№ 5 дәрістің тақырыбы: Мәтін талдаудың лингвистикалық категориялары.
Мәтін категориясы - линвистикалық категория.
Мәтіндегі грамматикалық категория.
Дәрістің мақсаты: Мәтіндегі тілдік құралдардың қызметін түсіндіру.
Мәтін категориясы лингвистикалық категорияға жатады. Сондықтан тлдік ұғым ретінде ол тілдік категорияға негізделеді. Мәтін - тілдік құралдардың негізінде фонологиялық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деңгейдің белгілі бір жүйеде қызметі көрінетін, толығымен мәтінде көзге түсіп, қызмет ететін тұстарының өніршеңдігін байқататын тілдік бірліктердің ұйымдасқан түрі. Мәтінге талдау жасау арқылы тілдің құрылысы, заңдылықтары мен қызметі айқындалады.
Жалпы мәтіннің құрылысы семантикалық ақпарларды ғана жеткізетін сөйлемдер жиынтығы емес. Сөйлемдер, әдетте бізге белгілі күрделі компоненттер арқылы сөз, сөз тіркесі, грамматикалық комплекстер арқылы: түбір, атауыштар, етістіктер, олардың категориялары күрделі сөздер, фразеологизмдерден құралады.
Мәселен, морфемалар, фонетикалық компоненттер - сөйлем болу үшін тек қажетті құралдар ғана емес, бүкіл мәтінді құрайтын яғни, мәтін ішіндегі ең басты доминант компонент сөйлем болып табылады. Сондықтан мәтіннің лингвистикалық анализі тек сөйлемді жан-жақты грамматикалық синтаксистік зерттеу ғана емес, тілдік единицалардың мәтін түзудегі жүйесі, бірлігі мәтін категориясын зерттеудің олардың пәрменділігі деп ұғынылады.
Мәтін категориясы не деген сұраққа оның жасалуы мен жүйесі, мәтіннің лингвистикалық маңыздылығы жауап береді. Лингвистикалық мәтіннің міндеті грамматикалық категориялар жүйесіндегі мазмұндық және формальдық единицасын осы саладан табу және жасау. Мәтін категориясын жүйелеу лингвистикадағы ең күрделі еңбек.
Мәтіннің лингвистикалық категориясы деген ұғым тілідік ұғым ретінде - тілдік категорияға негізделеді.
Мәтін - сөйлеудің сегменті болғандықтан, адамның сөйлеу ерекшелігінде жеке сөйлемге қарағанда, мәтінде айналаны қоршаған шындық ішкі байланыс, қоршаған ортаның бейнеленуі сөйлеуші сөзінде тұтас қамтылады. Ал жеке сөйлемдерде жүйелі түрде қайталанатын қалыптасқан орта, тіршілік үстірт ғана көрінеді.
Автор өзінің ұғымы бойынша қоршаған орта болмысын қабылданған тілдік құралдармен жеткізеді. Бұл лингвистикалық категорияның формальдік жаға делінеді.
Лингвистикалық категорияның түрі мен мазмұны олардың арақатынасына байланысты. Семантика - синтаксистік негізбен тілдік единица байланысының өзара жақындығынан көрінеді. Мәтін категориясының құрылымын белгілейтін тілдік құралдардың қабілеті (белгілі бір стильде көрінетін) ақпарды жеткізуде лингвистикалық категорияның функционалдық жағы көрінеді. Мәтін адамның сөйлеу әрекетінің жемісі болғандықтан, мәтін тек лингвистикалық мағынамен қатар, ұғымдық категориялармен бірге, (грамматика, логика), онтологиялық (философиялық) категориямен байланысты. Жалпы лингвистикалық категория ғылымның көптеген салаларымен тығыз байланысты.
Мәтін түрлерінің лексика және грамматикалық айқындығы болады. Әр лексикалық единицаның мағыналық және грамматикалық қолданыс түрлерінің мәтін түзудегі ықпалы айқын көрініп тұрады.
Көркем шығарманы жазушы - шығарма - оқырман деген бірлік байланыстырып тұрады. Осының негізінде коммуникацияның үш тағаны: жазушы - шығарма - автор шығады. Көркем мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеуші шығарманың құрылысы, категориясымен қатар, оқушы үшін автордың түпкі ойын мәтінде берілген максималды информациясынан білу керек. Көркем мәтін басқа мәтіндерге қарағанда эстетикалық қарым - қатынасты көрсетеді, түрлі сөйлеу тәсілдері арқылы құралған коммуникативтік қызметі біріңғай формамен мазмұндап беріледі.
Мәтін зерттеушілердің пікірінше, көркем мәтін лингвистикасы нысаны ретінде тікелей соған тән белгілі бір категориялар бар:
Олар: 1. Грамматикалық категория.
Мағыналық категория.
Грамматикалық категорияға: И.Р.Гальпериннің айтуынша континум (жалғастыру), ретроспекция (қайталап отыру), проспекция (болашақ жоспары), модальдық (үлгі), интеграция (қосылу) және аяқталғандық сияқты сипаттар енеді.
Мағыналық категорияға: персонаж, уақыт, кеңістік, хабардың түп дерегі, автор образы, оқушы образы жатады.
Бақылау сұрақтары:
Мәтін категориясы дегеніміз не?
Мәтіндегі грамматикалық және мағыналық категориялардың қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |