№7-Дәріс Тақырып: Адамзат тарихындағы білім беру мақсаттарының алуан түрлілігін зерттеу: тұжырымдамалар мен модельдер



бет1/5
Дата19.10.2023
өлшемі138,63 Kb.
#119682
  1   2   3   4   5

№7-Дәріс  

Тақырып: Адамзат тарихындағы білім беру мақсаттарының алуан түрлілігін зерттеу: тұжырымдамалар мен модельдер

ЖОСПАР:

  • Тәрбиенің мақсатын нақты тарихи құбылыс және оның әлеуметтік жағдайы ретінде зерттеу
  • Педагогика тарихындағы тәрбиенің гуманистік мақсаты ретінде тұлғаның жан-жақты және үйлесімді даму ұғымының мәнін талдау: әртүрлілік және иерархия
  • Біртұтас педагогикалық үдерістің жүйе құраушы факторы ретінде тәрбие мақсатын ашу
  • Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамалары мен модельдері: жалпы және ерекше
  • Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа моделінің негізі ретінде

1.Тәрбиенің мақсатын нақты тарихи құбылыс және оның
әлеуметтік жағдайы ретінде зерттеу
  • Мақсат дегеніміз алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, оны іске асыруға әрекет ету. Мақсат жас ұрпақтың болашағын алдын-ала ойластырып, оларды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмысының нәтижесінде жеке адамға тән сапалық қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
  • Тәрбие мақсаты– педагогиканың ең маңызды мәселесі. Тәрбие мақсаты– ол педагогикалық процесс пен қоғамдылық қажеттілігіне, қоғамның бетбұрысына қарай өзгеріп отырады және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығы мен тәрбиеленушінің көздеген мұратына қол жеткізуіне байланысты келеді.
  • Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.

Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді


дененің физиологиялық жетілу заңдылығы;
адамның психикалық дамуы;
философиялық - педагогикалық ойдың жетістігі;
әлеуметтік ортаның үнемі қоғамның
мүддесіне орай өзгеріп отыруы.

Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар-


мақсатты құрастыру;
оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу.

Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет