,  бұл  тұста  əсіресе 1930–1940 жылдарда  бастауыш,  орта  мектептер  мен  арнаулы 

курстарды тауысқандардың саны едəуір молықты. 

ХІХ  ғасырдың  аяқ  шенінен  бастап  Қытайдағы  кейбір  қазақ  əдебиетшілерінің  кітаптары  Қазан 

қаласындағы  баспалардан  шыға  бастады.  Ол  кезде  Шыңжаңда  қазақ  тілінде  баспа  сөз  қалыптаса 

қоймаған  еді.  Тек 1930 жылдардан  бастап  қазақ  тілінде  газет-журнал  жарық  көрді.  Қазақ  тілінде 

«Шынжаң  газеті», «Іле  газеті», «Ерікті  Алтай», «Тарбағатай  газеті»  шыға  бастады.  Үш  аймақ 

төңкерісінің  ықпалымен 1940–1945 жылдар  аралығында  «Күрес», «Білім  арнасы», «Таң  шолпаны», 

«Бірлік», «Одақ»  атты  журналдар  жəне  «Əдебиет  арнасы»  атты  альманах  жарыққа  шықты. 

Тарбағатайда «Жаңа Шыңжаң», Алтайда «Жаңа Алтай» журналы шықты. 

ХХ  ғасырдың  бас  шенінен  бастап  мəдениет,  ғылым,  əдебиет  саласында  жəне  əкімшілік, 

басшылық  саласында  бір  шоғыр  қазақ  зиялылары  ел  көзіне  түсіп  жетіле  бастады.  Олардың  қажыр-

қайраты арқасында ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ханзу жəне əлем əдебиетінің озық үлгілері 

сауатты қауымға дерлік жеткізіліп отырды. 

1930 жылдардан бастап Шыңжаңға, əсіресе қазақ аудандарына мəдениет жағында Кеңес Одағы 

игі ықпал жасады. Олардан түрліше газет-журнал, кітаптар таралды. Шетел қазақ əдебиеті жəне олар 

аударған  шығармалар  орыс  əдебиеті  мен  еуропа  əдебиетінің  үздік  үлгілері  де  Шынжаң  қазақтары 

арасына тарала бастады. 

Қытай  таяу  заман  қазақ  əдебиеті  орта  ғасырдан  жалғасқан  халық  ауыз  екі  əдебиетінің 

жасампаздық  дəстүріне  мұрагерлік  етті.  Бұл  тұста  ел  арасында  ескіден  келе  жатқан  мифтер,  аңыз-

ертегілер, ерлік эпостар мен халық дастандары, шешендік сөздер мен мақал-мəтелдер, өлең-жырлар 

мол  сақталды. XVIII ғасырдағы «Aқтабан  шұбырынды»  оқиғасына  байланысты  туындаған  аңыз-

жырлар  кең  таралған.  Сонымен  бірге  осы  дəуірдің  өзінде,  дəлірек  айтқанда XIX ғасырдан XX 

ғасырдың  алғашқы  жартысына дейінгі  дəуірде, жергілікті  түс  алған қыруар  аңыз-əңгіме,  өлең-жыр, 

қисса-дастан, шешендік сөз, айтыс өлеңдері барлыққа келіп ауыз əдебиетінің қорын байытты; жазба 

əдебиет өрістеп халық ауыз əдебиетімен жарыса өмір сүрді. Сондай-ақ қазақ хандықтары дəуіріндегі 

қалыптасып, өрістеген зор əлеуметтік жəне қолданылмалы рөл атқарған жыраулар жасампаздығының 


Қытайдағы таяу заман … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

47 

стилі, сарыны осы дəуірге дейін созалаңдады, яғни бұл дəуірде ертедегі жыраулар жырының көбінесе 



белгілі əлеуметтік қимылға тікелей қызмет ету характері жаңаланып, поэзия жасампаздығы арнаулы 

көркемөнер түр ретінде даралана бастады [2]. 

Еліміз таяу заман қазақ поэзиясының тамырын тереңге тартып, кемелденуінің тағы бір қайнары — 

шығыс əдебиетінің игі ықпалы, яғни шығыстық үлгідегі классикалық шығармалардың өнегесі деуге 

болады. 

Шығыс  елдерінің  əдебиеті  тым  ертеде  дамығандықтан,  Орта  Азия  халықтарының  əдебиетіне 

орасан  зор  ықпал  жасайды.  Əрбір  жақтан  үлгі-өнеге  көрсетеді.  Шығыс  əдебиетінің  биігіне  қазақ 

əдебиеті  де,  ертеден-ақ  құлаш  ұрады.  Қазақтың  озық  ойлы  əдебиетшілері  шығыс  əдебиетіндегі 

оптимистік, адамгершілік идеялардан, көркемдік тəсілдерден, оқиға желісін құрастыру шеберлігінен, 

өлең  құрылысын жасау  өлшемдерінен  үйренеді.  Олар  шығыстың  таңдаулы  əдебиет  үлгілерінен  нəр 

алып  оны  қазақ  сахарасына,  өзінің  туған  топырағына  бейімдеп  жырлады.  ХІХ  ғасырдың  соңғы 

жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында

 

еліміз


 

қазақ  əдебиетінде  назиралық  дəстүр  кең 

дамыды, қиссагерлік өркендеп өсті. 

Қазақ  əдебиетіне  Абай  сіңірген  бұл  назиралық  үлгіні  Қытай  таяу  заман  қазақ  ақындары  да 

жаппай  қолданып,  қыруар  қиссаларды  жаратып,

 

елімізді  қазақ  жазба  əдебиетінің  тақырып  аясын 



кеңейтуге, мазмұн жəне форма жақтан кемелденіп, биік өреге көтерілуіне елеулі рөл атқарды. Яғни 

олар  ұлы  Абайдан  өнеге  қабылдап  назира  дəстүрінің  ықпалымен  сюжет  сорабын  араб,  парсы, 

үндістан  жəне басқа  түркі  тілдес  ұлттардың халық  ауыз  əдебиетінен  классикалық шығармаларынан 

алып,  оны  қазақи  жолмен  жырлады.  Сөйтіп,  назиралық  əдеби  тəсіл  мен  машықтың  негізгі  жанры 

болған  қиссалар  сол  тұста  халық  арасына  өте  кең  тарап,  дами  түсті.  Неше  ондаған  жеке  қиссалар 

таралды. «Бақтиярдың  қырық  бұтағы», «Тотының  тоқсан  тарауы», «Қырық  уəзір»  сықылды  көп 

сюжетті, тоғыспалы кесек жырлар да жырланды. 

«Қиссалар  ХVIII-XIX  ғасырларда  ауызша  ғана  емес,  қол  жазба  күйінде,  кейінірек  баспа  сөзде 

жарияланып кітап түрінде таралған. Сондықтан жұрт оны «Өлең кітап» деп те атаған. Халық қисса 

шығаратын,  яки  оны  жырлайтын  ақындарды  «қиссагер»  деп  атаған.  ХІХ  ғ.–ХХ  ғасырдың  алғашқы 

жартысында  қиссагерлікте  сауатты  халық  ақындары  көп  еңбектенді.  Олар  көптеп  хатқа  түсіріп, 

баспада  жариялап  отырды.  Бұл  іске  жай  халық  ақындары  ғана  емес,  ықпалды  жазба  ақындар  да 

араласты, соған байланысты қисса жанрының қазақ əдебиеті тарихындағы орны жоғарылады. Кейбір 

əдебиеттанушы-ғалымдар  қисса  жанры  таяу  қазіргі  заманғы  қазақ  əдебиеті  тарихында  маңызды 

орында  тұрады,  ол XVIII-XIX ғасырлардағы  жалпы  қазақ  əдебиеті  жасампаздығындағы  үш  негізгі 

саланың бірі болып қалыптасты деп есептейді [3]. 

Қисса  жанры  қазақ  əдебиетінде  сонау  ертеден  тартып  пайда  болып,  жалпыласқанымен,  еліміз 

қазақтарында  оның  кең  өрістеуі,  көптеп  жырлануы,  таралуы,  баспада  басылуы,  жан-жақтылы 

кемелденіп,  озық  өреге  көтерілуі  ХІХ  ғасырдың  соңғы  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы 

жартысындағы кезең болды. Бұл дəуірдегі қазақ жазба ақындарының бəрі дерлік назиралық жолмен 

қисса  жазып,  бұл  жанрдың  өсіп-өркендеуіне  өз  үлестерін  қосты.  Əсіресе  Жүсіпбекқожа 

Шайхысыламұлы,  Əсет  Найманбайұлы,  Ақыт  Үлімжіұлы,  Таңжарық  Жолдыұлы,  Əріпжан 

Жанұзақұлы қатарлы ақындардың еңбегі зор. 

Бұл  дəуірдегі  ақындар  назиралық  үлгімен  қисса  жазу  дəстүрін  кең  жалпыластырып,  оны  бір 

түрлы шығармашылық тəсіліне айландырған. Өздерінің ақындық атағын жұртқа əйгілеуде назиралық 

үлгімен қисса жазуды ақындық өнердің үлкен өлшемі деп білген. Бұның өзі қисса жанрының дамып, 

кең  өрістеуіне,  таратылуына  ықпал  етті.  Ақындар  көптеген  қиссаларды  назиралық  жолмен  өздері 

жазып  таратса,  кейбіреулерін  баспа  сөзде  жариялады.  Тіпті  бұрыннан  халық  арасында  бар 

қиссаларды да жинап, реттеп, жырлап ел арасына қайталай кең таралуына себепші болды. Мəселен, 

«Ел ішіндегі қарттардың айтуынша: «Бақтияр» жəне оның  «Қырық бұтағын» Шыңжаң қазақтарына 

көп таратқан ақын-жыршылардың бірі Əріпжан Жанұзақұлы сияқты. Əріпжан ақын 1940 жылдардың 

басында Тарбағатайда  қайтыс  болады.  Əріпжан  қырық бұтақты  түгел  білген,  үзбей  жырлағанда  бір 

айдан  артық  уақытқа  созылады  екен.  Əріпжан  бұл  қиссаны  өз  əкесі  Жанұзақтан  жаттаған.  Ал 

Жанұзақ ақын бұл қиссаны өзінен бұрынғы ақындардан жаттады ма, я болмаса өз жанынан жырлаған 

ба, бұл жағы анық емес [4]. Бұл қиссалар ақындар жағынан қайталай жырлануы, таралуы барысында 

мазмұн  жəне  форма  жағынан  үлкен  өзгерістерге  ұшыраған.  Яғни  қазақтың  тұрмыс-салтына, 

эстетикалық  талғамына,  ұлттық  психикасына,  көркемдік  дəстүріне  бейімдеп,  жырлаған.  Қайталай 

жырлану  барысында  қиссалардың  ұлттық  бояуы  ажарлана  түскен.  Өйткені  ақындар  оны 

қазақиластырғанда  ондағы  оқиға,  кейіпкерлерден  тартып — бəрі-бəрі  де  қазақтың  сахарасындағы 


Чи Шаубиң, С.Ысқақұлы 

48 


Вестник Карагандинского университета 

өмір шындығына ыңғайланған. Солай бейімдей, соған сəйкестіре жырлаған. «Ондағы адамдар қазақ 

психологиясында  жасалған.  Олар  барлық  іс-əрекетінде  қазақша  қимылдайды,  қазақша  ойлайды, 

сөйлегенде де қазақтың сөйлем орамы, сөз кестесі бойынша сөз саптайды. Ұлттық салт жақтарында 

онда қазақтың алты алашы шақырылып, қазақтың алты қанат ақ ордалары тігіліп, ақсарбас айтылып 

сойылып,  ұлан-асыр  жомарт  той  болып  жатады.  Қонаққа  ет  атпен  тартылады.  Дүрілдетіп  домбыра 

шертіледі.  Шілдехана  өткізіледі.  Өлең  айтысады.  Балуан  күреседі.  Теңге  ілу  жəне  сөлкебай  ату, 

қызқуар,  ақсүйек,  алтыбақан  секілді  қазақ  ойындары  ойналады.  Ат  бəйгесі  болады.  Құдаларға 

құйрық-бауыр  асатылады.  Өлгенге  жоқтау  айтылып,  ас  беріледі.  Жөн-жосықты  бұзғандарға  қазақ 

жолымен  айып  салынады.  Ел  басына,  ауыл  ақсақалдарына  сыбаға  сақталады,  тарту  беріледі. 

Сыбызғы,  қобыз  ойналады.  Қазақ  билері  биледі.  Ит  жүгіртіп,  құс  салынады.  Жар-жар,  беташар 

айтылады. Мұндай қиссаларды оқып отырғанда əсте шеттен келген деп сезінбейсің, қайта қазақтың 

ата-бабалары кезінде Бағдат, Мысыр, Шам қалаларында дəурен сүргендей, араб, парсы, түрік тілдерін 

де тұтынғандай түсінесің [5]. 

Бізде  қазақ  жазба  əдебиеті  ХІХ  ғасырдың  екінші  жарымынан  ХХ  ғасырдың  бас  шеніне  дейін 

қалыптасты. Ұлы ақын Абай жасампаздығының ықпалын қабылдай отырып, өзіндік арнада өрістеді. 

Таяу заманнан бергі жазба əдебиеттің басты белгілерінің бірі туындыны баспасөзде жариялау болса, 

бұл дəуірде Қытайда қазақша баспасөздің қалыптаса қоймағанын айту керек. Сол себептен бұл тұста 

ақын, қиссагер, əдебиетшілер туындыларының баспасөзде жарияланғандары санаулы ғана еді. Қисса-

дастандардың  бір  бөлегі  жəне  кейбір  шежіре  кітаптар  қолжазба  күйінде  таралды.  Ал  əдеби 

туындылардың  дені  ауызша  таралды  жəне  сақталды.  Бұл  дəуірде  ең  алғаш  баспа  сөзде  кітабы 

шыққандар  ғұлама  ақын  Ақыт  Үлімжыұлы  мен  Жүсіпбекқожа  Шайқсыламұлы  болды.  Олардың 

көптеген  қиссалары  кезіндегі  Қазан,  Уфа  қалаларының  баспаларынан  шықты.  Шетелде 

басылғанымен  бұл  екі  ғұлама  ақын  шығармаларының  баспадан  шығуы  Қытайдағы  қазақ  жазба 

əдебиетінің  қалыптаса  бастағанын  анық  аңғартты.  Жазба  əдебиет  дегенде  хатқа  түсірілген,  қағазға 

жазылған  туындылар  да  қамтылуға  тиісті.  Осы  тұрғыдан  айтқанда  бұл  дəуірде  бізде  қазақ  жазба 

əдебиеті едəуір жалпыласты деуге болады. 

Жазба əдебиетіміз ХХ ғасырдың 20–40-жылдарында бұрынғыдан əрі мазмұн жағынан ілгерілей 

түсіп  əлеуметтік  сипат  алды.  Түр,  жанр  молайып  одан  ары  дамыды.  Бұл  дəуірде  əйгілі  ақын 

Таңжарық  өкілдік  еткен  ақындар  поэзиясы  зор  əлеуметтік  ықпал  тудырды,  төңкерістік  күрестердің 

ықпалын қабылдады, ескі қоғамның ем қонбайтын дерт-дербездерін əшкерелеумен бірге төңкерістік 

алға  басар  идеяны  жырлады.

 

Жазба  əдебиетімізде  төңкерістік  идея  дəріптеле  бастады.  Бұл  беталыс 



Таңжарық  жасампаздығынан  анық  бейнеленді.  Оның  көптеген  өлеңдерінде,  əсіресе  түрме 

тақырыбындағы  шығармаларында  кертартпа  үстемдікке  қарсы  күресу  зұлымдықты  əшкерелеу, 

халықты есе теңдікке жеткізу дəріптеген. Мұндай əлеуметтік сарындар өзге ақындар поэзиясынан да 

елеулі орын алды. 

Түр, жанр, формасы жөнінен алғанда ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі 

Қытайдағы  қазақ  əдебиеті  өзге  ұлттар  əдебиетінен  əрі  шетел  қазақ  əдебиетінен  өзгеше  өзіндік 

ерекшелігімен көзге түседі. Бұл дəуірдегі əдебиетімізде өлең сөз жасампаздығы басым орында тұрды. 

Бірақ  ол  жасампаздық  ауқым-беталысы,  поэзиялық  жанрлары  жағынан  болсын  өзінен  ілгергі 

дəуірдегі  поэзиядан  нəр  алып,  өзіне  тəн  дəуір  ерекшелігін  қалыптастырды.  Ең  алдымен 

жасампаздығының  ықпалын  жетілдірді.  Түр  жəне  өлең  өлшемі  жағынан  жаңаша  поэзия  арнасына 

ойысты.  Жазба  əдебиет  құрамы  барған  сайын  молықты.  Жалпы  алғанда,  бұл  дəуірдегі 

əдебиетшілеріміздің  дені  ұлылы-кішілі  ақындар  болды.  Олар  негізінен  халық  ауыз  əдебиетінен 

үйренді,  соның  топырағында  өсті.  Олар,  ең  алдымен,  халық  ауыз  əдебиеті  туындыларын  əсіресе 

халық  өлең-жырларын  қаршадайынан  жаттап,  үйреніп,  содан  нəр  қабылдады,  шабыт  алды,  соның 

бесігінде  өсіп-жетілді.  Халық  ауыз  əдебиеті  туындыларын,  жыр-дастандарды  жинаушы,  жырлаушы 

жəне біртіндеп баспа сөзде жариялаушы болды. Халық ауыз əдебиетінің сюжетін жаңғыртып туынды 

жаратты.  Жүсіпбекқожа  Шайқысыламұлы,  Ақыт  Үлімжіұлы,  Таңжарық  Жолдыұлы,  Əріпжан 

Жанұзақұлы, тағы басқалар — міне осы түрдегі əдебиетшілердің типтік өкілі. 

Демек, еліміз қазақ жазба əдебиетінің негізін қалаған ақындардың үлгі алған үлкен мектебінің бірі — 

халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып  келген  халық  ауыз  əдебиеті.  Халықтың 

көркемдік ақыл-ойының жемісі саналатын фольклордан нəр-қорек алмаған бірде-бір ақын жоқ десек 

те  болады.  Олардың  жасампаздығы  халық  ауыз  əдебиетімен  тығыз  байланысты  болды.  Ақындар 

шығармаларында  ажарлы  айшықтардың  ғасырлар  сүзгісінен  өткен  халық  поэзиясының  үлгі-


Қытайдағы таяу заман … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

49 

өрнегімен  ұштасып  жатқанын  аңғару  қиын  емес.  Десе  де,  ХХ  ғасырда  ғылым  мен  мəдениет, 



əдебиеттің дамуына ілесіп, қазақтың поэзия жасампаздығының сипатында өзіндік өзгерістер туылды. 

Еліміз таяу заманғы қазақ əдебиетінің тарихы айтыс өнерімен тығыз байланыста болды. Себебі 

бұл  тұстағы  Қытайдағы  қазақ  əдебиетшілерінің  негізгі  тұлғасы  ақындар  еді.  Ал  ақындық 

жасампаздық  пен  айтыс  дəстүрі  тығыз  байланысып  жатты,  бірге  туып  біте  қайнасты.  Ол  кездерде 

қазіргідей  жазба  ақындар  мен  айтыс  ақындарының,  ара-жігі  ажырамаған  еді.  ХІХ  ғасырдан  ХХ 

ғасырдың  алғашқы  жартысына  дейінгі  дəуірдегі  еліміз  қазақ  əдебиетінің  тарихын  негізінен  поэзия 

тарихы,  ақындар  жасампаздығының  тарихы  деуге  болады.  Ал  сол  ақындар  шығармашылығында 

айтыс  өлеңінің  өзіндік  орны  болды.  Поэзия  жетекші  жанр  болған  бұл  дəуірдегі  қазақ  əдебиетінің 

негізгі  тұғыр-тұлғасы  болған  ақын  əдебиетшілердің  бəрі  əуел  баста  айтыс  өнерінің  халықтық 

мектебінен  тəлім  алған.  Айтыс  өлеңімен  қанаты  қатып,  бұғанасы  бекіген  де  айтыс  ақыны  болған, 

жетіле келе  поэзияның  əр  жанрына құлаш  сермегендер еді.  Бұлардың  шығармашылық  табиғатынан 

қарағанда  айтыс  поэзиясына  соқпай  өткендері  жоқ  дерлік.  Олардың  ақындық  атағының  əйгілі 

болуында  тұтас  шығармаларының  рөл  атқарғандығы  даусыз,  əйтсе  де  олардың  ақындық  өнерін  ең 

алдымен  елге  танытып,  даңқын  асырған  да  айтыс  өлеңдері  болғаны  хақ.  Сөйтіп,  ұлттық 

əдебиетіміздің  өзіндік  ерекшелігіне  сай  айтыскерлік  бұл  дəуірде  таңдаулы  дəстүр  болып 

қалыптасқан. Айтыс ақыны болу ақындықтың негізгі белгісі есептелген. Ақындар кезінде талай айтыс 

түсіп тыңдармандарын тəнті еткен айтыс өлеңдерін қалдырған. 

Аталған  дəуірде  айтыс  өнерінің  біртіндеп  кең  таралуы  оның  тез  өсіп-жетілуіне  түрткі  болды. 

Поэзияның,  айтыс  дəстүрінің  құнарлы  топырағынан  нəр  алған  сахара  жұрты  айтыс  десе  делебесі 

қозып, ішкен асын жерге қоятын болды, айтыс бірте-бірте жалпы жұрт талпынатын өнерге айналды. 

Сөйтіп,  ерте  заманда  жыраулар,  шешендер,  билер  жəне  халық  ақындары  өркенін  өсірген  суырып-

салмалық — импровизаторлық  өнер  əрі  сол  негізде  өрістеген  айтыс  дəстүрі  біздегі

 

қазақ  ішінде 



неғұрлым  кең  қанат  жайды.  Қыруар  айтыс  өлеңдері  барлыққа  келді.  Қорының  қомақты  болуы  сол 

дəуірде қазақ қауымының ішінде айтыс өнерінің кең өрістеп дамығанын айқындайды. Ақынға «ақын» 

атағын  əперетін  ең  үлкен  байқау  айтыс  болған.  Өзін  ақындықпен  танытқысы  келген  əрқандай  адам 

жұртқа  танылған  мықты  ақынмен  өнер  сынасып,  сөз  жарыстырған.  Халықтың  алдында  өзінің 

ақындық қабілетін сынға алған. Егер осы жарыста халық мойындаса, ол жұртқа танылған, ал көптің 

көңілі толмаса, ақын деп танылмаған. Мұның өзі сол замандағы айтыс дəстүрінің кейбір сипаттарын, 

яғни  халықтық  айтыс  өнерінің  бел  ортасында  шыңдалатын  ақындық  таланты  бар  жастардың 

қаршадайынан ақындық өнерге ден қоятынын, айтыс десе жарғақ құлағы жастыққа тимей

 

қайда аты 



шыққан азулы ақын болса, соны іздеп барып айтысып, жеңістік алуға асығатынын, соған байланысты 

айтыс  өнерінің  ру-тайпа,  ел-жұрт  арасында  үлкен  беделге  ие  екенін,  жеңістік  алған  ақынның  рулы 

елінің  зор  абыройға  кенелетінін,  мəні  жағынан  алғанда,  айтыс  өнерінің  жай  эстетикалық  талғам 

өресінен  асып,  əлеуметтік  байланысқа,  ел-жұрттың  қарым-қатынасқа,  ар-намысына,  тіпті 

ақындардың тағдырына елеулі ықпал ететінін аңғартады. 

Бұл  дəуірде  жалпы  кəделі  бас  қосудың  бəрі  дерлік  айтыссыз  өтпеген,  айтыс  өлеңдердегі 

деректерге қарағанда, ол кезде ел ішіндегі салт-жора, ас-той, жəрмеңке-жиылыс, шілдехана, қомақты 

қонағасы — отырыстардың бəрінде айтыс негізгі көңілашар, өнер жарысы болған. Бір ауыл-аймақтан 

бірер мықты айтыс ақыны өсіп жетілсе, сол өңірдегі өлең ошағы мен айтыс өнерінің оты маздаған. 

Осыдан  болар  ХІХ  ғасырдың  соңғы  жартысынан  бастап,  ақындар  айтысы  халық  арасында  шұғыл 

өрлеуге  көтеріліп,  бір  топ  адуын  айтыскерлерді  тудырған.  Əсет  Найманбайұлы,  Жүсіпбекқожа 

Шайхысыламұлы,  Таңжарық  Жолдыұлы,  Асылхан  Мыңжасарұлы,  Отарбай  Дүйсенбіұлы,  Шарғын 

Алғазыұлы,  Кəрібай  Таңатарұлы,  Аппақ  Майтабанқызы,  Мағауиа  Орысбайқызы,  тағы  басқалар 

қатарлы  екпініне  ел  көтеріліп,  жүйрік  ойлы  арынды  айтыс  ақындары  арт-артынан  көзге  түскен.  Ел 

айызын қандыратын, күнді түнге жалғап айтыс бəсекесін оздыратын, бұқаралық сипаты күшті көркем 

өнеріміздің шоқтығы биік жанры болып қалыптасқан жəне дамыған. 

Арнау өлең жасампаздығы еліміз таяу заман ақындарындағы тағы бір түрлі əдеби ауқым болып, 

ақындар  қоғамға,  болмысқа,  небір  жекеге  болған  көзқарасын,  тұрғы  танымдарын  бейнелеуде  арнау 

өлеңдердің алуан түрін пайдаланған. Сол арқылы да өз тұсындағы қоғамның сан-алуан қайшылығын, 

шынайы  бет-бейнесін,  қараңғы,  жақтары  мен  жағымсыз  мінез-құлықтарды,  тоғышарлықты 

əшкерелеп діттеген мақсаттарына жетіп отырған. Демек, арғы тарихы халық ауыз əдебиетінен бастау 

алған арнау өлеңдер еліміз таяу,

 

қазіргі


 

заман қазақ поэзиясының тағы бір арнасы болып қосылған. 

Міне,  осындай  құнарлы  топырақтан  өсіп-өнген  арнау  өлеңдерінің  еліміз  таяу  заман  қазақ 

поэзиясының  үлкен  бір  арнасы  болғандығын  ұлы  Абайдан  тікелей  ақындық  тəлім  қабылдаған 



Чи Шаубиң, С.Ысқақұлы 

50 


Вестник Карагандинского университета 

Шыңжаң  қазақ  əдебиетіндегі  ұлы  тұлғалар  Ақыт,  Əсет,  Таңжарық,  Көдек,  Асылқан,  Отарбай,  тағы 

басқа  ақындардың  туындылары  дəлелдей  түседі.  Бұл  дəуірде  шағын,  қысқа  өлеңдер  шоғырындағы 

арнау  жырлары  қорының  қомақты  болуына  қарамай,  аса  икемді  бір  поэзиялық  жанр  ретінде 

тұлғаланды. 

Бұл дəуірдегі ақын туындыларының бір бөлімі баспа сөзде жарияланды. Бірақ 1930 жылдардың 

екінші  жарымынан  ілгергі  дəуірде  баспасөзде  жарияланғандары  тым  көп  емес.  Олардың 

туындыларының бір бөлімі қолжазба күйінде, тағы бір бөлегі ауызша таралды. Мұндай шығармалар 

бертінде  ел  аузынан  жазып  алынды.  Бір  талайының  бірнеше  нұсқасы  (варианты)  сақталған.  Кейбір 

шығармалар  текстологиялық  тұрғыдан  əлі  зерттелу  үстінде.  Авторының  кім  екені  немесе  қайсы 

нұсқасының түпнұсқа екені əлі күнге дейін дүдəмəл, мұның өзі осы дəуірдегі əдебиет жасампаздығы 

халық ауыз əдебиеті ықпалынан арылып кете алмағанын бір қырынан сипаттайды. 

Бұл дəуірде əдебиетімізде кейбір оқиғаларды, ел-жұрттың, ақындар мен авторлардың өз басынан 

кешірген  оқиғаларын  баяндайтын  жыр  тобы  пайда  болды.  Мұны  өз  тұсындағы  əлеуметтік  өмірдің 

тарихи туындысы десе де болады. Мұндай топаны мол, формасы да алуан түрлі, белгілі нақ оқиғаны 

толық қамтып, дастан түрінде ұзақ жырланғандары да, келте қайырып, қысқаша жырланғандары да 

кезігеді. Бірақ олардың бəріне ортақ бір ерекшелік — өз тұсында ақынға ерекше əсер еткен жəне ел-

жұрттың басынан өткен аянышты оқиғалар, ақынның сол жөніндегі ой толғанысты жырланады. Онда 

оқиға,  адам,  оқиғаның  туылған  орны,  уақыты,  нəтижесі,  автордың  көңіл-күйі  өңдеп  əрлеуден 

өткізілмейді,  негізінен  өзгеріссіз  жырланады.  Өйткені  ақындар  өз  ойын  қара  сөзбен  баяндағаннан 

гөрі, өлең сөзбен жырлағанды абзал көретін. Жұрт ішінде өлең-жырды естіген жерден құйма құлақ 

өлеңші  ақындар  көп болған.  Поэзия  кең  қанат  жайған  ортадан  мұндай  өлең-жыр  кең  таралатын  əрі 

ықпал тудыратын. 

Қытай таяу заман қазақ əдебиетіндегі эпикалық шығармалардың ендігі бір шоғыры суреттелетін 

оқиға негізінен өзі өмір сүрген орта, қазақ қоғамына тəн тіршілік көрінісінен алынып, дəуір шындығы 

бейнеленетін  немесе  халықтың ілгерінді-кейінді өмірін суреттейтін шығармалар, басқаша  айтқанда, 

халық  басынан  өткен  тарихи  оқиғаға,  жеке  тұлғаларға  арналған  я  белгілі  кезеңде  болуы  мүмкін 

шындық  негізінде  жазылған,  кейде  тіпті  ақынның  өз  тағдырына  қатысты  жайлар  да  орайластырып 

жырланатын  туындылар  болып  табылады.  Яғни,  аталған  дəуірдегі  еліміз  қазақ  жазба  əдебиетінде 

дастан жанры да қарыштап дамыды. Сол тұстағы ақындар идеялық мазмұн, көркемдік өресі жағынан 

шұрайлы  дастандар  жазып,  жазба  əдебиетіміздің  тақырып  аясын  кеңейтіп,  көркемдік  арнасын 

молайтуға үлкен үлес қосты. 

Бұл  дəуірде  жазылған  дастандардың  бір  тобында  ерте  кездегі,  сонау  қазақ  хандықтары 

дəуіріндегі  кейбір  тарихи  оқиғалар  баяндалса,  кейбіреуінде  дастанға  арқау  болған  оқиға  бертінгі 

дəуірден,  тіпті  ақын  өмір  сүрген  заманнан  алынады.  Енді  бір  бөлім  дастандардың  туылуына  қазақ 

арасында  тарап  жүрген  белгілі  бір  хикая  яки  аңыз  себепші  болған.  Тарихтан  белгілі  кейбір  тарихи 

тұлғалар да дастандарға арқау болады. Бір бөлім дастандар қиялдық, аңыздық сипаты басым болып, 

романтикалық  түске  ие  болса,  көбінің  оқиғалығы  шындық  өмірге  жақын,  яғни,  реалистік  сипаты 

басым  келеді.  Кейде  асқақ  романтизм  мен  реализм  тығыз  ұштасып  жатады.  Кейбірінің  мазмұны 

ғашықтыққа  құрылып,  ескі  неке  түзіміне  қарсы  тұрып,  əйел  теңдігі,  жастардың  махаббат  еркіндігі 

дəріптеліп жатса, кейбірі батырлық хикаяға құрылып, ерлік рух жырланады. Мейлі қайсысы болсын 

бəрінде  де  ұлттық  салт-сана,  ғұрып-əдет,  жора-жосындар,  яғни  ұлттық  ерекшелік,  айқын  көрініс 

тауып жатады. 

Бұл  дəуірде  əдебиеттің  тақырып  өрісі  кеңейді,  мазмұн-мəнері  жаңаланды.  Жалпы  əдебиет 

жасампаздық ауқымы біртіндеп сыншыл реализм арнасына ойысты. Мадақ-марапат жырлары азайып, 

сын əшкерелеу көбейді, өмірдегі əлеуметтік теңсіздіктерге наразылық күшейді. Кейбір шығармаларда 

заман  ауқымының  індеттері  мен  керағарлығы  əшкере  айыпталып  отырды.  ХІХ  ғасырдың  ІІ-

жартысында туылған аумалы-төкпелі, зобалаң жағдайлардың салдарынан Алтай, Тарбағатай жерінде 

қазақ  жұртшылығында  басқа  өңірлерге  ауа  көшу  арқылы  ауыр  алман-салықтан  қашу,  жергілікті 

билеушілердің баса билеуі мен жолсыз жазалауына қарсыласу жайттары күшейді. Ауған елдің ұзаққа 

созылған аумалы-төкпелі өмірі жөнінде көптеген өлең-жыр жəне дастандар туындаған. Бұл топтағы 

шығармаларда  сол  елдің  тартқан  тауқыметі  мен  азапты,  ауыр  кешулері,  мұң  мен  наласы 

бейнеленумен бірге, кіндік кесіп, кір жуған жерге деген сағыныш, қимастық сезім, күңіренген көңіл-

күй  кестеленген.  Мұндай  мұңды,  зарлы  зар-заман  əуендердің  бір  тобы  «жер-су  өлеңі»  болып 

қалыптасқан.  Ауған  елдің  атамекенін  аңсауынан  туындаған  бұл  секілді  сағыныш  жырларында  жер 


Қытайдағы таяу заман … 

Серия «Филология». № 4(80)/2015 

51 

мен  судың  көркем  табиғаты  мен  мəн-жайы,  өзгеше  бітім-болмысы  ақынның  еміренген  сағынышты 



сезімімен өріле біртұтас суреттеледі. 

Біз  сөз  еткен  кезеңде  еліміз  қазақ  поэзиясында  табиғат  лирикасы  негізгі  сарын  болмағанымен, 

табиғат  ана  өскен  ортаның  құбылыс-көріністері  ақындарды  əсерлендірмей  қоймаған.  Еліміз  таяу 

заман  қазақ  табиғат  лирикасының  қалыптасып,  дамуына  негіз  салған  ақындардың  қөшбасшысы 

 

Ақыт  пен  Таңжарық  деуге  болады.  Өйткені  Таңжарық,



 

Ақыт  поэзиясының  көркемдік  қуатының 

өзгешелігі,  бейнелеу  шеберлігі  жағынан  дара  тұратыны  белгілі.  Ол  нені  суреттесе  де,  көз  алдыға 

келетіндей  сурет  салуға  ұмтылады.  Оның  суреткерлігі,  немесе  бұл  тақырыптағы  табысы,  табиғат 

лирикаларынан да көрініс табады. 

Қазақ халқы — табиғатпен егіз, етене халық. Сонау ықылым заманнан тартып сахараның салқын 

самалын жұтып, таңғажайып табиғатын қызықтап, оның ішкі қыры мен сырына терең үңіле білген, 

көркемдікке  барлау  қабілеті  бар  халық.  Кезінде  М.Əуезовтің: «…Кең  далада,  еркін  ауада  сайран 

қылып,  жер  мен  көк,  су  мен  ағаш,  тау  мен  тастың  тамаша  сырларымен  бірге  туысып,  біте  қайнап, 

басы бос, қиялы күшті, бұлғақтап жүрген дүниенің бір ерке баласы», — деп жазғанындай, Қытайдағы 

қазақ  əдебиетінде  басқаларға  ұқсамайтын  сезімталдықпен  табиғат  көрінісін  бейнелеген  Таңжарық 

десек, артық болмас [6]. Рас, бай халық əдебиетімізде жер-суға арналған өлеңдер, табиғат суреттері 

баршылық. Таңжарық та осыдан нəр алған, бірақ сезім бояуы ұқсамайды. 

Ақындық  қарымы  мен  дарыны, көркемдік  қуатының  келістілігі  жағынан  тартымды  туындылар 

берген  ақындар  өз өлеңдерінде  көркемдікке  ұмтылды, өлең жазудағы  Абай  талаптарына  талпынды. 

Жатық тіркес, шымыр ұйқас құруға, ажарлы сөзбен бейнелеуге, шырайлы шумақ жасауға, осылардың 

бəрін  үйлестіре  келіп,  ой  салар,  жүрек  тербер  көркем  поэзия  тудыруға  тырысты.  Олар  белгілі 

дəрежеде Абай бастаған қазақтың жаңа жазба əдебиетіндегі көркем үлгіні басшылыққа алды. Табиғат 

көріністерін  беруде,  жер-су,  тау-дала,  қоршаған  ортаны,  өмір  құбылыстарын  суреттеуде  алдыңғы 

буынға  көз  салды,  ізденді,  солармен  үндесетін  азды-көпті  туындылар  берді.  Алайда  ақындар 

поэзиясында өздерінің бойына бала кезінен сіңген халықтық сипат, ұлттық дəстүрдегі көркемдік үлгі 

басым байқалатыны шындық. 

Еліміздегі  қазақ  жазба  əдебиетінің  негізін  қалаған  ақындарға  ұлы  Абайдың  да  əсер-ықпалы  аз 

болмаған. Өйткені XX ғасырдың алғашқы жарымында Абай мұрасының идеялық-эстетикалық терең 

мəні  Қытайдағы  қазақ  əдебиетшілерінің  де  үлгі-өнегесіне  айналған-ды.  Біріншіден,  Абай 

шығармалары  қалың  қауымға  рухани  нəр  берсе,  екіншіден,  ақындықты  мұрат  еткен  өнер  иелерінің 

адастырмас темір қазығы болды. 

«Абай  қазақтың  жаңа  реалистік  жазбаша  поэзиясының,  əдебиетінің  негізін  салды.  Абайдың 

ақындық дарыны аса қуатты жəне сан қырлы. Ол — керемет суреткер ақын жəне сыршыл лириканың 

сирек  кездесетін  шебері.  Сонымен  бірге  біз  Абайды  ойшыл  ақын  дейміз.  Мұны  алдымен  ақынның 

өмір  құбылыстарын  терең  толғау  жағы  басым  келетін  өлеңдеріне  қатысты  айтсақ,  сонымен  қатар 

өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне 

қатысты,  яғни  ойшыл-философ  ақын  деген  мағынада  айтамыз» —деп,  академик  Заки  Ахметов  ұлы 

дарынға  үлкен  баға  береді  де: «Ақын  тұлғасы  қаншалықты  ірі  болса,  ықпалы  соншалықты  зор 

болатыны, айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық, — деген тұжырым жасайды» [7]. 

Абай  еліміз  қазақ  əдебиетшілеріне  де  «жарығын  түсіргені»  белгілі.  Өйткені  ұлы  Мұхтар 

Əуезовтің  «Абай — қазақтағы  суретті,  сұлу  сөздің  атасы,  тереңге  сырлы,  кең  мағыналы  кестелі 

өлеңнің атасы.  Қазақ  өлеңіне  өрнек  берген,  түрін көбейтіп,  қалыбын  молайтқан  Абай.  Ол  қазақтың 

ішінен  оқушы  тапқан», — деп  айтқанындай,  Абайдың  ХІХ  ғасырдың  соңынан  бері  еліміз  қазақ 

əдебиетінде  де  «оқушылары»  болғанын  Абай  дəстүрін  жалғастырушы  ақындар  дəлелдейді,  яғни 

еліміз таяу заманғы қазақ ақындары Абайдан үлгі қабылдап, мұндағы жазба əдебиетіміздің тақырып 

аясын  кеңейтуге,  көркемдік  өресін  жоғары  көтеруге,  мазмұны  мен  формасының  жаңалануына  игі 

ықпалын тигізді [8]. 

Қытайдағы  таяу  заман  қазақ  əдебиетіндегі  ақындар  тақыр  жерден  пайда  болған  жоқ.  Тағылым 

алар, тағылым берер алды-арты, ақындық айналасы болды. Олар бірімен-бірі ілесе, қатарласа шығып, 

бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып, əдеби орта қалыптастырды. Қалай дегенмен де, ықпалдастық 

райдағы ақындық орта жасады. Осы ретте біз сөз етіп отырған Таңжарық, Ақыт, Шылбы, Асылхан, 

Көдек,  Досбер,  Шарғын  қатарлы  ақындар  шығармашылығындағы  үндестік  негізінен  ағартушылық 

идеяның  дамуы  мен  əлеуметтік  сарынның  көріну  бағыттарында  тоғысады.  Ағартушылық  идея  да, 

əлеуметтік сарынның көрінуі де барлық ақынның шығармашылығына тəн болғанымен, олардың бір 



Чи Шаубиң, С.Ысқақұлы 

52 


Вестник Карагандинского университета 

тобы  ағартушылық  бағытта  басымырақ  қалам  тербесе,  екіншілері  əлеуметтік  мəселені  көбірек 

қозғаған өлеңдер жазды. Бұл орайда Ақыт, Шылбы, Шарғын сынды ақындар ағартушылық идеяның 

дамуына  барынша  үлес  қосып,  басымдылық  танытса,  Асылхан,  Көдек,  Досберлердің 

шығармаларында əлеуметтік сарын молынан көрінеді. Ал Таңжарық шығармаларында бұл айтылған 

мəселелердің  қай-қайсысы  да  ашықтау  көрініп,  жетілдіріле  түседі.  Əрине,  шығармалары  талданып 

отырған ақындар тек осы шеңбер аясында ғана өлең тудырды деген түсінік болмау керек. Біздің бөліп 

қарап  отырғанымыз — белгілі  кезең  əсерінде  туған  əдебиетті  жүйелеп  көрсету  мақсатындағы 

айтылған  ой.  Əйтпесе  бұл  ақындар  азды-көпті  болса  да  алуан  түрлі  тақырыпта  қалам  тартқаны 

белгілі. 

Қорыта айтқанда, еліміз таяу заман қазақ əдебиетінің қалыптасып, даму жолында қалам тартқан 

ақындардың кемелденіп, рухани жетілуіне тірек болған, үлгі-өнеге алған тəлімдік мектебі, сусындап 

нəр  алған  қайнар  үш  бұлақ  көзді  айтқан  орынды. Оның  бірішісі,

 

халықтық  бай  фольклор,  екіншісі, 



шығыс  əдебиеті.  Үшіншісі,  Абай  мұрасы.  Əсіресе  халық  əдебиетінің  сан  ғасырлық  өшпес  өрнек-

үлгісіне сүйенуі ақындар шығармаларына ерекше ажар ашып бергендігін көреміз. Шығыс əдебиетінің 

де ғибрат тағылымы, үйретер үлгісі аз болмаған болса, Абай үлгісімен өлеңдер дестесін жазған. Оның 

даналық  жолын  жалғастырып,  өлмес  өлеңдерін  көптеп  таратқан.  Шығармаларын  өнеге  тұтқан. 

Сонымен кезінде Абай үні еліміздегі қазақ қауымына да кең тараған, өнер иелеріне нəр беріп ұстаздық 

еткен [9]. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Мəсімханұлы Д. Сарап. — Астана: Елорда, 2001. — 238-б. 

2  Қазақ əдебиетінің тарихы. — 3-кіт. — Үрімші: Шыңжаң халық баспасы, 2003. — 3–5-б. 

3  Қазақ əдебиетінің тарихы. — 1-кіт. — Үрімші: Шыңжаң халық баспасы, 2002. — 622-б. 

4  Мыңжани  Н.  Қазақтың  халық  қиссасы — «Бақтияр»  жəне  оның  «қырық  бұтағы»  жайында // Қазақ  ауыз  əдебиеті 

туралы пайымдаулар. — Үрімжі: Шынжаң халық баспасы, 1984. — 757 б. 

5  Егеубаев О. Қазақ халық дастандары туралы // Қазақ ауыз əдебиеті туралы пайымдаулар. — Үрімжі: Шынжаң халық 

баспасы, 1984. — 138-б. 

6  Əуезов М. Абай тағылымы // Абай. — 1995. — № 1, 2. — 140-б. 

7  Ахметов З. Абайдың ақындық əлемі. — Алматы: Ана тілі, 1995. — 245-б. 

8  Əуезов М. Əдебиет тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 230-б. 

9  Сейітжанұлы З. Шынжаң қазақ əдебиеті. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1999. — 87–96-б. 

 

 



Чи Шаубин, С.Ыскакулы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет