Проксимал және дисталдiк бөлiмшелердiң арасындағы қан қысымының
айырымдарына тең. Қанның қысымы жүректiң қысымымен жасалып,
қантамырлардың серпiмдi – эластикалық қасиетіне тәуелдi болады.
Қан тамырлар жүйесінен қанның ағысын зерттеуші ғылымның бірі – гемодинамика. Бұл
физика ғылымының гидродинамика деген тарауының бір бөлігі болып есептеледі.
Термодинамика заңына сәйкес кез келген түтікшеден ағып өткен сұйықтықтың көлемі (Q)
трубаның (P
1
) басындағы және аяғындағы (P
2
) қысымның айырмашылығына тура
пропорционалды да, оның ағуғу қарсы кендергісіне кері пропорционалды:
Q= P
1
– P
2
/R;
Егер осы формуланы адамның қан тамырында ағатын қанның жүйесіне қоладанатын
болсақ бұл формула басқаша түрге айналады. Себебі, қантамырдың ең ақырғы жерінде,
былайша айтқанда, құыс венаның жүрекке құяр жеріндегі қан қысымы нөлге тең.
Сондықтан да теңдеу мынадай сипатқа ауысады: Q= P/R;
Q – 1 минуттегі жүректен ағып шығатын қанның мөлшері;
P – қолқадағы қанның орташа қысымы;
R – қан тамыры қабырғасы кедергісінің мөлшері.
Осы теңдеуден мынадай байланысты байқауғу болады. P = QхR, былайша айтқанда,
қолқадағы қанның қысымы(Р) жүректен 1 минутта атқып шыққан көлеміне және шеткі
қолқадағы кедергіге (R) байланысты. Ал ортадағы қан қысымын және қанның минуттік
қөлемін бірден өлшеп анықтауға болады. Осы көрсеткіштер белгілі болса, шеткі
кедергілерді де табуға болады. Ал шеткі тамырлардың кедергісі көптеген жеке-жеке
тамыр кедергілерінің жиынтығынан тұрады. Кез келген осындай қан тамырын трубаға
баламалап, Пуазейль формуласы бойынша, оның кедергісін анықтауға болады.
R = 8lh/nr
4
l – түтіктің ұзындығы (тамырдың);
h- одан ағатын сұйықтықтың (қанның) тұтқырлығы;
n- шеңбердің оның диаметріне қатынасы;
r -түтіктің радиусы (тамырдың).
Қан қысымы
Қан қысымы қан тамырларының әр бір бөлімінде әртүрлі:
1. Қолқада бәрінен де жоғары, с.б.б. 120-130 мм.
2. Орташа жуандықты артерияда қан қысымы – 100-110 мм-ге дейін төмендеп, қолқа мен
артериядағы қысым айырмасы қан тамыры қабырғасының кедергісін жеңуге жұмсалады.
3. Артериолаларда қан қысымы с.б.б. 70-80 мм, мұнда систолалық және диастолалық
қысым арасында айырмашылық жойылады.
4. Капиллярлардың артериялық бөлімінде қан қысымы с.б.б. 25-30 мм, капиллярлардың
веналық бөлімінде қан қысымы едәуір төмендейді - с.б.б. 6-15 мм.
5.Орташа жуандықтағы веналарда қан қысымы с.б.б. 9-12 мм, ал қуыс қос венада - -2; -4
мм.с.б.б. Жоғары, төменгі қуыс веналарда қан қысымы атмосфералық қысымынан төмен
болуы мүмкін, сондықтан теріс қысымды веналар жарақаттанған кезде одан қан сыртқа
ақпайды, керісінше оған ауа кіріп кетеді. Қан тамырына енген ауа көпіршіктері аса
маңызды ағзалардың қан тамырларын бітеп (эмболия) қан айналысын тоқтатады. Бұл
тіршілік үшін қан кетуден де қауіптірек.
Артериялық қысымның деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді.
Қан қысымының жоғыры көрсеткіші – гипертония деп, ал төмендегені – гипотония деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: