№5 дәріс Тақырыбы: Фотосинтез. Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
Дата27.11.2023
өлшемі94,7 Kb.
#128752


№ 5
 
дәріс
 
Тақырыбы: 
Фотосинтез. 
Дәріс мақсаты: 
Студенттерді өсімдіктердің көміртегімен қоректену типтерімен
фотосинтез процесінің маңызымен таныстыру.
Дәріс мазмұны: 
Фотосинтез және оның маңызы туралы жалпы ұғым. Фотосинтездің 
жарық сатысы. НАДФН және АТФ
-
тің циклді (айналымды) және айналымсыз 
электрондар тасымалдану арқылы пайда болуы.
Фотосинтез (Фото... және синтез) 
– 
жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, 
балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер 
арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан 
(көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі 
органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 
100 млрд т
-
дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит 
өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд
-
тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және 
неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғ
-
ң 2
-
жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы 
фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғ
-
ң басында 
фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі 
(В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғ
-
ң орта 
кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі,радиоизотопты әдіс 
спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.
Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп клеткалы жасыл, қоңыр, қызыл, 
сондай
-
ақ бір клеткалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек 
доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және 
көміртек көзі 
– 
көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2 мен Н2О пайдаланылса углевод 
түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік углевод түзумен қатар құрамында азоты және 
күкірті бар аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл 
де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, 
күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті 
пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су 
орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, 
тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил 
спиртін) пайдаланады.
Фотосинтез аппаратының негізі 
– 
клетка ішіндегі органелла
-
хлоропластар (көк 
жапырақ клеткасында 20
-
100 болады). Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат 
– 
клетка ішіндегі арнайы органелла
-
хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен 
көк
-
жасыл балдырларда тилакоидтер. өсімдік фотосинтез процесінің негізі 
– 
тотығу
-
тотықсыздану. Мұнда квант энергиясы әсерінен 4 электрон мен протон су дәрежесінен 
(оның тотығуы) углевод дәрежесіне дейін көтеріледі. (СО2
-
ның тотықсыздануы). Сөйтіп 
углеводтар фотосинтезі былай өтеді: СО2+Н2О С(Н2О)+О2+120 ккал/моль яғни СО2
-
ның бір молекуласының углевод дәрежесіне дейін тотықсыздануының бос энергиясы 120 
ккал/моль болады. Демек, өсімдік фотосинтезі кезінде кем дегенде 3 квант («қызыл» 
кванттар энергиясы 40 ккал/моль) сіңірілуі қажет. әр түрлі жағдайда жасалған тәжірибе 
СО2
-
ның әр молекуласының тотықсыздануына 8

10 квант қажет екенін көрсетті. 
Көмірқышқыл газ да, су да, жарықты тікелей сіңірмейді, бұл қосылыстардың квантпен 
байланысқа түсуін хлоропласт не хроматофор структурасындағы хлорофилл а қамтамасыз 
етеді. Фотосинтездің биосферадағы маңызы да үлкен. Жер жүзіндеге, мысалы, көміртек, 
суттек, оттек, сондай
-
ақ N, S, P, Mg, Ca т.б. элементтер айналымы процесіне қатысы бар. 
Жер қалыптасқаннан бері фотосинтез нәтижесінде маңызды элементтер мен заттар 
бірнеше мың рет толық цикл айналымынан өткен. өсімдік өнімін арттырудың бір жолы 

өсімдіктің фотосинтездік әрекетін үдету. Бұл үшін жапырақ көлемін үлкейту, жапырақ 
тіршілігін ұзарту, егістіктегі өсімдік жиілігін реттеу керек. СО2, ауа, су, топырақтағы 


қоректік элементтер жеткілікті болуы қажет. Фотосинтез аппаратының активтілігі 
жапырақтың анатомиялық құрылысына, фермент жүйесі активтілігіне, көміртек 
метабализмі типіне байланысты болады. өсімдік селекциясының, яғни СО2 
ассимиляциясы тез жүретін өсімдік сорттарын шығарудыңда үлкен маңызы бар.
Фотосинтез. Өсімдіктердің көміртегімен қоректену типтері. Фотосинтез, 
фотосинтездің жалпы теңдеу. Фотосинтездің ашылу тарихы және зерттелуі. 
К.А.Тимирязев жұмыстарының маңызы. Фотосинтездің космостық ролі, осы процесстің 
масштабы. Жапырақтың фотосинтез органы ретінде құрылысы. Көмір қышқыл газы 
диффузиясы жолындағы ішкі және сыртқы қарсылықтар. Хлоропласттар және олардың 
фотосинтез процесіндегі ролі. Жапырақ пигменттері. Пигменттер жарық қабылдауын 
қамтамасыз ететін зат екендігі. Пигменттерді бөлу әдістері. М.С.Цвет жұмыстары. 
Хлорофиллдер, олардың химиялық қасиеті. Хлоропласттардың хлорофиллдің күйі. 
Хлорофиллдің физикалық қасиеті. Флуоресценция. Хлорофиллдердің сіңіру (жұту) 
спектрлері.
 
Каротиноидтер, олардың химиялық құрылысы, сіңіру спектрлері, түзілу 
жағдайлары. Каротиноидтердің физиологиялық ролі. Фикобиллиндер, олардың химиялық 
құрылымы, сіңіру спектрлері. Фотосинтездердің энергиясы. Күн спектрінің әр түрлі 
бөліктеріне сипаттама. Күн спектрінің әр түрлі бөліктеріндегі фотосинтез процесінің 
маңызы. К.А.Тимирязев жұмыстары және басқа зерттеушілер. Фотосинтез процесіндегі 
кванттық шығын, фотосинтездің фотофизикалық этапы. Жарық кванттарын сіңіру және 
хлорофиллдің қозуы. Қозудың синглеттік және триплеттік деңгейлері. Қозу күйін 
дезактивизациялау мүмкіндігі. Қозу энергиясын тасымалдау. Реакциялық орталық және 
пигменттік система туралы түсінік.
Афтотрофты және
гетеротрофты жасушалар.
Пластикалық (анобализм) алмасу сипатына сәйкес табиғаттағы барлық жасушалар 
екі топқа бөлінеді. Хлорофилі бар өсімдік жасушаларының тірі табиғат үшін маңызы өте 
зор, себебі онда өзіне тән ерекше әрекеттер (процестер) жүріп жатады. Ол әрекеттер 
фотосинтез деген атпен ғылымға әйгілі. Фотосинтез дегеніміз күн сәулесі энергиясын 
химиялық байланыстар энергиясына айналдыратын күрделі механизмді әрекет.
Тынысалу және фотосинтез
Ағзалар тыныс алғанда қоректік заттар толық ыдырау үшін оттегі қажет екендігі 
баршамызға белгілі. Тынысалудың ең соңғы өнімі 
– 
көміртегі оксиді су жене бос энергия. 
Бұл соңғы өнімдер 
— 
фотосинтезге кажеттi негiзгi косылыстар болып табылады. 
Сондьктан, тынысалу фотосинтез кезiндегi энергияны жоққа шығарады. Алайда

тынысалу кезiнде жұмсалған пайдалы энергия фотосинтез кезiндегi алынған күн 
энергиясынан аз болатындығын төменгi тiзбектен көруге болады.
Энергияның ең көбi 
— 
күн сәулесiнiкi, коректiк заттар одан аз, ең азы кемiртегi 
оксидi, су жене оттегi. Фотосинтез кепсатылы күрделi әрекет. Мұнда күн сәулесi 
энергиясын химиялык байланыс энергиясына айналдыруда басты рөлдi хлоропластар 
атқарады. Пластиттердiң үш түрге бөлінетіндігi белгiлi, олар: лейкопластар, хромопласт 
жене хлоропласт. Бул үшеуiнiң де негiэi 
— 
строма
деп аталатын ақуыз. Ал, фотосинтез 
әрекетi хлорофилл пигментi (жасыл түс беретiн) бар хлоропласт жасушасында жүредi. Ол 
үшiн хлоропласт жасушасының құрылысымен танысайык.
Хлоропластың құрылысы. Биологиядағы барлык органоидтар сияқты, хлоропластың 
құрамы
оның қыэметiне сай күрделi болады. Хлорофилдер көк және қызыл түсті 
сәулелерді жұтып, жасылды шағылыстырады. Ол сәуле хлоропласт жасушасын жасыл 
етіп көрсетеді.
Хлоропластарда хлорофилдерден басқа сары, коңыр, кызғылт сары түстi 
каротиноидтар болады. Ол пигменттер ұзындығы баска толкындағы сәулелердi 
шағылыстырып, өз энергиясын хлорофильдерге берiп, фотосинтездiң жүрiсiн тездетедi. 
Каротиноидтар жасыл хлорофилдермен бүркенiп, көрiнбейдi, бiрақ күзде, хлорофилдер 


бұзылганнан кейiн, оның жарқыраған түсi көрiнедi. Сондықтан да күзде жапырақтардың 
түсi сары жене кызғылт көрiнiс бередi.
Хлоропластағы хлорофилл пигментi граналарда орналасқан. Граналар бiрiнiн үстiне 
бiрiн жинап қойған күмiс акша сияқты тақташалардан тұрады. Тақташалар өзара 
шұрықтармен байланысады да, ал фотосинтез әрекетi бүкiл хлоропласт жасушасында емес 
осы граналарда жүредi.
Кейбiр фотосинтезге қатысатын молекулалар мен пигменттер хлоропластағы 
фотосинтетикалық 
кабықшаны 
құрастыруға 
қатысады. 
Фотосинтетикалық 
қабықшалардың строма немесе хлоропластың негiзгi заты қоршайды. Строманың өзi 
хлоропласт жене жасушаның цитоплазмасын бөлетiн қабықшадан тұрады. Фотосинтез 
әрекетi кезінде, АДФ
-
тiң ағзаларда атқаратын рөлi зор. АДФ 
— 
ағзалар деп отырғанымыз 
АТФ синтезiне Н 
— 
қоймасындағы энергияны пайдаланатын ферменттер. 
Сұрақтар:
 
1.
Фотосинтездің ашылуы мен зерттелу тарихы.
2.
Фотосинтез энергетикасы.
3.
Фотосинтездің жарық реакциялары.
4.
Фотосинтездің фотофизикалық кезеңі.
5.
Фотофосфорилдену химизмі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет