Әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін ғылым саласы туралы айтыңыз



бет1/7
Дата02.09.2023
өлшемі67,03 Kb.
#105911
  1   2   3   4   5   6   7

Блок 1

1

Әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін ғылым саласы туралы айтыңыз.
Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының” да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті. Негізгі салалары – әдебиет теориясы, тарихы, сыны. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар (қазақ әдебиеті теориясы).



2

Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелердің 3 циклін түсіндіріңіз.

  1. Қаламгердің өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктері жөніндегі ілім; шығарманың көркемдік образдылығы, эстетикалық идеал, дүниетаным және әдеби творчествоның өзін тұтастай алғанда -оның халықтығы, шыншылдығы мен шынайылығы жөніндегі ұғымдар қарастырылады.

  2. Шығарманың әдеби көркемдік құрылымы; шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен характер, сюжет пен композиция, өлең құрылысы, әдеби тіл мен стиль мәселелері қамтылады.

  3. Әдеби процесс жөніндегі ілім. Жалпы көркемдік дамудың тарихтық сипаты, әр дәуірдегі бағыт-бағдары, әдеби ағымдар мен әдістер, жанрлар мен жанрлық түрлер талданып, тексеріледі.

3

Көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейтін ғылым саласы туралы айтыңыз.
Әдебиет тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атамзаманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Мұның өзі Қазақстанның жоғары оқу орындары соңғы отыз жыл бағдарында тұрақты оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан “Сөз өнерінде” бір ғана өлең эволюциясы арқылы дәлелденеді: “[[Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым]]” деп келетін Орхон жазуындағы жырлардың қазақша аудармасын бүгінгі биік талғаммен өлшесек, эстетик. құны онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің 15 ғасырладағы белгілі Доспамбет жыраудың: “[[Ағарып атқан таңдай деп, шолпанды шыққан күндей деп, май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп, ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз]]” деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқаймыз да, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз. Осының бәрін тек әдебиеттің тарихы арқылы ғана танып-білуге болады. Бірақ бұл қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана.

4

Әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, әдеби туындыны жан-жақты талдайтын ғылым саласының ерекшелігін түсіндіріңіз.
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы — қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің анықтауынша “сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы — тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби сын — қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика. Ал эстетика — әдемілік туралы ілім болуының үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы арада жатыр.

5

Әдебиеттің өзге ғылым салаларымен байланысын айтыңыз.
Бұл күндері әдебиетті әдебиет теориясының негізінде өзара орайластыра отырып, коплексті түрде зерттеудің өзі бірқатар күрделі пәндерге тікелей қатысы бар деп атап көрсетеді Айгүл Ісмақова. Нақтырақ айтқанда әдебиет теориясы эстетика, өнер теориясы, философия, тіл білімі, т.б. ғылымдармен байланысты. Философия, эстетика, герменевтика ә.т. әдіснамалық негіз болса, фольклористика, өнертану зерттеу міндетттері мен нысаны тұрғысынан жақын, ал тарих, психология, әлеуметтану жалпы гуманитарлық бағыты жағынан ұқсас болып келеді.

6

Ұлттық әдебиеттің ежелгі дәуірдегі кезеңі туралы айтыңыз.
Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. "Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет" ұжымдық монографиясында қазақ әдебиетінің VI ғасырдан Х ғасырға дейінгі аралықты қамтыған кезеңі Тәңірлік дәуірі, X ғасырдан XII ғасырға дейінгі кезең Ислам дәуір әдебиеті, ал ХІІ ғасырдан бастап XV ғасырға дейінгі кезең Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталады. Тәңірлік дәуірдегі түркі жазба әдеби ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары, түркі және қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби шығармалар, түркімоңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, көне түркі әдебиетіне жататын Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет мұралары - "Қорқыт ата кітабы", құмандардың "Кодекс Куманикус" жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Ислам дәуір әдебиетіне Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" ("Құт әкелетін білім") еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ит-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдебипоэтикалық үзінділер енеді. ХІ-ХІІ ғасырлар түркі халықтарының жазба әдебиетінің туып, қалыптасуымен байланысты болса, әрі бұл аралық кезең қазақ халқының қалыптасуы алдындағы дайындық кезең болғандығын да ескеру керек.
Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы.

7

Қазақ әдебиеттану ғылымының ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы кезеңін түсіндіріңіз.
Қазақ әдебиеттану ғылымының бастауындағы ендігі бір белес пен мәнді арна – 8-9ғ. 9ғ соңына қарай феодальдық қарым-қатынастардың дамуына байланысты Ққазақстан жері мен Орта Азияда мәдениет пен ғылымның ықпалы артты. Оқу, білім, өнер, әдебиет – барлығы да араб тілі, араб мәдениетінің ықпалында дами бастады. Ежелгі грек ғалымдарының ілімдерінің таралуы ғылымды дамытса, араб поэзиясы әдебиеттің тарихи сабақтастық дәстүріне сай өсіп жетілуіне әсер етті. Хорезми, Бируни, Фараби, Ибн Сина, Қашқари Яссауи т.б. даналардың көркем шығармалары мен ғылыми зерттеу еңбектерінің әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихына тікелей қатысы бар. бұл ғалымдардың еңбектерінен 10-11ғ көркем әдебиеттің өркендеуіне орай туындаған әдеби туындылардың ояну дәуірін көреміз.

8

М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік» еңбегінің ғылыми құндылығын айтыңыз.
Түркі тілі тарихына үлкен бетбұрыс жасатып, қайта жазылып шығуына себеп болған, түркі тілдерінің бізге беймәлім қараңғы кезеңдерінен хабардар еткен Диуани л ат түріктің авторы М. Қашғари. Оның бұл еңбегі автор атын мәңгілікке өлтірмей, өзіне және зерттеушілерге сарқылмас қайнаркөз болатын тынысы кең шығарма. Оған түркі тілінің сөздігі деген ат қояды. Бұд жөнінде еңбекте: «Ммаған шексіз абырой, сарқылмас қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да оған бір Тәңірге сиынып, Диани лұғат ат түрік деп ат қойдым» дейді. Бұл еңбек ғылыми зерттеу деп бағаланады. Қашғари еңбегі арқылы әдебиетті ғылыми тұрғыда тану жолындағы талап-талғамның, таным-біліктің аса түскенін, әдеби мұраны жинап-жариялау ісін қолға ала бастаған ғылыми-зерттеушілік пікірдің алғашқы қадамдарын көреміз. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты зерттеуі тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге ол ежелгі түркі тілдері мен мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады. Біз үшін ең маңыздысы- біздің жыл санауымыздың бұрынғы қадым замандарда жасаған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түрік қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс-салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен афоризмдерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген. Қорыта айтқанда біз бүгінгі күнге М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты еңбегі арқылы табиғат, аңшылық, ерлік-батырлық жайындағы өлең-жырларға, сондай-ақ жоқтау, мақтау сияқты тұрмыс салт өлендерін, мақал- мәтелдерді аңғарамыз.

9

ХІХ ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты ой-тұжырымдарды түсіндіріңіз.
ХIХ ғасыр - қазақ көркем әдебиетінің ерекше дамыған кезеңі. Бұл күнде ақындар мектебі өмірден берік орын тебеді, әдеби жанрда бел алады. Ақындардың ішінде даңқтары қазақ даласының көп жеріне жайылғандары да, өз өлкесіне ғана танымал болғандары да бар, әлеуметтік-азаматтық тақырыптарды кеңінен жырлап, биікке көтерілгендері де, ауыл арасындағы қарым-қатынастарды жырлаудан аса алмағандары да болды. Қысқасы, қазақ қауымы ХIХ ғасырдың өн бойында жасап өткен едәуір көп сөз зергерлерін біледі. Бұлардың идеологиялық бағыттары мен дүниеге көзқарастары әр қилы болғаны түсінікті. Дегенмен көпшілігіне тең ортақ белгі – өмірге қоян-қолтық араласу, адам мен қоғам тіршілігін жырлау, айналаны сөз ету болды. Жалпы өсиет сөз айтатын дидактикалық толғаулар ығысып, орнын кең әлеумет өмірінен бастап, тар аумақтағы күнделікті тұрмыс жайттарына дейінгі тақырыптарды жырлаған өлеңдер басады. Соған лайық көркем әдебиет тілі де әртүрлі белгілерге ие болады. ХІХ ғасырда жазба әдебиет туғанын М.Әуезов те нығыздай айтты.
М.Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар әлеуметшілдік, азаматтық бағыт әкелгенін айтты.
ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай тұжырым жасады. ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды.
С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінде Айтысқа айрықша тоқталды. Айтыс- ХІХ ғасырда жасаған әдебиет үлгілерінің бір түрі. Мұқанов жіктеуінде, бөлуінде (1942ж) сыншыл реализм атауы жоқ, Абай дәуіріндегі әдебиетті мәдениетке үндеу деп бөледі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары Х. Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Бердібаев, М.Мырзахмедов. М. Мағауин, А. Жақсылықов, Б. Омарұлы т.б ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.
ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер, сатира, айтыс түрлері қатар жасады.

10

19-ғасырдағы классикалық мұраны игерудегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің танылуы туралы айтыңыз.
3 бағытта танылды:
Ғылыми бағалаушылық мәні бар ой-пікірлер. Әдеби мұраны жинап, жариялау, кітап етіп бастыру жолындағы ізденістер. Ғұмырнамалық сипаттағы зерттеулер.
Шоқанның еңбегінде тарихи-мәдени мектептің тарихилық принципі айқын көрініс тапты. Сол арқылы әдеби мұраны зертттеу барысында ұлттық ғылыми-зерттеушілігі әдебиет тарихы деген ұғымды алғаш тудырды. Ыбырай «Қырғыз хрестоматиясы» арқылы әдебиеттің қоғамдық мәні туралы ғылыми ұғымды кеңейтті.
Зерттеушілік ой-пікірдің дамуына қазақ баспасөзінің сіңірген еңбегі зор болды. Әсіресе, әдебиеттану ғылымында академиялық зерттеу мектептері қалыптасқан елдердің зерттеу еңбектерімен қатар қоюға болатын алғашқы ғылыми сипаты бар мақалалар да жазыла бастады. Оған Ә. Бөкейхановтың «Қобыланды батыр жырындағы әйелдер» деген мақаласын жатқызуға болады. Бұл – ұлттық әдебиеттану ғылымының арғы бастауларынан бері келе жатқан ғылыми ізденістер жолында нақты бір көркем шығарманы тұтастай алып талдаған еңбек. Үлкен жаңалық болып табылады.

11

ХХ ғ. басындағы әдеби мұраға ғылыми тұрғыда қарау тенденциясы қалыптаса бастағандығы туралы түсіндіріңіз.
20ғ басында қазақ зиялыларының фольклорлық мұраны игеру саласындағы еңбектерінің арқасында филологиялық білімдер жүйесі кеңінен таралуы анық байқалды да, ғылыми тұрғыда қарау тенденциясы қалыптаса бастады. Ғылыми түсініктер мен ұғымдарды меңгере бастаған эстетикалық таным-білік, зерттеушілік мәнге ие болуға ұмтылды, сыншылдық ой-көзқарас белгілі бір шығарма немесе мәселе төңірегінде нақты пікір білдіре бастады. Бұл істе қазақ баспасөзінің қосқан үлесі де аз емес. «Түркі уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты газеті» әдеби мұраларды молынан жариялады. Әдібиеттану ғылымы да әр халықта өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен қалыптасты. Жинау, жариялау, кітап басып шығару, мақалалар жазу секілді жалпы мәндегі жұмыстарды ғылыми тұрғыда жүйелеу, әдеби талдауға апаратын жолдар бастау алды. Оны біз Шоқан, Ыбырай, Абай, Бөейханов сияқты ұлы тұлғалардың шығармашылық мұрасындағы ғылыми зерттеу еңбектерінен көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет