№7 дәріс тақырыбы: Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата29.10.2022
өлшемі422,3 Kb.
#46128
түріДиплом
  1   2   3   4   5


№7 дәріс тақырыбы: Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы 
Жоспары: 
1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының қандай түрлерін білесіз? 
2. Курстық және дипломдық жұмысты жазудағы студенттің мақсаты не? 
3. Курстық және дипломдық жұмысты жазу қандай кезеңдерден тұрады? 
4. Курстық және дипломдық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне 
қойылатын талаптарды білесіз бе? 
5. Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері қандай? 
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы  алынған білімдерді, біліктер 
мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді
мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. 
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық 
және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін 
шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. 
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарының түрлеріне: ғылыми баяндамалар, рефераттық 
жұмыстар, зертханалық және практикалық тапсырмалар, эксперимент 
жүргізу, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар жатады
Ғылыми баяндамалар дәрісханада оқылатын немесе мақала ретінде 
жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының 
мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. 
Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей 
типтерге бөлуге болады: 
1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың 
мазмұнын қысқаша баяндайды. 
2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми 
әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар
түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы 
келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады. 
 
Зертханалық және практикалық жұмыс кез-келген пән бойынша 
белгілі бір сұрақтарды немесе міндеттерді шешу барысында студенттер 
жүргізетін жеке, топтық, ұжымдық іс-әрекет. 
Эксперименттік жұмыс нақты жағдайды есепке ала отырып
педагогикалық үдерісті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін 
ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке сүйеніп, зерттеуші оқу-
тәрбие үдерісінің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін, формаларын
мазмұнын тексере алады. 
Эксперимент (лат. eksperimentum - тәжірибе ) ежелден қалыптасқан 
ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент алғашқы 
кезде адамдардың қоршаған ортаны бақылау, танып білулерінен бастау 
алды. Ол бақылау әдісімен тығыз байланысты. Алайда эксперимент пен 


бақылау бір нәрсе емес. Эксперимент барысында зерттеуші құбылысты жай 
ғана бақылап қоймай, сол құбылыстың өзгеруіне де мүмкіндік береді. 
Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін 
танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын 
қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты студенттердің логикалық 
ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, 
ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен 
ұштастыра білу мүмкіндігін практикада қолданып, қалыптастыру. 
Студенттердің университетте орындайтын ең негізгі ғылыми 
жұмысының бірі – курстық жұмыс. Курстық жұмысқа жетекші пән бойынша 
сабақ беретін оқытушылардан тағайындалады. Ғылыми жетекші курстық 
жұмыстың тақырыбын, кеңес беру кестесін, жұмысты орындаудың 
күнтізбелік жоспарын, қорғау күнін бекітеді; жұмыстың орындалу барысын 
қадағалайды, бақылайды.
Ғылыми жетекшінің негізгі міндеттері:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет