8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Көрнекілік  Оқулықтың 112 бетіндегі Кенесарының ата-бабасының кестесі, 113-беттегі  Кенесары Қасымұлының бейнесі. Мақсатты айқындау



Pdf көрінісі
бет50/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128
Көрнекілік 
Оқулықтың 112 бетіндегі Кенесарының ата-бабасының кестесі, 113-беттегі 
Кенесары Қасымұлының бейнесі.
Мақсатты айқындау
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының қазақ жерлерінің 
Ресейден дербестігін, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын орнықтыруды, 
оңтүстіктегі Қоқан хандығы қоластындағы қазақтарды азат етуді, қазақтар 
мекендейтін аймақтарды біріктіруді көздеген ХІХ ғасырдағы ең үлкен 
көтеріліс болғанын көрсету.
дамытушылық бағыттар. Кенесары бастаған осы көтерілістің қазақтар 
санасында терең із қалдырып, оның кейінгі қазақтардың азаттық жолындағы 
күрестерінде басты бағдар болғанын айқындау.
Тәрбиелік мақсаты. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс-
қа қатысқан тарихи тұлғалардың және қазақтың ең соңғы ханының 
мемлекетшілдігінің, ерліктері мен батырлықтарының негізінде оқушылар 
бойында отаншыл, халықшыл қасиеттерді қалыптастыру.
сабақтың деректік материалдары
Мұғалім сабаққа дайындап әкелген оқу жоспарына сәйкес Кенесары 
Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептерін, барысын 
баяндай келе, тарихи тұлға және саясаткер ретінде Кенесары Қасымұлының 
бейнесіне тоқталады. Ондағы Кенесарының өзінің алдына қойған мақсаты 
әңгімеленеді. Көтерілістің басталуы туралы айта келе, мұғалім бұл көтерілістің 


47
бүкіл қазақ даласын қамтығанын 19 ғасырда қазақ даласындағы ең үлкен 
көтеріліс болып табылатынын көрсетеді. Көтерілістің шешуші кезеңге өтуі 
арнайы әңгіме болады. Онда Кенесарының амалсызды Арқа даласын тастап, 
Ұлы жүзге қоныс аударуы, оның себептері, Қоқан хандығының күшімен 
қайшылықтар, көтерілістің жеңілуі және тарихи маңызы нақта деректер 
негізінде қызықты да тартымды тілмен сипатталады. Оқушылар үшке бөлініп 
жұмыс істейд». Алғашқы топ көтеріліс басталған аудандарды картаға түсіреді. 
Екінші топ Кенесары Қасымұлының жеке басына қатысты оның ерліктерін, 
қайраткерлігін сипаттайтын эссе жазады. Үшінші топ көтерілістің жеңілу 
себептерін және тарихи маңызын тезистер түрінде талдап, жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет