Глоссарий Идентификатор Математикалық модельдер Физикалық модельдеу Физикалық модель Натурал модельдер Аналогтық модельдер Сандық модель Идентификатор Identifier
Идентификатор (Identifier) - операциялық жүйе немесе программалау тілі элементтеріне атау ретінде қойылатын лексикалық бірлік. Ол берілген бір мәліметке не олардың тобына қойылады, ал өзі латын әріптері мен цифрлардан тұратын, бірақ міндетті түрде әріптен басталатын символдар тізбегінен құралады. Кейбір тілдерде #, &, -, _ тәрізді өзге символдар және ұлттық әріптер пайдаланыла береді.
Математикалық модельдер-зерттелетін құбылысқа тән негізгі тәуелділіктер мен байланыстарды түсінеді. Олар формулалар немесе теңдеулер, математикалық формада бейнеленген ережелер немесе келісімдер жиынтығы болуы мүмкін. Математикалық модель жүйені абстрактілі тіл арқылы, жеке жағдайда, жүйенің жұмыс жасау үрдісін бейнелейтін математикалық қатынастар көмегімен формаланған сипаттау болып табылады
Физикалық модельдеу - математикалық модельдердің және осы модельдердің жылдам қимылды есептегіш машиналардағы есептеулерінің көмегімен физикалық құбылыстарды зерттеудің тәсілдері.
Физикалық модель-деп оригиналға эквивалентті немесе ұқсас жүйені, немесе жұмыс жасау үрдісі оригиналдағыдай және физикалық табиғаты дәл сондай немесе басқа болатын жүйені атайды.
Натурал модельдер - ол нақтылы зерттелетін жүйелер. Оларды макет немесе тәжірибелік үлгілер деп атайды.
Масштабтық модель - ол физикалық табиғаты оригиналдың табиғатымен бірдей, бырақ одан айырмашылығы масштабта болатын жүйе. Масштабтық модельдің әдістемелік негізі ұқсастық теория болып табылады.
Аналогтық модельдер-деп физикалық табиғаты оригиналдан өзгеше бырақ оригиналмен жұмыс жасау үрдістері ұқсас жүйелерді атайды.
Аналитикалық модел -деп белгілі бір математикалық аппаратты пайдалана отырып, теңдеу шешімін айқын түрде алуға мүмкіндік беретін жүйенің формаланған сипатталуын атайды.
Сандық модель-нақтылы бастапқы шарттар мен модельдің сандық параметрлері үшін тек жеке сандық шешімдерін табуға мүмкіндік беретін тәуелділікпен сипатталады.
Имитациялық модель -ол жүйенің сипатталуы мен сыртқы әсерлердің, жүйенің жұмыс жасау алгоритмдері немесе сыртқы және ішкі бөгет әсерлердің ықпалынан жүйе қалып-күйінің өзгеру ережелер жиынтығы.