8билет Шығыс Еуразияның егінші және бақташы тайпаларының энеолиттiк мәдениеттері туралы сипаттаңыз



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі21,82 Kb.
#122746
  1   2   3
Байланысты:
8билет


8билет

  1. Шығыс Еуразияның егінші және бақташы тайпаларының энеолиттiк мәдениеттері туралы сипаттаңыз.

Шығыс Еуразия кеңiстiгiнде энеолит мәдениетi Оңтүстiк Украина мен Молдовада, Орта Азияның оңтүстiгiнде жақсы зерттелген. Украина, Малдова, Румыния мен Болгарияның Карпат-Дунай аймағыны триполь-кукутени деп аталған энеолиттік мәдениет таралған жерлер. Осы мәдениетке жататын ескерткіштерді зерттеудің үлкен тархы бар. Мәдениеттің ерте, орта және кейінгі деп аталған үш кезеңі мен жекелеген хронологиялық мерзімдегі жергілікті вариантары белгілі. Үлкен аймаққа таралған энеолиттік қоныстар бірқатар өзіндік ортақ белгілері бойынша топтастырылады. Олар таспен қатар мыс құралдардың пайда болуы, кетпенді егіншілік пен үйде мал асыраудың басымдылығы, сырты безендірілген ыдыстардың, балшық үйлердің болуы мен егіншілікке табыну. Зертелген қоныстардың 150-ге жуығы мәдениеттің ерте кезеңіне жатады. Ең бастапқы кешендерде сыртына сурет салынған ыдыстар кездеспейді. Алғашқы кезеңнің қоныстары Трансильвани, Карпат бауырайлары, Прут өзені өңірі мен Орталық Малдовада таралған. Днестрдің бойында орналасқан Флорешты, Александровка І, Лука-Врублевецк және Бернашовк қоныстарында жүргізілген қазбалар нәтижесі триполь-кукутение мәдениеті Карпат тауының шығыс бауырайлары мен Оңтүстік – Шығыс Трансильвани өңірін б.з.д. Ү-ІҮ мынжылдықта мекендеген мәдениет негізінде қалыптасқан.
Трипольдық мекендердің тұрғындарының негізгі кәсібі кетпенді егіншілік. Шығыс Еуразия кеңiстiгiнде энеолит мәдениетi Оңтүстiк Украина мен Молдовада, Орта Азияның оңтүстiгiнде жақсы зерттелген. Украина, Малдова, Румыния мен Болгарияның Карпат-Дунай аймағыны триполь-кукутени деп аталған энеолиттік мәдениет таралған жерлер.Мәдениеттің ерте, орта және кейінгі деп аталған үш кезеңі мен жекелеген хронологиялық мерзімдегі жергілікті вариантары белгілі. Үлкен аймаққа таралған энеолиттік қоныстар бірқатар өзіндік ортақ белгілері бойынша топтастырылады. Олар таспен қатар мыс құралдардың пайда болуы, кетпенді егіншілік пен үйде мал асыраудың басымдылығы, сырты безендірілген ыдыстардың, балшық үйлердің болуы мен егіншілікке табыну. Зертелген қоныстардың 150-ге жуығы мәдениеттің ерте кезеңіне жатады. Ең бастапқы кешендерде сыртына сурет салынған ыдыстар кездеспейді. Алғашқы кезеңнің қоныстары Трансильвани, Карпат бауырайлары, Прут өзені өңірі мен Орталық Малдовада таралған. Днестрдің бойында орналасқан Флорешты, Александровка І, Лука-Врублевецк және Бернашовк қоныстарында жүргізілген қазбалар нәтижесі триполь-кукутение мәдениеті Карпат тауының шығыс бауырайлары мен Оңтүстік – Шығыс Трансильвани өңірін б.з.д. Ү-ІҮ мынжылдықта мекендеген мәдениет негізінде қалыптасқан.
Трипольдық мекендердің тұрғындарының негізгі кәсібі кетпенді егіншілік. Дән қалдықтары, бидай, арпа, тарының сабақтары мен қауашақтары және олардың іздері үй салуға пайдаланылған балшықтарда қалған.
Трипольдықтардың егіншілікке қатысты идеологиялық түсiнiктерi ыдыстарының сыртын салынған суреттерде айқын көрiнiс тапқан. Ыдыстардың сыртындағы күрделi де тұрақты өрнектер дiни мағана берiп, олардың айнала қоршаған орта мен кеңiстiк жайлы түсiнiктерiн аңғартады. Өрнектерде көбiне жаңбыр мен жел, күн мен түн, жыл мезгiлдерiнiң ауысулары бейнеленедi. Сонымен қатар, жануарлар, өсiмдiктердiң жапырақтары, жер жырту мен егiн салу секiлдi шаруашылық көрiнiстерi де суреттелген. Балшықтан кейде сүйектен жасалған энеолиттiк әйел бейнелерi оларды береке мен құнарлылық құдайы ретiнде дәрiптегендiктi сездiредi. Осы дәуiрге жататын триполь мәдениетi өкiлдерiнiң кетпендi егiншiлiк және үй маңындағы бақташылықпен айналысқаны анықталып отыр. Дәлел ретiнде қазба кезiнде табылған әртүрлi дәндi дақылдардың қалдықтары мен егiншi лiкте пайдаланған еңбек құралдарын айтуға болады. Астық жинаған орақтардың тұтас тастан, мыстан және тiстерi микролиттерден құрастырылған түрлерi де кездеседi. Трипольдық мекендерден табылатын елік, бұғы, құндыз бен қоян секілді жабайы жануарлардың сүйектері аңшылықтың да қоғам өмірінде маңызы жойылмағандығын білдіреді.
қалдықтары, бидай, арпа, тарының сабақтары мен қауашақтары және олардың іздері үй салуға пайдаланылған балшықтарда қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет